Close Menu
    Оқылып жатыр

    Зәкіржан Кузиев: Салық төлеу ешкімге ұнамайды, бірақ оны төлеу міндеттеледі

    17.04.2025

    Жолшылар мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты

    14.04.2025

    «Debat Eli Academy»: Жазғы маусымдағы зияткерлік демалыс

    10.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 23 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Зәкіржан Кузиев: Салық төлеу ешкімге ұнамайды, бірақ оны төлеу міндеттеледі

      17.04.2025

      Жолшылар мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты

      14.04.2025

      «Debat Eli Academy»: Жазғы маусымдағы зияткерлік демалыс

      10.04.2025

      Жетісудағы наурыз тойы

      07.04.2025

      Өзбекстанда мешітте жарылыс болды

      01.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында қасқырлар қорадағы төрт түлікке шабуыл жасай бастаған

    Жамбыл облысында қасқырлар қорадағы төрт түлікке шабуыл жасай бастаған

    Өңір тынысы 15.01.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында ашыққан жыртқыштар қорадағы төрт түлікке шабуыл жасай бастаған, — деп хабарлайды «Хабар 24».

    Телеарна мәліметінше, жергілікті шаруалар төрт түлікті қырған қасқырлармен күресуге дәрменсіз. Себебі қасқырды өз бетімен атуға рұқсат жоқ екен. Қорасын қорып, қорқынышта отырған малшылар енді жергілікті биліктен көмек сұраған.

    Қасқырдан қорлық көріп отырған шаруалардың бірі — Нұрбақыт Сейітқали. Қыс түскелі оның қорасына жыртқыш бірнеше рет шабуыл жасап, 15 шақты қойын жеп кеткен екен. Қазір кезекпен ұйықтап, түнімен қора күзетеді.

    «Енді амал жоқ, талап кетеді. Одан кейін сойып аламыз, басқа ештеңе істемейміз оған. Қоя бергеннің өзі болмайды. Сойып аламыз қазір. Шықпағанда бәрін қырып кету керек еді. Қора жабық айнала, қашып кете алмайды малдар. Тамақтап, бауыздап кете береді. Кейбіреулері арқасына салып алып кетеді», — дейді шаруа Нұрбақыт Сейітқали.

    Жуырда Талас ауданындағы Майтөбе ауылының маңында бірнеше жылқы ит-құсқа жем болған екен.

    «Билікөл деген көліміз бар. Мұз қатқанда мына таудан келеді, әсіресе. Содан кейін Билікөлдің арғы жағында фазенда бар. Қыркүйекте 60 бас малын қырып кетті. Осылай келеді де өлді дегенде 15 бастай, кеше біреуін тамақтап кетті. Бағана құйрығын жұлып кетті. Оны мал болатын шығар десек, болмайды, аяғын сындырып кеткен», — дейді Өрнек ауылының тұрғыны Сәрсекүл Стамбекова. 

    Ал мамандардың айтуынша, қораға түскен қасқырды атуға болады. Тек арнайы жұмыс тобы ол деректі тіркеуі тиіс екен. Жақында қасқыр санын реттеу үшін комиссия құрылып, атуға рұқсат берілген. Қазір өңірді мекен ететін аңның 40 пайызын атуға рұқсат бар.

    «Биыл қасқырдың шаруашылық малдарына шабуылы көбейгеніне байланысты республика деңгейінде осы мәселе көтеріліп жатыр. Бұл бойынша жұмыс тобы құрылған. Жергілікті атқарушы орган бар, инспекция бар, мамандар қасқыр шабуылының алдын алу үшін жиналыс жасап жүрміз», — дейді жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Болат Асанбеков.

    Телеарна мәліметінше, биыл санақ бойынша, аймақтағы қасқырлардың саны екі мыңға жуық деп есептелген. Мамандар енді жыртқыш шектен тыс көбейіп кеткен елді мекендерді анықтайды.

    мал шаруашылығы

    Оқылып жатыр

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025

    Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

    03.03.2025

    Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

    01.03.2025

    Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

    25.02.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Зәкіржан Кузиев: Салық төлеу ешкімге ұнамайды, бірақ оны төлеу міндеттеледі

    17.04.2025

    Жолшылар мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты

    14.04.2025

    «Debat Eli Academy»: Жазғы маусымдағы зияткерлік демалыс

    10.04.2025

    Жетісудағы наурыз тойы

    07.04.2025

    Өзбекстанда мешітте жарылыс болды

    01.04.2025

    «Шағын және орта бизнесті құрдымға кетіру»: Алматылылық кәсіпкерлер президентке үндеу жолдады

    26.03.2025

    Жолшылар ұлттық спорт күні асық атудан бақ сынасты

    20.03.2025
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.