Бүгін Айтқазы Қарабалаевтың қатысуымен Тараз қаласының аумағындағы қылмыстық істер жөнінде арнайы жиын өтті.
Айтқазы Қарабалаев қала аумағындағы учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысы сын көтермейтінін айтты. Ол учаскелік полиция қызметкерлері өз аумақтарына қатысты тиянақты және сапалы жұмыстар атқаруы қамтамасыз етілуін талап етті.
Қала аумағындағы коммуналдық жүйелердің құдық қақпақтарының жаппай ұрлану мәселесі, оның ішінде 15 шағынауданы аумағында бір түн ішінде 228 құдық қақпақтарының ұрлану фактісі де аталды.
Жиынға Таразқаласы прокурорының м.а. — Б.Төлеуов, Тараз қаласының полиция басқармасы басшысы — А.Заурбеков, қала әкімінің орынбасары — А.Есеналиев, қала әкімінің аппарат басшысы — Д.Абдуқасымов, ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімше басшысы – А.Мейрхан, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысы — Ғ.Ералиев, Тараз қаласы әкімдігінің ТЖКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысы З.Тұрсынұлы, аумақтық округ бас инспекторлары, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметін көрсетуші мекемелер («Жасыл Ел-Тараз» ЖШС, «Сұлтанқазы» ЖШС, «Сәрсенбай» ЖШС, «Нұрлы-Тараз» ЖШС, ЖК «Махмудов Т.», ЖК «Баймуханбетов Б.», ЖК «Тазалық», ЖК «Жамбай») басшылары, Тараз қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкерлері және кәмелетке толмаған жастар ісі жөніндегі инспекторлар қатысты.