Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

    18.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    17.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 21 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

      18.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

      17.04.2026

      Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

      17.04.2026

      Жолға асфальт төселмес бұрын құрылыс материалдары зертханадан өтуі тиіс

      17.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    Басты тақырып 03.04.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанда Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің өкілеттігін кеңейту көзделіп отыр. Ұсынылған заң жобасына сәйкес, белгілі бір жағдайларда қаруды ескертусіз қолдануға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Мәжіліс арнайы мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты заңнамалық өзгерістер жобасын бірінші оқылымда қарады. Құжатқа сәйкес, терроризмге қарсы операциялар аймағында қызмет атқаратын мемлекеттік күзет қызметкерлеріне физикалық күш, арнайы құралдар, қару-жарақ, әскери және өзге де техника, сондай-ақ қызметтік жануарларды ескертусіз әрі қолданыстағы шектеулерсіз пайдалану құқығы беріледі.

    Сонымен қатар қажетті қорғаныс, аса қажеттілік немесе құқық бұзушыларды ұстау кезінде қызметкерлерге арнайы қару немесе жабдық болмаған жағдайда, кез келген қолда бар құралдарды қолдануға рұқсат етіледі. Бұдан бөлек, заң аясында тіркелмеген өзге қару түрлерін де белгіленген тәртіппен пайдалану қарастырылған.

    Мәжіліс депутаты Болат Керімбектің айтуынша, заң жобасы арнайы органдарға IT-мамандар мен дарынды жастарды тартуды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету өкілеттігін нақтылауды көздейді.

    Құжатта мемлекеттік құпияларды қорғауды күшейту де ұсынылған. Атап айтқанда, олардың қорғалу деңгейінің төмендеуі ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп ретінде қарастырылады. Сонымен бірге, экстремистік және террористік материалдарды таратуға ғана емес, оларды сақтауға да тыйым салу енгізіледі.

    Ілеспе заң жобасында мемлекеттік құпияларды қорғау талаптарын қайталап бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту қарастырылған. Сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметіне әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша хаттамаларды өз бетінше толтыру құқығын беру ұсынылып отыр.

    Айта кетейік, Мемлекеттік күзет қызметі — Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы орган. Ол Президентке тікелей бағынады және есеп береді. Қызмет 2014 жылы Президент күзеті мен Республикалық гвардияның бірігуі негізінде құрылған. Құрамына «Айбын» және «Батыр» президенттік полктері кіреді.

    Заң Қазақстан Мемлекеттік күзет қызметі СГО

    Оқылып жатыр

    Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

    18.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    17.04.2026

    Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

    18.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    17.04.2026

    Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

    17.04.2026

    Жолға асфальт төселмес бұрын құрылыс материалдары зертханадан өтуі тиіс

    17.04.2026

    Бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қарағандыда ұсталды

    16.04.2026

    Жаңа партиялар пайда болса, бәсекелестік болады — Мәулен Әшімбаев

    16.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.