«Аманат» қоғамдық ұйымының жұмысы 17-ші мамырда басталды. Ал бүгінде оның бөлімшелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыс орталығында ашылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында «Аманат» азаматтық платформасының Жамбыл облысы штабының төрайымы Парида Мамедованың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Ағымдағы жылдың 17 мамыр – 29 мамыр уақыт аралығында ТИК ҚАК өкілдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы штаб мүшелерімен кездесулер, олардың дауыс беру күніне дайындалған тексеру мақсатында сайлау учаскелеріне бару сынды31 іс-шара өткізілген.
Облыс бойынша «Аманат» азаматтық платформасымен тәуелсіз бақылаушылар үшін тренингтер өткен болатын.
Айта кетейік, бүгінде «Аманат» базасында 459-ден астам бақылаушы оқытылып, толық қамтылу үшін бақылаушылардың жеткілікті саны дайындалған.