Мұхамеджан Тазабек арнасын жауып, ақидасын ауыстырды

0

Айтыскер ақын, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы ұстанатын Матруди ақидасына өтті. Бұл туралы ол 3 қараша күні Алматыда өткен Ғұламалар Кеңесінің XXVII кезектен тыс отырысында айтты. Бұл ақпаратты kazislam.kz сайты хабарлады.

Қазақастанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен отырыста сөз алған Тазабек алдымен «Асыл арна» телеарнасының жабылатынын, арна алдағы уақытта діни бағытта хабар таратпайтынын баса айтты.

Бұдан бөлек, Мұхамеджан Тазабек халық арасында күмән тудырып келген өзінің діни сенім туралы да айтты.

«Бұған дейін сәләфи жолындағы жігіттермен аралас-құралас болғаным рас. Матуриди ақидасына қатысты кейбір күмәнім болатын. Алайда, соңғы жылдары оның ең дұрыс сенім екеніне, ата-бабамыз ұстанған жол екеніне көзім жете бастады. Жүрегімдегі ең соңғы күмәндарымның сейіліп, Матуриди ақидасына толық бет бұруыма Наурызбай хазрет себепші болды. Ал таухидті ұстанамыз дейтін сәләфи жолындағы жігіттердің айтып жүргені таза секта екеніне көзім жетті», – деді өз сөзінде М. Тазабеков.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.