Close Menu
    Оқылып жатыр

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 16 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

      14.05.2026

      Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

      14.05.2026

      Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

      14.05.2026

      Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

      14.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    Азаматтық пікір 30.03.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга кентінде болған жаппай төбелеске Қазақстан азаматтарының да қатысы бары ресми түрде расталды. Әлеуметтік желіде “қазақтарға шабуыл жасалды” деген ақпарат кең тарағанымен, құзырлы органдар жанжалды ұлтаралық қақтығыс емес, жұмысшылар мен күзет қызметкерлері арасындағы тұрмыстық жанжал ретінде бағалады. Оқиға қалай өрбіді, қанша адам ұсталды және жағдай немен аяқталды? Dalanews.kz редакциясы мән-жайды жан-жақты саралап, саясаттанушы Асылбек Ізбайыровтың пікірін жазыпты. 

    Оқиға қалай басталды?

    26 наурыз күні Усть-Лугадағы вахталық қалашықта жұмысшылар мен күзет қызметкерлері арасында жанжал туындаған. Бұл нысанда түрлі елден келген жұмысшылар еңбек етеді, оның ішінде Қазақстан азаматтары да бар.

    Әлеуметтік желіде тараған видеоларда бірнеше адамның жиналып, қақтығыс болғаны көрінеді. Кейбір кадрларда автокөліктің адамдар тобына қарай жүргені, ал басқа видеоларда күзет қызметкерлерінің адамдарды күштеп көлікке отырғызғаны байқалады.

    Алайда ресми дереккөздер бұл оқиғаны ұлтаралық қақтығыс емес, жұмысшылар мен күзет арасындағы тұрмыстық жанжал деп сипаттады.

    Қанша адам ұсталды?

    Ресейлік құқық қорғау органдарының мәліметінше, жанжалдан кейін полицияға 30-дан астам адам жеткізілген. Олардың бір бөлігі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейін босатылған.

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де бұл ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, ұсталғандардың арасында Қазақстан азаматтары бар. Кейбіріне 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау тағайындалған.

    Сонымен қатар үш қазақстандыққа қатысты тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

    Зардап шеккендер бар ма?

    Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстан азаматтарының арасында ауыр жарақат алғандар жоқ.

    Қазақстан СІМ өкілдері жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді. Санкт-Петербургтегі Бас консулдық қызметкерлері оқиға орнына барып, ұсталған азаматтармен кездескен.

    Қандай қылмыстық істер қозғалды?

    Ресей тарапы оқиғаға байланысты бұзақылық және мүлікті бүлдіру баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған.

    Жанжал кезінде көліктерге зақым келгені және қоғамдық тәртіп бұзылғаны айтылады. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

    “Қазақтарға шабуыл жасалды” деген ақпарат қаншалықты рас?

    Әлеуметтік желіде бұл оқиға “қазақтарға қарсы жасалған шабуыл” ретінде сипатталды. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.

    Қазақстан СІМ де, Ресей құқық қорғау органдары да жанжалдың ұлтаралық сипатта болғанын нақтылаған жоқ.

    Оқиға немен аяқталды?

    Қазіргі таңда Усть-Лугадағы жағдай тұрақталған. Жұмысшылар мен компания өкілдерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

    Ұсталғандардың көпшілігі босатылғанымен, кейбір азаматтар әкімшілік қамауда отыр. Бірнеше адамға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

    Яғни, жанжалдың жедел кезеңі аяқталғанымен, құқықтық тұрғыдан іс толық жабылған жоқ.

    Қазақстан консулдығының мәлімдемесі

    Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының хабарлауынша, 28 наурыз күні консулдық қызметкерлері аталған кентте жұмыс істейтін қазақстандықтармен, оның ішінде жанжалға байланысты ұсталған азаматтармен кездесу өткізген.

    Мәліметке сәйкес, вахталық кентте шамамен 15 мың адам тұрады. Олардың барлығы Ресейдің ірі экспорттық порттарының бірінің құрылысына тартылған түрлі мердігер ұйымдардың қызметкерлері.

    Алдын ала деректер бойынша, тәртіпсіздікке бірнеше жүз адам қатысқан. Оқиғадан кейін әртүрлі елдің 30-дан астам азаматы ұсталған. Тергеу амалдарынан соң олардың басым бөлігі босатылды.

    Консулдықтың мәлімдеуінше, бірқатар тұлғаға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына қатысты сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалған. Сонымен қатар тағы үш қазақстандыққа қатысты тергеу жалғасып жатыр.

    “Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер немесе медициналық көмекке мұқтаж адамдар жоқ. Барлығына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде”, – деп хабарлады ведомство.

    Оқиғадан кейін вахталық кент аумағында арнайы кездесу ұйымдастырылған. Оған қазақстандық жұмысшылар, учаске бригадирлері, Ресейдің құқық қорғау органдары, жұмыс беруші компания мен күзет агенттігінің өкілдері қатысқан.

    Кездесу барысында жанжал себептері талқыланып, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу шаралары қарастырылған.

    Қазіргі уақытта кенттегі ахуал тұрақты. Екі тарапқа қатысты тергеу шаралары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша жанжалға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға берілмек.

    Саясаттанушы не дейді?

    Саясаттанушы Асылбек Ізбайыровтың айтуынша, Усть-Лугадағы оқиға Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді. Ол бұл жағдайды мемлекетаралық деңгейдегі мәселе ретінде қарастыруға негіз жоқ екенін атап өтті.

    “Бұл – жалғыз болған оқиға, жүйелік сипат жоқ. Сондықтан Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа қандай да бір елеулі әсер етеді деп ойламаймын”, – дейді сарапшы.

    Саясаттанушының сөзінше, мәселе мемлекеттік қатынастарда емес, нақты жұмыс орны, компания ішіндегі жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Оның пікірінше, оқиғаға байланысты жан-жақты тексеру жүргізу қажет.

    “Жұмысшылар қалай алынған, олардың арасындағы қарым-қатынас қандай болған – осының бәрін зерттеу керек. Бұл жерде мәселенің түпкі себебі сол ортада болуы ықтимал”, – дейді ол.

    Сонымен қатар Ізбайыров бұл жағдайдың бірқатар сұрақ туындататынын жасырмады. Оның айтуынша, қазақ пен кавказ халықтарының, соның ішінде шешендермен қарым-қатынасы тарихи тұрғыдан алғанда әрдайым сыйластыққа негізделген.

    “Жалпы қазақ пен шешен халқының арасында ешқандай жеккөрушілік жоқ, тарихи тұрғыдан да қарым-қатынас жақсы. Сондықтан бұл оқиға белгілі бір деңгейде түсініксіз болып отыр”, – дейді саясаттанушы.

    Ол мұндай жағдайларды белгілі бір ішкі идеологиялық процестердің көрінісі ретінде де қарастыруға болатынын айтты.

    “Қазіргі Ресейдегі ішкі идеологиялық процестердің де ықпалы болуы мүмкін. Соңғы кезде осындай сипаттағы оқиғалар жиілеп бара жатқанын байқауға болады”, – деп атап өтті сарапшы.

    Сонымен бірге ол бұл жағдайды ұлтаралық немесе әлеуметтік қайшылықтармен байланыстыруға негіз жоқ екенін жеткізді.

    “Объективті тұрғыдан қарасақ, қазақ пен шешен арасында ешқандай этникалық немесе әлеуметтік қайшылық жоқ. Сондықтан бұл – түсініксіз, жекелеген жағдай”, – дейді Ізбайыров.

    Сондай-ақ саясаттанушы Қазақстанның консулдық қызметінің әрекетіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, ресми органдар жағдайға жедел әрі кәсіби түрде жауап берген.

    “Консулдық тарап өте жақсы жұмыс атқарды. Әлеуметтік желіде ақпарат тараған сәтте жедел реакция жасап, барлық шараны протоколға сай орындады”, – дейді ол.

    Сарапшының сөзінше, мұндай жағдайларда консулдық қызметтің жұмысы оңай емес, алайда Қазақстан тарапы өз міндетін тиімді атқарған.

    Ал еңбек миграциясы мен азаматтардың қауіпсіздігі мәселесіне қатысты Ізбайыров бұл оқиға түбегейлі өзгерістер жасауға негіз бола алмайтынын айтты.

    Оның пікірінше, шетелге жұмыс істеуге кеткен азаматтар – өз еркімен барған адамдар.

    “Бұл – мемлекеттік бағдарлама аясындағы көші-қон емес, азаматтардың жеке таңдауы. Біз құқықтық мемлекет болғандықтан, олардың қозғалысына шектеу қоя алмаймыз”, – дейді сарапшы.

    Сонымен қатар ол Қазақстанда еңбек миграциясының ауқымы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары емес екенін атап өтті.

    “Бізде Өзбекстан немесе Қырғызстандағыдай жаппай еңбек миграциясы жоқ. Сондықтан бұл бағытты қайта қарауға негіз жоқ”, – деді ол.

    Саясаттанушының айтуынша, азаматтардың шетелге жұмыс істеуге кетуінің негізгі себебі – экономикалық факторлар.

    “Адамдар жақсы табыс табу үшін барады. Бұл – ішкі экономикалық жағдаймен байланысты мәселе”, – деп түйіндеді Асылбек Ізбайыров.

    қазақтар сарапшы төбелес Усть-Луга

    Оқылып жатыр

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026

    Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

    14.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026

    Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

    14.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

    12.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.