Атырау облысында 14 желтоқсаннан бері із-түзсіз кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1964 жылы туған азаматтың мәйіті Жылыой ауданы аумағындағы қамыс басқан жерде анықталған.
«Аталған азамат 15 желтоқсан күні іздеуге жарияланған. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат таратылмайды», – деп хабарлады полиция.
