Алматы қаласындағы жол жөндеу және құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы ретте Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Алматы қалалық филиалы жол құрылысына пайдаланылатын материалдардың сапасына тұрақты түрде бақылау жасап келеді.
Атап айтқанда, филиалдың инженері Досжан Сұрапбергенов Алматыдағы Асфальтбетон зауытына барып, өндірісте қолданылатын асфальтбетон қоспасы, қиыршық тас, битум секілді негізгі құрылыс материалдарынан сынамалар алды.

Айта кету керек, жол құрылысына пайдаланылатын материалдар сапасыз болса, жөнделген немесе жаңадан салынған жолдар қысқа мерзімде жарамсыз болып қалуы мүмкін. Сондықтан сапаны қадағалау – тексеруші органдардың ғана емес, жұмысты орындаушы компаниялардың да басты назарында болуы тиіс.
Жол активтері сапасының ұлттық орталығының инженерлік құрамдары алдағы уақытта да мегаполистегі жол сапасын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастыра береді.