Close Menu
    Оқылып жатыр

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 31 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

      30.03.2026

      Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

      30.03.2026

      Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

      30.03.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

      30.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ақтаулық әнші: Мәдина Сәдуақасовамен бірге ән шырқасам деген тілегім бар

    Ақтаулық әнші: Мәдина Сәдуақасовамен бірге ән шырқасам деген тілегім бар

    Ел іші 12.09.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ақтаулық Гүлжанар Рафкатқызы бір өзі бірнеше мамандықты игерген таланттылар қатарында. Ол көпшіліктің тісі бата бермейтін режиссерлік қызметте жақсы жетістігімен танылып жүр. Одан бөлек, Гүлжанар әнші әрі композитор ретінде де көзге түсе бастаған. Үш баланың анасы ірі жобаларды ұйымдастыру арқылы шеберлік шыңдала түсетінін айтады.

    «Мен 1991 жылы Ақтау қаласында дүниеге келдім. Тәуелсіздіктің құрдасымын. Жаным сүйетін істі тапқанға дейін ағылшын тілін оқыдым. Кейін аударма ісін оқып алып, сонымен айналыстым. Ал қазіргі таңда режиссерлік қызмет атқарамын. Оған қоса сазгерлігім бар. Менің әндерімді «Балапан» арнасы саундтрек ретінде пайдаланып жүр. Әншілік жолға да қадам бастым. Болашақта үлкен сахнадан да көрініп қалармын. Жолдасым екеуміз бір ұл, екі қыз бала тәрбиелеп отырмыз. Өнердегі қадамымды отағасы қолдап, мені бүгінге дейін демеп келеді. Алдағы уақытта Мәдина Сәдуақасовамен бірге ән шырқасам деген тілегім бар», — дейді ол.

    Гүлжанар Ақтау қаласындағы ірі жобаларда режиссерлік міндетті ойдағыдай атқарып жүр. Ол іс-шараны мінсіз атқару үшін режиссердің таланты, ұйымдастыру қабілеті мен идеясы ұштасып жату керек деген пікірде.

    «Әр жыл сайын үш жобадан өткіземін. «Жаңа есім» жобасы менің ең алғашқы еңбегімнің бірі. Мұнда ақындар мен ақындар, әншілер мен әншілер, композиторлар өзара жарысады. Ең соңында жеңіске жеткен әнші жеңіске жеткен сазгердің әнін орындайды. Бұл жоба үш-төрт ай бойы жүреді. Сондықтан, бұл үлкен күшті қажет етеді және шексіз тәжірибе екені де анық. Менің арманым – осы жобаны республикалық деңгейге алып шығу. Режиссерлік қабілетімді одан әрі дамыту үшін түрлі курстарға қатысамын. Шетелде білім алған тәлімгерлерден сабақ алдым. Бұл ізденісімді тоқтатпаймын. Себебі, режиссерлік үлкен ізденісті, қабілетті талап ететін іс.

    Мәселен, бір жоба ұйымдастырар кезде режиссер сценаристің де, администратордың да жұмысына араласады. Бағыт көрсетеді. Тіпті, кейде, костюмдерді де қадағалауға тура келеді. Бұл бірнеше сала біріктірілген жұмыс, сонысымен қызық. Ең соңында өз еңбегіңді сахнадан көргенде, қателігі де, артықшылығы да көзге ұрып тұрады. Режиссер ретінде бәрін байқайсың. Алдағы уақытта мен үлкен жобаларды қолға алатыныма сенімдімін», — дейді Гүлжанар.

    Гүлжанар Рафкатқызы режиссерлік қызметі үшін түрлі байқаулардан жүлде алып, республикалық және облыс көлеміндегі құрмет грамтоларымен марапатталған.

    Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» іс шара жоспарына сәйкес әзірленді.

    Оқылып жатыр

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026

    Мұнай қымбаттаса да жанармай бағасы өзгермейді — министр

    12.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

    30.03.2026

    Таразда кәсіпкер өз-өзін атып тастады

    30.03.2026

    Қазақстан мұнайы Жапонияға сатылуы мүмкін

    30.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.