Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу университетінің цифрлық трансформациясы

    13.01.2026

    Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

    13.01.2026

    «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

    13.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 13 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу университетінің цифрлық трансформациясы

      13.01.2026

      Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

      13.01.2026

      «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

      13.01.2026

      Шымкентте жас қыздың өліміне күдікті азамат ұсталды

      13.01.2026

      Ғылым ордасында қолжазба мұраны сақтау жөніндегі ғылыми кездесу өтті

      13.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Астана» клубының бесінші отырысының бағдарламасы жарияланды

    «Астана» клубының бесінші отырысының бағдарламасы жарияланды

    Өңір тынысы 29.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мерейтойлық форумның бірқатар негізгі спикерлерінің есімдері белгілі болды.

    11-12 қараша күндері «Назарбаев Орталығында» аймақтағы геосаясат пен қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған үлкен алаң «Астана клубының» бесінші жыл сайынғы отырысы өтеді. Екі күндік шара аясында дүниежүзіндегі ауқымды құрлықты не күтіп тұр және жаһандық үдерістер қай бағытқа қарай қарқын алуда деген маңызы сауалдар талқыға түседі.

    Бесінші отырыстың тақырыбы: «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында». Клубтың сараптамалық талқылауына АҚШ, Қытай және Ресей арасындағы қырғи-қабақтың ушығуы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея төңірегінде жаңа шиеленістердің бой көрсетуі сынды мәселелер арқау болмақ. Әсіресе, Еуразияда ынтымақтастықтың болашақ құрылымын қалыптастыруға үлкен көңіл бөлініп, жаһандық қауіпсіздіктің сын-тегеуріндеріне қарсы тұру жолдарын іздеу, сондай-ақ ядролық қаруды бақылаусыз тарату мәселелеріне назар аударылады.

    Шара аясында Әлемдік экономика және саясат институты Астана клубының қолдауымен жаһанның жетекші сарапшыларының стратегиялық болжамын жинақтаған «Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер» рейтингісінің кезекті шығарылымы таныстырылады.
    Кезекті басқосуға шартараптың 23 мемлекетінен геосаясат, экономика мен халықаралық қатынастар саласының маңдайалды сарапшылары ретінде мойындалған 50-ден астам халықаралық спикерлер қатысады деп күтілуде. Құрметті меймандардың қатарында — 3 бұрынғы мемлекет басшысы, 5 экс-премьер-министр, 10 министр және 1 Нобель сыйлығының лауреаты бар. Форумға қатысатын сарапшылардың географиясы кең. Атап айтсақ, АҚШ, Испания, Италия, Ресей, Жапония, Сербия, Австрия, Норвегия, Қытай, Үндістан, Бельгия, Ауғанстан, Швеция, Португалия, Оңтүстік Корея, Египет, Бангладеш, Словения, Қырғызстан, Иран, Ұлыбритания, Пәкістан елдері бар.

    Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен өтетін Клубтың пленарлық отырысы – іс-шараның негізгі өзегі «Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі» тақырыбын қаузауға арналады.

    «Астана клубы» отырыстарының бір бөлігі «Chatham house» ережелеріне сәйкес өткізіледі. Бұл талқылаудың жабық сипатта өтуін сақтайды және қазіргі уақыттағы Еуразия мен әлемнің ең өзекті мәселелерінің өткір әрі ашық талқылануына мүмкіндік береді. Осы жылдар ішінде клуб отырыстарына 40 елден 200-ден астам спикер қатысты.

    Оқылып жатыр

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу университетінің цифрлық трансформациясы

    13.01.2026

    Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

    13.01.2026

    «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

    13.01.2026

    Шымкентте жас қыздың өліміне күдікті азамат ұсталды

    13.01.2026

    Ғылым ордасында қолжазба мұраны сақтау жөніндегі ғылыми кездесу өтті

    13.01.2026

    Алматы тұрғыны бір бөлмелі пәтеріне 109 адамды тіркеген

    13.01.2026

    «Пайдалы тағам қымбат». Қазақстандағы фастфуд нарығы өсіп келеді

    13.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.