Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

    05.07.2025

    Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

    05.07.2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 12 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

      05.07.2025

      Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

      05.07.2025

      Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

      02.07.2025

      Алматы встречает иностранных туристов памятными подарками: открытие прямого рейса Шанхай — Алматы

      01.07.2025

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында мал шаруашылығын дамытуға 3,65 миллиард теңге бөлінген

    Жамбыл облысында мал шаруашылығын дамытуға 3,65 миллиард теңге бөлінген

    Өңір тынысы 21.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы бойынша, 2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды қолдау бағдарламасына 3,65 миллиард теңге бөлініп толық игерілді, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    2019 жылдың 1 тамызына облыстағы барлық санаттағы шаруашылықтарда тірі салмақта 60 981,8 тонна ет өндіріліп, 2018 жылдың осы кезеңімен ( 59078,4 тонна) салыстырғанда 1903,6 тоннаға немесе 3,2 % артты. Барлық санатағы шаруашылықтарда 182581,2 тонна сүт өндіріліп (2018 жылы – 177 444,4 тонна), алдынғы жылмен салыстырғанда 5136,8 тоннаға, яғни 2,9 % өсті. Ағымдағы жылдың 7айында 76 543,6 мың дана тағамдық жұмыртқа өндіріліп, өткен жылға қарағанда (70569,2 мың дана) 8,5 % артты. Шаруашылық субъектілерінде 5 016,7 тонна жүн өндіріліп, алдынғы жылға қарағанда (4901,7 тонна) 2,3 % артық болды.

    Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде төрт түліктің барлық түрлері бойынша тұрақты өсу динамикасы байқалып отыр. Мәселен, мүйізді ірі қараның саны 2019 жылдың 1 тамызына 440 425 басты құрап, 2018 жылмен (411346 бас) салыстырғанда 29079 басқа өсті (7,1 %). Соның ішінде сиыр саны 187369 басқа жетіп өткен жылмен (173533 бас) салыстырғанда 13836 басқа, яғни 8, пайызға артты. Қой мен ешкі бас саны 3323121 басқа жетіп, 2018жылмен (3198664 бас) салыстырғанда 124457 басқа, яғни 3,9 % өсті. Жылқы саны 2019 жылдың 1 шілдесіне 141904 басты құрап, 2018жылмен (131608 бас) салыстырғанда 10296 басқа, яғни7,8 % өсті. Сондай-ақ, түйе бас саны7405 басты құрады, 2018жылмен( 6 852 бас) салыстырғанда 553 басқанемесе 8,1 % көбейді.

    Жамбыл облысында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімге жоспарланған салалық бағдарлама қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілді. Жалпы осы бағдарлама аясында 2018-2027 жылдар аралығында облысқа алыс-жақын шет елден 36,мың басқа жуық МІҚ малының аналық басын сатып алу жоспарланған.

    Өткен жылы «КазАгро» ҰБХ несиелік қаржы институттарына арқылы 8208 бас МІҚ сатып алуға 34 шаруашылықтан өтінім түскен, осыдан 7818 басқа мақұлданып нақты 1 703 бас әкелінді. Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында 77 тауарөндірушіге 948,6 млн. теңге несие беріліп 32,2 мың бас қой сатып алынды, 2017 жылы осы бағдарлама арқылы 18,4 мың бас қой сатып алынған болатын. Ағымдағы жылы қаржы ұйымдарына осы бағыт бойынша 4550 бас МІҚ сатып алуға 37 өтінім түсіп, мақұлданған (2104 бас) 26 өтінім бойынша 1694 бас МІҚ сатып алуға 656,0 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан бері облысқа 2912 бас МІҚ малы әкелген.

    Негізгі экспорттаушылар қатарында экспортқа бағытталған дамыған технологиялы бордақылау алаңдары және кластер құрамындағы «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-і, Меркі ауданында «Меркі ет комбинаты» ЖШС, Қордай ауданындағы «Первомайские деликатесы ЖШС» ет комбинаттарыболды.Ет өнімдерінің негізгі бөлігі Иран Ислам Республикасы, Бахрейн Карольдігі, Кувейт мемлекетіне экспортталды.

    Осы кәсіпорындардың жүктелімін арттыру арқылы алдағы уақытта етті экспорттау динамикасын арттыру жоспарлануда. Бағдарлама аясында қолдағы малдың өнімділігін арттыру мақсатында ет бағытына тұқымдық түрлендіру жұмысы қолға алынды. Жыл бойы тұқымдық түрлендіруге МІҚ малының 65,5 мың аналық басы тартылып, (жалпы сиыр санының 42,1 %)жоспардың орындалуы 102,3 % құрады.

    Сонымен қатар, облыста құс шаруашылығын дамыту бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Тағамдық жұмыртқа, етін өндіруді арттыру мақсатында «Аса даму» ЖШС, «Әулие-ата Феникс» ЖШС құс фабрикалары кеңейту, модернизациядан өтуде. Байзақ ауданында «Аллель Агро» ЖШС құс фабрикасын іске қосу жұмыстары жалғасын табуда.Осы шаралардың арқасында облыста өндірілетін құс етінің көлемі 2 есеге артады деп күтілуде, ағымдағы жылдың өзінде 224,7 тонна құс еті экспортталды.

    2019 жылы мал шаруашылығын дамытуда бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске асырылады. Соның біріН айтар болсақ, Қордай ауданында «Kazmeat Kordai» ЖШС-нің бордақылау алаңы қайта құру арқылы жылына 8 мың бас МІҚ бордақылауға қауқарлы ірі кешенге айналады.

     

     

    мал шаруашылығы

    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

    05.07.2025

    Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

    05.07.2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025

    Алматы встречает иностранных туристов памятными подарками: открытие прямого рейса Шанхай — Алматы

    01.07.2025

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.