Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сәрсенбі, 14 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Отыз жыл бойы қоғамның көзқарасын эволюциялық жолмен өзгертуде тілтанушы ғалымдар зор еңбек сіңірді — филолог

    Отыз жыл бойы қоғамның көзқарасын эволюциялық жолмен өзгертуде тілтанушы ғалымдар зор еңбек сіңірді — филолог

    Ел іші 28.08.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тіл — халықтың жаны, тәуелсіздік тұғыры, елдіктің белгісі. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілгеніне де талай жылдың жүзі болды. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің мәртебесі ерекше. Ол қоғамды біріктіруші фактор, тәуелсіздігіміздің бір тірегі. Оны білу — әрбір қазақстандыққа парыз. Бүкіл елімізде, қоғамда осындай жүйе, саясат жүзеге асырылып келеді.

    Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін арнайы республика, облыс көлемінде іс-шаралар жоспары қабылданып, орындалуда. Соның маңызды бір бөлігі — қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру. Қазақ әліпбиі, мемлекеттік тіл мәселесі ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі екені жасырын емес. Осы орайда тіл маманы, филология ғылымының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанның «Ана тілі» газетіне берген сұхбатынан үзінділер келтіруді жөн көрдік.

    Тіл маманының айтуынша, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде қоғамда алаңдаушылық барын, себебі, қазақ қоғамының латыннегізді қазақ әліпбиін қоғамдық сананың жаңғыруы ретінде қабылдайтынын атап өтті.

    «Осы бір күдік, шынында да, көп адамды мазалайды. Бұл бекер емес. Қоғам қатты алаңдайды. Ол ненің көрінісі? Ол қазақ қоғамы латыннегізді қазақ әліпбиін қоғамдық сананың жаңғыруы ретінде күтіп жүргенінің белгісі. Ұлттық сананың жаңғыруының көрінісі. Ол ұлттық бірегейліктің тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта біршама нығайғанының бір дәлелі. Бұл, бір жағынан, бізді қуантады. Бірақ күдік бізде де бар. Себебін жасырмай айтуға тура келеді. 2019 жылдың қазанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әліпбиді ғалымдар жетілдірсін» деген тапсырма берді. Сол кезде қатты қуандық. Алдында да ғалымдар процеске араласып жүр еді, тіпті оны бастаған да ғалымдар ғой. 1991 жылдан бері көтеріп, айтып жүр. Қоғамның көзқарасын өзгерту оңай шаруа емес. Отыз жыл бойы қоғамның көзқарасын эволюциялық жолмен өзгертуде тілтанушы ғалымдар зор еңбек сіңірді десем, артық болмас», — дейді ғалым.

    Ғалымның айтуынша, тілтанушы ғалымдар бұл іске білек сыбана кіріскен. Әліпбиді ауыстыру барысында екі бағытта — теориялық және практикалық тұрғыда жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

    «…Ал соңғы, жетілдірілген әліпби жобасы ғалымдардың жетпіс пайыздан астамының қолдауымен жоғары жаққа кетіп отыр. Табан тірейтін мәселе осы. ҚР Үкіметі жанынан Ұлттық комиссия құрылды. Ұлттық комиссия төрт жұмыс тобы арқылы бұл мәселелерді реттеді. Төрт жұмыс тобының құрамындағы барлық мамандардың жетпіс пайыздан астамы осы жоба дұрыс деп қол қойды. Әліпби — неғұрлым аз таңбалармен, солғұрлым көп ақпаратты түсінікті жеткізудің құралы. Осы тұрғыдан келгенде, 70 пайыздан аса ғалымымыз жетілдірілген әліпбиді қолдап отыр.

    Сонымен қатар, ғалым әліпбиді жасау барысында жекелеген әріптерге қатысты сын-пікірлерді де ескергендіктерін атап айтты. Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты да өз ойымен бөлісті.

    «Тіл туралы сын айтушы әсірекүдіктілер де, тым жайбарақат жүрген топтар да бар. Біріншілердің «қазақ тілі дамымады, отыз жыл бұрын қалай еді, қазір де солай» деген пікірімен келісе алмаймыз. Тіл білімі институтының негізгі мақсаты — зерттеу. Тәуелсіздік алғаннан кейін шыққан сөздік пен тәуелсіздік алғанға дейінгі сөздікті салыстырып қараңыз. Әлдеқайда толыққан. Бір ғана мысал. Бұрынғы сөздікте саудагерді алыпсатар деп қана берген. Қазіргі он бес томдық сөздіктегі саудагердің мағынасы әлдеқайда кең. Толық тарихи шындыққа сәйкес, баға деген сөзді қараңыз. Бұрынғы сөздікте екі-үш мағынасы ғана бар, қазіргі сөздікте қаншама мағына қосылды, бұл біздің экономикалық санамыздың дамығанын көрсетеді. Ол тіл арқылы дамиды.

    Дегенмен, қазақ тілінің қолданысы сапалық жағынан да, сандық жағынан да өз деңгейінде көрінбей жатқан салалар да бар. Экономика қаржы секторы, банк саласы, басқару жүйесінде тілдің қолданыс аясы әлі де ақсап жатыр, бірақ бұрынғымен салыстырғанда ілгерілеу бар. Қазір билік қазақ тілінде сөйлейді. Билік өкімдерін, шешімдерін, талқыларын қазақ тілінде жүргізеді. Электорат пен саяси элита арасындағы мемлекеттік тілдегі коммуникация жақсару керек. Ол үшін сол саладағы қазақ тілінің сапасы артуы қажет».

    Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Тіл-халық рухы» іс шара жоспарына сәйкес әзірленді.

    Оқылып жатыр

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    «Шағын және орта бизнесті құрдымға кетіру»: Алматылылық кәсіпкерлер президентке үндеу жолдады

    26.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.