Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жұма, 16 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жұмыссыз жастар әскери-далалық лагерьге қатыса алады

    Жұмыссыз жастар әскери-далалық лагерьге қатыса алады

    Жаңалықтар 26.06.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін, 26 маусымда Жамбыл облысы, Гвардейский оқу орталығында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының және ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен «Jiger» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы аясында әскери-далалық лагерьдің ашылу салтанаты өтті.

    Бұл жоба тұңғыш рет пилоттық жоба ретінде Алматы қаласы және Жетісу облыстарында жүзеге асырылып жатыр.

    Әскери-далалық лагерьге 18-ден 24 жасқа дейінгі Алматы қаласының жұмыспен қамтылмаған 30 жасы қатысуда. Лагерь 17 күнге созылады. Лагерь аясында әскери оқу-жаттығу жұмыстары, жастардың далалық машықтарын пысықтау, жеке құрамға жаңа техникаларды таныстыру, оқу-жаттығу барысында жауынгерлік техникамен қару жарақтың түрлерімен танысу, әскер бөлімдерін және әскер түрін соғыс тәртібіне келтіріп, жастардың тактикалық білімін жетілдіру және т.б. жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.

    Әскери-далалық лагерьдің ашылу салтанатына ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы күштерінің өкілдері, спортшы Темір Спатай, «Алаш арландары» қозғалысының төрағасы Ермек Албан, журналистер қатысты.

    Әскери-патриоттық тәрбие — азаматтардың, әсіресе, жастардың әскерге шақырылғанға дейінгі және әскердегі жастардың бойында жоғары патриоттық сезімді, өз Отанына деген адалдық сезімдерін тәрбиелеуді қалыптастыру жөніндегі маңызды бағыттардың бірі.  Осы бағытта ұйымдастырылып жатқан әскери-далалық лагерь қатысушыларына сәттілік тілейміз! – деді, қол күрестен әлем чемпионы Темір Спатай.

    Жоба координаторы Бағлан Шақапұлы жиналғандарды құттықтап, іс-шараның маңыздылығына тоқталды:

    «Бүгінгі әскери-патриоттық лагерімізге жастарды қолдап келгендеріңізге алғысымыз шексіз. Осындағы әрбір жас сарбазға генерал ағаларының отан үшін ойланбастан жасаған ерліктері мен өмір жолы қашан да үлгі, қарулы күштер қатарында тайсалмай қызмет ететіндер үшін бағдар болып қалатыны сөзсіз. Жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу барысында бізбен бірге болғаныңызға қуаныштымыз.

    Ия, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру — бұл еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі. Өз елінің патриоты болу — өзінің ар-намысы және жеке қадір-қасиеті бар кез келген адам үшін әрқашан құрмет.

    «Патриот болу — өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету. Бірақ өзіңнің тарихыңды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей нағыз патриот бола алмайсың». Ендеше, лагерь қатысушыларына сәттілік!»

    30212 әскери бөлім командирі, ұлан полковнигі УРКИНБАЕВ САБИТ ӘЗІРБАЙУЛЫ әскери-патриоттық лагерьдің қатысушыларына сәттілік тілеп, алдағы оқу-жаттығу жұмысының жоспарымен таныстырды.

    «Отанды сүю, отанды қорғау бәрімізге ортақ парыз. ҚР Конституциясының 36 бабында ҚР-ны қорғау, оның әрбір азаматының қасиетті парызы, деп айқын көрсеткен. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастарының қолында. Қай заманда болсын қоғамның қозғаушы күші жастар» — екендігін атап өтті.

    Гвардейский гарнизоны Ауған соғыс ардагерлерінің төрағасы ТЕРЛИКБАЕВ ТАЛАСБЕК, жастармен өз тәжірибесімен бөлісіп, әскердің тәртіптері бөлісті.

    «Jiger» әскери-далалық лагерь тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Лагерь жұмысына сәттілік тілейміз. Қайта жаңғырған ұлттық тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып табылатын патриоттық сана-сезімді жастардың бойында қалыптастыру ең өзекті мәселелердің бірі.

    Оқылып жатыр

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.