Автор: admin

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің алдында қаладағы экономикалық-әлеуметтік ахуал жайында есеп берген Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев бір жарым ай бұрын облыс тарапынан берілген тапсырмалардың орындалғанын мәлімдеді. «Облыс әкімі тарапынан бір жарым ай бұрын берілген тапсырмалар толықтай орындалып жатыр. Атап айтсам, қаланың ирригация жүйесін жаңғырту бойынша лотоктар орналастыру және қала тазалығын сақтау аясындағы қоқыстар жинау мәселесі шешімін тапқан», — деді қала әкімі. А.Қарабалаевтың бұл мәлімдемесі аталған мәселелерге бақылау жүргізуші басқарма басшыларының өз салалары бойынша жасалған баяндамаларымен сәйкестік тапқанын айта кету керек.

Read More

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохаммед Салах қаңғыбасқа тиіскен бұзақыларды қуып жіберді. Бұл оқиға камераларға түсіп қалды, — деп хабарлайды Vesti.kz. Оқиға 28 қыркүйекте болған, ойыншы өз командасымен бірге лондондық «Арсеналға» қарсы матчынан қайтып бара жатқанда болған. Шабуылшы жасөспірім бұзақылардың қаңғыбасты қорлап жатқанын көріп, өтіп кете алмаған. Салах тәртіп бұзушыларды қуып жіберді, кейін жәбірленушіге 100 фунт берген. Ағылшын премьер-лигасының осы маусымында Мохаммед Салах төрт матч өткізіп, бес гол соққан. АПЛ төртінші турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Астон Вилладан» 2:7 есебімен жеңілген болатын.

Read More

Ертең еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, — деп хабарлайды «Қазгидромет». Синоптиктердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 08 қазанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-18 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с жетеді. Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші түнде және таңертең кей жерлерде 15-18 м/с күтіледі. Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде…

Read More

«Бірде-бір базар белгіленген талаптарға толық сәйкес келмейді. Қабылданған шаралар сатып алушылардың да, саудагерлердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз». Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев базар иелерінің қатысуымен өткен жиында осылай деді. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, облыс бойынша 41 базар тіркелген, онда 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді. — Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері тұрғындардың тауарларды негізінен базардан сатып алатынын көрсетіп отыр. Мәселен, азық-түлік тауарлары көлемінің 64 пайызы, азық-түлік емес тауарлар көлемінің 73 пайызы, техникаға қажетті бөлшектердің 81 пайызы және құрылыс материалдарының 85 пайызы базарлардан сатып алынады, — деп атап өтті А.Сейсебаев. Тұтынушылардың көптігін ескерсек, базарлардағы…

Read More

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2020 жылғы 5 қазанда бұйрық шығарып, 2020 жылдың 14 тамызындағы «Жамбыл облысында шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды zakon.kz. Атап айтқанда, қазір қонақ үй, отельдер, демалыс үйлері, туристік орталықтар және басқа да туристік нысандар мен тұрғылықты орын жалдау қызметтерін көрсету саласындағы ұйымдардың жұмысына рұқсат етілді. Сот орындаушыларына да жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен қатар, спорттық-сауықтыру орталықтары да енді өз жұмысын бастай алады. Барлардың, ойын клубтарының, сауда желілерінің жұмысына салынған тыйым жойылды. Қала маңындағы жолаушылар пойыздарының / электр пойыздарының қозғалысына рұқсат етілді. Сонымен бірге 65-тен асқан адамдар үшін емін-еркін жүруіне салынған…

Read More

Таулы Қарабақтағы Степанакерт қаласының маңында бірнеше жарылыс болды, — деп хабарлайды РИА Новости. Басылым мәліметінше, Степанакертте жергілікті уақытпен сағат 20:20-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:20) әуе шабуылының сиренасы шықты, бұл әдетте қаланың үстінде соққы жасаушы немесе барлаушы ұшқышсыз ұшақтардың пайда болуын білдіреді. Бұл жолы сирена ұзақ уақытқа қосылды — шамамен бір сағат. Содан кейін қала аумағында төрт жарылыс естілді. Әзірше қай нысандар бұзылғаны белгісіз. Степанакерттегі түнгі атыстан кейін зардап шеккен көппәтерлі тұрғын үй. Фото: РИА Новости

Read More

Ақтауда 16, 17, 18 және 19 шағынаудандар қиылысында жігіт пен қыздың арасындағы төбелес видеоға түсірілді, — деп хабарлайды Lada.kz. Видео кадрларынан қыздың жігітті қалай ұрып жатқаны көрінеді. Жігіт тек артқа шегінеді. Редакция түсініктеме алу үшін Маңғыстау облысының полиция департаментіне жүгінді.

Read More

Соңғы бір тәулікте қанша адамнан коронавирус табылғаны белгілі болды. «Қазақстанда өткен тәулікте 71 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды», — делінген Coronavirus2020.kz сайтында. Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы — 14Алматы қаласы — 1Шымкент қаласы — 1Ақмола облысы — 4Алматы облысы — 4Атырау облысы — 3Шығыс Қазақстан облысы — 18Жамбыл облысы — 1Батыс Қазақстан облысы — 1Қарағанды облысы — 9Қостанай облысы — 2Маңғыстау облысы — 1Павлодар облысы — 3Солтүстік Қазақстан облысы — 9 Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 108 177-ке жетті.

Read More

АҚШ президентін емдеп жатқан дәрігер Шон Конли Дональд Трамптың жағдайы туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости. «Президент бүгін таңертең өзін жақсы сезінді», — деді дәрігер журналистерге. Ол президенттің сақтық үшін ауруханаға жатқызылғанын айтты. «Біз қазір президенттің көрсетіп отырған жетістіктеріне өте ризамыз», — деді Конли. Оның айтуынша, Трампта аздап жөтел мен әлсіздік бар. Баспасөз мәслихатына қатысқан басқа дәрігерлер президентке оттегі берілмейтінін, тыныс алу және қимыл-қозғалыста қиындық жоқ екенін мәлімдеді. Трампта жұмадан бері температура жоқ. Трампты емдеу кезінде олар екі эксперименттік препарат қолданған: «Ремдесивир» және антиденелерден жасалған коктейль. Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғаны хабарланған. 

Read More

Осы жұмада Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша «Мейірім» жобасының тұсаукесері өтті. Облыста 18 жасқа дейінгі барлығы 433 мың бала тұрады. Оның ішінде 1352 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы әлеуметтік санатқа жататын 113 бала облыстың мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде. Жобаның тұсаукесеріне келген қонақтар алдымен Жастар сарайының фоесінде әзірленген өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталықтың балаларына арналған суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты. — Бізде барлығы 70 бала бар, олардың 49-ы осы «Мейірім» жобасына енді, ал бүгін көмекке мұқтаж алты бала шараға қатысуда,…

Read More