Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматы — әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінде

    07.07.2026

    Медициналық қызметтік қай түрлері тегін — сарапшы түсіндірді

    07.07.2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 11 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматы — әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінде

      07.07.2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Балконға ілуге болады, киімге бейнелеуге болмайды: Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа нормасы

      07.07.2026

      Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

      01.07.2026

      Қазақстана банктері 5 айда 1 трлн таза пайда тапқан

      01.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    Жаңалықтар 06.04.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2026 жылғы 4–5 сәуір күндері Анталья қаласында Дүниежүзілік этноспорт одағының арнайы жаһандық басқосуы – Ethnosport 2027 форумы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Аталған жиын барысында ұлттық спорт түрлерін біріктіріп, жаңа деңгейде халықаралық жарыстар ұйымдастыру жөнінде маңызды шешімдер қабылданды. Форумның ашылу рәсімінде Түркия парламентінің төрағасы және Дүниежүзілік этноспорт одағының басшысы Біләл Ердоған сөз сөйледі.

    Форум аясында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабасынов ұлттық спорт түрлерін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндап, бірқатар нақты ұсыныстарды күн тәртібіне шығарды. Сонымен қатар, форум бағдарламасы мен қағидаларына қатысты пікір алмасулар болды.

    Бұл маңызды іс-шараға Дүниежүзілік тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Әлихан Байменов, бас хатшы Мақсат Шотаев және Дүниежүзілік тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Әкім Тұрсұн қатысты. Олар тоғызқұмалақ ойынының Ethnosport 2027 аясында лайықты орын алуы қажеттігін айтып, оны халықаралық деңгейде дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

    Форум барысында тоғызқұмалақ қауымдастығының делегациясы және Түркия Тоғызқұмалақ федерациясының төрайымы Жанам ханым бірқатар екіжақты және көпжақты кездесулер өткізді.

    Сондай-ақ Дүниежүзілік этноспорт одағының басшысы Біләл Ердоғанға қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақ тақтасы тарту етілді. Түркияның Ұлттық Ойындар Қауымдастығының төрағасына, Тунис, Литва, Әзірбайжан, Эквадор елдерінің этноспорт өкілдеріне тоғызқұмалақ тақтасы сыйға тартылып, зияткерлік ойынның маңызы туралы ақпараттар берілді.

    Форумға қатысушылар тоғызқұмалақтың халықаралық деңгейде қарқынды дамып келе жатқанын тиек етіп, оның осындай ірі спорттық форумдарда лайықты орын алуға толық мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

    Тоғызқұмалақ тоғызқұмалақ федерациясы ұлттық спорт

    Оқылып жатыр

    Алматы — әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінде

    07.07.2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Балконға ілуге болады, киімге бейнелеуге болмайды: Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа нормасы

    07.07.2026

    Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

    01.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алматы — әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінде

    07.07.2026

    Медициналық қызметтік қай түрлері тегін — сарапшы түсіндірді

    07.07.2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Балконға ілуге болады, киімге бейнелеуге болмайды: Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа нормасы

    07.07.2026

    Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

    01.07.2026

    Қазақстана банктері 5 айда 1 трлн таза пайда тапқан

    01.07.2026

    Астанада жаңа әуежай қашан салынатыны белгілі болды

    01.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.