Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жұма, 16 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараздық 23 шебердің мыңнан астам бұйымдары көрмеге қойылады

    Тараздық 23 шебердің мыңнан астам бұйымдары көрмеге қойылады

    Мәдениет 12.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен облыс орталығында бой көтеріп келе жатқан «Шахристан» этно-мәдени орталығының құрылысының барысы пысықталды.

    Бұл этно-мәдени орталықта орын алатын бірнеше нысандар басқармалар мен қала әкімдігіне бөлініп берілген. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ендігі мақсат – орталықта орналасатын бірнеше нысандарды өздерінің қолданысына қарай безендіру жұмыстарын бастау.

    Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев дәл бүгінгі күнге дейін қандай жұмыстардың атқарылғандығын баяндап берді.

    Сондай-ақ, облыстық музейдің директоры Сейітжан Ілияс, облыстық туризм басқарасының басшысы Қарлығаш Арпалбеков өз жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, болашақта халық игілігіне жұмыс жасайтын орталықта қандай қызметкерлер қандай бағытта жұмыс жасайды? Олардың ғылыми, рухани, мәдени және әдеби әлеуеті қандай болу керек? Штаттық бірлік бойынша Асқар Исабекұлына облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы Бықыбаев таныстырып өтті. Ұсынылған жобалар және өзге де безендіру шаралары бойынша облыс әкімі Асқар Мырзахметов өз ойын да айтты.

    «Жалпы, бұл жұмыстар рухани жаңыру құндылықтарын ескеруді керек етеді. Бой көтерген ғимараттың өзі, әр қабатта орын алатын тақырыптық бөлмелер безендірілуімен үндесуі де қажет. Сондай-ақ, осы дизайнерлік белсенділікте жаңа технологияларды игерген компаниялармен бірлесе жұмыс жасау шарт. Әрине, бір ғана Таразда ондай әлеуеті жоғары компаниялар жоқ болса, өзге қалалардан да шақыру керек. Орталықта орын алатын әр тақырыптық нысандарда мысалы, Шерхан Мұртаза орталығында ол кісінің сөздері жазылып, тәрбиелік, өнегелік ой толғамдары да орын алуы керек. Сонымен қатар, кешегі Күлтегін, Баласағұн, Қағандардың өнегелі сөздері де айшықталатын болады. Біз осы орталық арқылы Тараздың әлеуетін әлемге танытуды мақсат етуіміз керек. Сондықтан, безендіру жұмыстарының жан-жақтылығы, үндестігі, заманауилығы қатаң ескерілетін болады», — деді облыс әкімі.

    Облыс әкіміне Көрме залының жобасын ұсынған туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Әмірқызының айтуынша, келешекте мұнда туризм нысандарына картасы, онлайн қолжетімділігі де ұйымдастырылады екен.

    Сондай-ақ, бүгінгі күннің өзінде тараздық 23 шебердің 1118 бұйымы (сувенир) осы көрме залына қойылады екен. Олар сатылымға да шығады. Ол үшін жергілікті кәсіпкерлер үш азаматты тұрақы жұмыспен қамтуды да көздеп отыр.

    «Біз Таразға өзге де қалалардың ұста, шеберлерін шақырып, олардың бұйымдарын көрмеге қоюымыз керек. Көрші жатқан облыс орталықтарында мұндай ортаьық әзірге жоқ. Сондықтан, олардың яғни ұста-шеберлердің әлеуетін пайдалана отырып, туризмнің бір тетігін дамытуға ықпал етуіміз керек. Жалпы, этно-мәдни орталықтың жұмысын жүйелі жүргізу үшін орталықтандырылған жүйені енгізу керек. Париж – сән орталығына айналған қала. Біз Таразды – ұста-шеберлердің шеберханасына, орталығына айналдыруымызға мол мүмкіндігіміз бар. Амандық болса осындағы «Көрме» залында Жамбыл облысының 80 жылдығын атап өтетін боламыз» — деді облыс әкімі.

    ​Шахристан этно-мәдени орталығының құрылысы, безендіру шаралары бойынша жұмыс тобы алдағы аптада тағы да бас қосатын болды.

    көрме Тараз

    Оқылып жатыр

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Жетісудағы наурыз тойы

    07.04.2025

    Жолшылар ұлттық спорт күні асық атудан бақ сынасты

    20.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.