Пойыз машинисі далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы тауып алған, деп хабарлайды Tarazy.kz
20 қыркүйекте сағат 12:30-да Сарыөзек — Үштөбе учаскесінің Тауарасы — Айнабұлақ аралығында жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына жалғыз бағыт алған төрт жасар баланы байқаған.
Машинист шамамен 38 шақ/сағ жылдамдықпен қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына отырғызып алған. Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлаған. Бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылған.

