Алматы облысында Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы трассасында болған жол-көлік оқиғасы төрт адамның өмірін қиды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, Audi A6 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде көлік Nissan Cefiro-мен соқтығысқан. Қатты соққы екі автокөліктің алдыңғы бөлігінен келген.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысын департамент басшылығы бақылауға алғаны хабарланды.
