Автор: admin

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиге Киевтегі Fabius мейрамханасында қастандық жасалды, — деп хабарлайды «Страна» порталы полицияға сілтеме жасап. Портал мәліметінше, бұл оқиға 30 қыркүйекте болған. «Белгісіз ер адам мейрамхана залына баса-көктеп кіріп, Саакашвилиге жақындаған. Осы сәт видеоға түсіп қалған. Видео кадрларынан ер адамның экс-президентке сөйлеп жатқаны көрінеді. Артынан тағы екі адам келеді. Содан олардың жанына күзетші барып, Саакашвилиге қарай өтуге кедергі келтіреді. Содан белгісіз ер адам Саакашвилидің үстеліне тағы да барып, артынша залдан шығып кетеді», — деп жазады портал.

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бүгін бірінші ханым екеумізде COVID-19 оң нәтиже көрсетті. Біз карантин мен қалыпқа келу процесін дереу бастаймыз. Біз оны бірге жеңеміз!» — деп жазды Дональд Трамп Twitter-де. Бұған дейін АҚШ президентінің кеңесшісі Хоуп Хикстен коронавирус расталғаннан кейін Дональд Трамп карантинге жатқызылды. Ол COVID-19 тестілеуінің нәтижесін күтіп отырғаны хабарланған болатын. «Үзіліссіз көп жұмыс істеген Хоуп Хикстен COVID-19 расталды. Қорқынышты! Біз бірінші ханыммен бірге тест нәтижелерін күтіп отырмыз. Осы уақытта біз карантин процесін бастаймыз!» — деп жазды Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында. Бұған дейін БАҚ өкілдері Хикстің Трамппен 29 қыркүйекте…

Read More

2020 жылдың 1-ші қазанында сағат 09:57 минутта полицияға, Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиға орнын қарау барысында полицейлер 2017 және кәмелетке толмағанның мәйітін тапқан. Болжам бойынша өлім – өрт нәтижесінде иіс газынан уланудан болған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292 бабы 3 б. бойынша сотқа дейінгітергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өртқауіпсіздігі ережелерін бұзу). Қажетті сараптамалар тағайындалды.Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларынқараусыз қалдырмауға, сондай-ақ балаларын тұрмыста өзін ұстаудыңқауіпсіздік ережелеріне үйрету қажеттігіне шақырады.

Read More

Желіде «Борат 2» фильмінің тизері пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Фильм 23 қазанда Amazon Prime Video сервисінде жарық көреді. Тизерден фильмнің бірнеше кадрын көруге болады. Онда Борат рөлінде ұлыбританиялық актер Саша Барон Коэн ойнайды. Айта кетейік, осыған дейін «Борат» фильмінің авторлары Twitter-де Қазақстан үкіметінің жалған парақшасын ашқаны хабарланған еді.

Read More

Илон Маск вакцина дайын болған кезде оны салғызудан бас тартты, — деп хабарлайды Daily Star. Tesla иесінің айтуынша, ол және оның отбасы қауіп тобына жатпайды. Сондықтан осындай шешім шығарған. «Бұл жағдай жалпы адамдардың иррационалдығы үшін адамзатқа деген сенімімді әлсіретті», — деді Маск подкастта. Айта кетейік, пандемия басында Маск коронавирусқа байланысты шектеулерге қарсы шықты. Сол кезде ол COVID-19-ға байланысты шыққан дүрбелеңді орынсыз деп атаған.

Read More

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Der Spiegel журналына берген сұхбатында оның улануына жауапты Ресей президенті Владимир Путин екенін айтты, — деп хабарлайды DW. «Бұл қылмыстың артында Путин тұрғанын мәлімдеймін, менде болған жағдайдың басқа нұсқасы жоқ», — деді Навальный. Ол қорықпайтынын және Ресейге оралуды жоспарлап отырғанын айтты. «Менің енді міндетім — батыл болу және менде қорқыныш жоқ!», — деді ол. Навальный уланғанда не сезгенін айтып берді. «Ешқай жерің ауырмайды, бірақ өліп бара жатқаныңды білесің», — дейді ол. Осыған байланысты Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин Навальныйды «ұятсыз және оңбаған» деп атады. «Путин оның өмірін қорғап қалды. Оған жасалған істі батыс мемлекеттерінің арнайы қызметтері ұйымдастырса,…

Read More

Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев су тасқынынан зардап шеккен Қабыл провинциясының тұрғындарына қазақстандық гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрлік мәліметінше, ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы және қоюлатылған сүттен тұратын азық-түлік 5 мыңнан астам мұқтаж отбасына беріледі. Іс-шараға қатысқан Қабыл провинциясының губернаторы Мохаммад Якуб Хайдари және АИР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Гулам Бахауддин Жилани Ауғанстан Үкіметі мен халқының атынан қиын кезеңде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді. Елші өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстанға достас қарым-қатынасын атап өтті. Сонымен қатар, еліміз осы күрделі жағдайда өңір елдеріне, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау…

Read More

Париж тұрғындарын жойқын жарылыс даусы шошытты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарылыс теннистен «Ролан Гаррос» турнирінің трансляциясында да естілді.  РИА Новости мәліметінше, Париж полициясы жарылыс туралы мәліметті жоққа шығарды. Полиция мәліметінше, қала үстінен жойғыш ұшып, дыбыс жылдамдығынан асып өткен.

Read More

Бүгін Тараз қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Қазақ халқына мың алғыс» монументі ашылды. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз төрінде бой көтерген жаңа нысанмен танысты. «Біздің ең үлкен жетістігіміз – Қазақстанда тұрып жатқан халықтар арасындағы достық. Елбасы Н.Назарбаев еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап осы қағиданы қазақстандықтардың бойына сіңіріп келе жатыр. Елбасы «біз барлығымыз көпұлтты Қазақстанның достығын, бірлігі мен ынтымағын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек» деп жиі айтады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттар ассамблеясы құрылды. Биыл сол Ассамблеяның құрылғанына 25 жыл толып отыр. Еліміздегі достық пен ынтымақ дами берсін, әрдайым тұрақтылық пен бейбітшілік болсын», — деген облыс әкімі аталған…

Read More

Шөлейітті жерде аққайың ағашын отырғызу қаншалықты миға қонымды іс? Әрине фантастика дерсіз. Қанша қияли болса да осындай бір бастаманы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының еріктілері қолға алыпты. Әрине шөлейтті деп қатты айтқан шығармыз, бірақ дәл сол Мойынқұм ауылының аты айтып тұрғандай жерінің көп бөлігі шөлейтті болып келеді екен. Мұндай бастаманы қолға алуға биыл еріктілер жылы болып жариялануының тікелей қатысы бар. Көктемде «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасының шағын гранттар байқауы аясында жеңімпаздар анықталып, 60-қа жуық шағын грант осы экология саласына бөлінген. Жеңімпаздардың бірі — Мойынқұм ауылындағы бір топ азамат шөлейтті жерде шырша және аққайың ағаштарының түрлерін отырғызуды жоспарлап отыр. Осы істің басы…

Read More