Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сәрсенбі, 2 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда 2 жасар бүлдіршін бассейнге батып қайтыс болды

    Жамбылда 2 жасар бүлдіршін бассейнге батып қайтыс болды

    Өңір тынысы 17.07.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Шілденің шіліңгірі басталғалы тұрғындар жаппай өздеріне жақын маңдағы өзен-көлдерге, бассейндерге қарай тұра жүгірсе, аптап ыстықта қапырықтан құтылудың жолын іздеген енді біреулер Қытайда жасалған үрленбелі бассейндерді сатып алып, ауласында бала-шағасымен асыр-салып түсіп жүр.

    Алайда, абайламасаңыз «ажал аяқ астында» деген емес пе, шомылу маусымы басталғалы елімізде сақтық шараларына селқос қараудың себебінен күніне 10-ға жуық тұрғын суға батып немесе тұншығып қайтыс болады дейді мамандар. Бұл ретте Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданындағы 2 жасар бүлдіршіннің ауладағы үрленбелі бассейндегі суға тұншығып, аудандық ауруханада қайтыс болғаны жайлы хабарлады.

    «15 шілде сағат 19:10-да Қордай ауданы Жамбыл ауылы Мәдениет көшесі, 9 мекен-жайындағы тұрғын үйде үрленбелі бассейнде 2017-ші жылы туған қыз бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суға батқан. Кішкентай қыз 16 шілде сағат 07:00-де Қордай аудандық орталық ауруханасында көз жұмды»,- делінген аталған хабарламада.

    Жалпы, Жамбылда жылдан-жылға шомылу маусымында ажалы судан болғандардың саны күрт көбейіп тұр. Мәселен, өткен жылы 30 отбасыға қара су қайғы әкелсе, олардың 21-і мектеп жасындағы балалар екен.

    «Жылда жаз шыққалы өңірімізде тұрғындарға он мыңдаған жадынама таратылады. Шомылу аймақтарының барлығына ескерту белгілері қойылған. Мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Телеарналар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Соған қарамастан, бақылаусыз бассейн жағалап, суға түсетін балалар азаймай отыр. Өткен жылы шомылу маусымы басталған күннен шілденің 15-іне дейінгі аралықта 10 адам (оның 4-еуі бала) өзен-көлдерге, бассейндерге тұншығып қайтыс болса, биыл осы уақыт аралығында 16 адамның (оның 10-ы бала) ажалы қара судан болып отыр. Қазіргі шілденің «шыжғырып» тұрған ауа-райында елдің бәрі бассейн, өзен-көл жағалап жүргені белгілі ғой. Бірақ, сондай жерлерде ішімдік ішу, балаларды бетімен жіберіп, көзінен таса қылмай қарап отырудың орнына, салғырттық танытқан ата-аналардың кесірінен осындай қайғылы жағдайлар күрт көбейіп отыр. Айталық, кешегі Қордайдағы ауласындағы үрлемелі бассейнге 2 жасар бүлдіршінді қараусыз қалдырып кетіп, арты орны толмас өкінішке соқтырды. Сондықтан, ата-аналарға шомылуға барғанда, үй ауласындағы бассейндерде де сақтық шарасына баса көңіл бөлулерін сұраймыз», — дейді Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметкері Аида Құдайқұлқызы.

    балалар суға кетті

    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.