Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқы шықты. Бұл туралы оның өзі Instagram парақшасында хабарлады.
Алтынбекованың Instagram парақшасындағы жазбасына қарағанда, ол сүйіктісімен шариғат бойынша некесін қидырған .
«Бұл жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын» деп жазды волейболшы.
Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында «турнирдің ең сымбатты спортшысы» атанған соң көпшілікке кеңінен танылды.