Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

      10.02.2026

      Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

      10.02.2026

      Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

      10.02.2026

      Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

      10.02.2026

      Ақтөбедегі қайғылы жағдай: жеке үйден әйел мен үш баланың денесі табылды

      09.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

      11.02.2026

      Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

      10.02.2026

      Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

      10.02.2026

      Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

      03.02.2026

      Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасын талқылап, қолдау білдірді

      02.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абыройы биік, арды ойлаған азамат

    Абыройы биік, арды ойлаған азамат

    Өңір тынысы 26.08.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жаңа ғасыр жаңаша көзқарас қалыптастырды. Әсіресе, ел арасындағы іскер азаматтар айрықша белсенділік танытып, келер күнге сеніммен көз тікті. Мақсат жолында алға ұмтылып, мына қоғамда масылдыққа бой үйретудің арты керуенге ілесе алмаған ақсақ түйенің кебін кигізетінін, көштің соңында қалуға әкеп соқтыратынын ой елегінде екшеп, ерінбей еңбек етудің маңыздылығын ұғынды. Сондай уақытпен үндесе кәсіп көкжиегін кеңейткен жандардың бірі – Полатқосшы ауылдық округінің тумасы, «Шарипов» шаруа қожалығының төрағасы Абдумалик Шарипов.

    Абдумалик Тоқтасынұлы кәсіпкерлікке тәуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ ден қойған. Түрлі қиындыққа қарамастан алға ұмтылды. Нәтижесінде, кәсібі қанатын кеңге жайды. Бүгінде егін шаруашылығын өркендетіп жүрген азаматты ауыл, аудан тұрғындары жақсы таниды. Кәсіпкерлікте жолы болған азаматтың жомарттығы, мәрттігі өз алдына.

    Қожалық басшысы пияз, картоп, сәбіз, қант қызылшасын өсірумен айналысады. Қазіргі таңда шаруашылық Айшабибі ауылдық округінде 100 гектар пияз, 50 гектар қант қызылшасын, Қарасу ауылдық округінде 30 гектар қант қызылшасын, Талас ауданы Ақкөл ауылында 20 гектар қант қызылшасын өсіруде. Шаруашылықта 30 адам тұрақты жұмыс істейді. Ал, науқан кезінде қосымша 50 адам жұмысқа тартылады.

    – «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Абдумалик ауылдағы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуді әдетке айналдырған. Жуырда 76 отбасыға 1 қаптан картоп берсе, республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында 50 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлікті табыс етті. Сонымен қатар, карантин режимі кезінде Полатқосшы дәрігерлік амбулаториясының 68 қызметкеріне де 1 қаптан картоп үлестірді. Абдумалик Шарипов Қордайдағы жағдайға және Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы 7 елді мекен су астында қалғанда да қарап қалған жоқ. Қолдан келген көмегін аямады, – дейді Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Сәпілмәлік Тәжиев.

    Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына жергілікті кәсіпкерлердің қосып отырған үлесі зор. Осы ретте сөз алған ауыл әкімі Ержан Данаев былай деді: «Әбекең абыройы биік, арды ойлаған азамат. Ауыл тұрғындары оны қолы ашық, жаны жомарт адам дейді. Ол үнемі көмекке мұқтаж жандарға дем беріп жүреді. Округте атқарылып жатқан жұмыстарға да бей-жай қарамайды. Қажет болса техникаларын беріп, көмектеседі. Міне, ол осы ісімен көпке үлгі және сыйлы болып жүр».

    Жамбыл ауданы баспасөз қызметі

    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

    03.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

    10.02.2026

    Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

    10.02.2026

    Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.