Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

      10.02.2026

      Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

      10.02.2026

      Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

      10.02.2026

      Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

      10.02.2026

      Ақтөбедегі қайғылы жағдай: жеке үйден әйел мен үш баланың денесі табылды

      09.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

      11.02.2026

      Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

      10.02.2026

      Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

      10.02.2026

      Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

      03.02.2026

      Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасын талқылап, қолдау білдірді

      02.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ақорда Тоқаевтың атына келіп түскен құттықтауларды жариялады

    Ақорда Тоқаевтың атына келіп түскен құттықтауларды жариялады

    Ел іші 12.06.2019
    © akorda.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануына орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

    Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск өзінің құттықтау хатында Еуропалық одақтың Қазақстанмен қарым-қатынасына бейілді екенін тағы бір нақтылаған.

    «Қазақстан — Еуропалық одақтың маңызды әріптесі. Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім, болашақтағы тереңдетуге ұмтылған біздің мазмұнды іс-қимылымыздың негізі болып табылады», — делінген жеделхатта.

    Дональд Туск бейбітшілік, тұрақтылық және гүлдену болып табылатын Қазақстанның аймақтық ынтымақтастық пен диалогтарды жүргізудегі рөлін құптады.

    Чехия Республикасының Президенті Милош Земан да Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

    «Мен Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайланғаныңыз туралы хабарды үлкен қуанышпен қабылдадым. Сіздің басшылығыңызбен екі елдің достық қарым-қатынасы бұдан әрі қарай да гүлденіп, ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін дами беретініне нақ сенімдімін», — делінген жеделхатта.

    ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы — Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев өзінің құттықтау жеделхатында, ТМД елдерінің атынан байқаушылар миссиясының жетекшісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының алдында үлкен сенімге ие екеніне шынайы көз жеткізгенін атап өткен.

    «Сіздің Мемлекет басшысы лауазымындағы қызметіңіз бұдан әрі қарай да Қазақстан Республикасының қарыштап дамуына, халықаралық деңгейде өз ұстанымын нығайтуға, сондай-ақ, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің тереңдей түсуіне зор ықпал етеріне сенімдімін», — делінген жеделхатта.

    Татарстан Президенті Рустам Минниханов халықтың қолдауы аса жауапты лауазымда жемісті қызмет ету үшін берік әрі қуатты құрал деп атап өткен.

    «Біздің бауырлас Татарстан мен Қазақстан халықтарының арасындағы конструктивті және тілектес ынтымақтастық дәстүрімізді, Ресей-Қазақстан көпқырлы стратегиялық қарым-қатынасының бір бөлігі ретінде қарастырып, өзара мазмұнды іс-қимылды арттыратынымызға сенімдімін», — делінген жеделхатта.

    Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауындағы айқын жеңісі Мемлекет басшысының өз отандастары арасындағы беделінің жоғары және Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бағдарды жалғастыруға, оның сыртқы саяси мүдделерін қорғауға, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты нығайтуға ниетті екенін көрсетеді.

    «Екіжақты байланыстарды нығайту үшін Сізбен тығыз жұмыс істеуді жалғастыруға, сондай-ақ, Ресей мен Қазақстанның достас халықтарының игілігі үшін еуразиялық кеңістіктегі өзара тиімді интеграциялық үдерістерді ілгерілетуге дайын екенімізді растағым келеді», — делінген жеделхатта.

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев дауыс беру қорытындысы бауырлас Қазақстан халқының Қасым-Жомарт Тоқаевқа толық сенімі артқанын және кең көлемде қолдау көрсеткенін тағы да дәлелдеді деді. Оның пікірінше, Бұл Мемлекет басшысының еліміздің орнықты дамуы мен халықаралық беделін арттыруға, саяси бағдар мен маңызды әлеуметтік-экономикалық реформалардың дәйекті жалғасуына деген сенім болып саналады.

    «Елдеріміз бен халықтарымыздың мүддесі үшін өзара күш біріктіре отырып, өзбек-қазақ стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытып, нығайта беретінімізге сенімдімін» — делінген жеделхатта.

    Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон өз құттықтау хатында Қазақстан халқының еркі мен ықыласы Мемлекет басшысының қызметіне деген зор сенімнің көрінісі болып саналатынын айтқан.

    «Бүгінде стратегиялық серіктестік аясында табысты дамып келе жатқан екі елдің көпқырлы қатынастарының дәйекті кеңеюінің берік жақтаушысы ретінде біз Сізді білеміз әрі құрметтейміз. Тәжік-қазақ ықпалдастығын одан әрі жан-жақты тереңдетуге мүдделіміз. Өзара күш біріктіре отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты халықтарымыздың игілігі үшін жаңа деңгейге көтере алатынымызға сенім білдіремін», — делінген құттықтау хатта.

    Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков өз жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауындағы айқын жеңісі Қазақстанның одан әрі орнықты дамуына, бауырлас екі халықтың достығы мен тату көршілігіне, сондай-ақ, елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуге септігін тигізетініне сенім білдіреді.

    Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев өз құттықтау хатында: «Әзербайжан-қазақ қатынастары халықтарымыздың ортақ тарихына, ұлттық және дүниетанымдық тамырына негізделеді. Берік негізге сүйенген мемлекетаралық байланыстарымыз бен стратегиялық серіктестігімізді одан әрі дамыту және берік қарым-қатынастарымыз бен көпқырлы ынтымақтастығымызды тереңдете түсу үшін бірге күш жұмылдыратынымызға сенемін», — деп жазған.

    Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич өз елінің Қазақстанмен достық байланыстарға зор мән беретінін және берік қарым-қатынастар мен кең ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін айтты.

    «Сіздің саяси тәжірибеңіз бен идеяңызға зор сенім артқан Қазақстан азаматтарының арқасында Сіз еліңізді даму жолына жетелейсіз», — делінген Сербия Президентінің жеделхатында.

    Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады және ол өз Үкіметімен бірлесіп, мажар және қазақ халықтарының арасындағы достықты тереңдету үшін аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.

    БҰҰ Өркениеттер альянсының жоғары өкілі Мигель Анхель Моратинос Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Альянстың Қазақстанмен ықпалдастықтың жақсы екенін атап өтті. Сонымен бірге, өзара әріптестіктің одан әрі кеңейе түсетініне үміттенетін айтты.

    Америка-Қазақстан іскерлік ассоциациясының атқарушы директоры Сара Никель Президент Тоқаевтың Қазақстанда бизнесті қолдауға қажетті экономикалық өсім мен реформаларды ілгерілету ісіндегі тәжірибесі бай екенін атап өтті.

    «Сіздің Президент болып сайлануыңыз бен «Астана» халықаралық қаржы орталығы сияқты маңызды бастамалардың жалғасуы инвесторлар үшін мемлекеттің ұзақмерзімді даму, гүлдену және халықаралық әріптестік бағытындағы ұстанған жолына беріктігі туралы белгі болып табылады», — делінген жеделхатта.

    Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына өз құттықтауларын Мажарстан Президенті Янош Адер, Грузияның Президенті Саломе Зурабишвили, Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон, Грузияның премьер-министрі Мамука Бахтадзе, Болгария Республикасының бұрынғы Президенті Петр Стоянов жолдады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау

    Оқылып жатыр

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды: ҰҚК ресми мәлімдеме жасады

    27.01.2026

    Мемлекеттік рәміздерді түсіндіруге 5,2 млн теңге: Түркістандағы даулы лот

    26.01.2026

    «4,5 млрд теңге залал»: ҰҚК медицина саласындағы ірі заңбұзушылықты әшкереледі

    26.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

    10.02.2026

    Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

    10.02.2026

    Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.