Автор: admin
Қадірлі жерлестер! Құрметті көпшілік қауым! Әлемді әлекке салған атышулы індет соңғы кездері ел-жұртты қатты алаңдатып, әрі-сәрі қылып қойғаны рас. Салғырт әрекетіміз бен немқұрайлы ниетіміз індетті одан бетер өршіте түсті.Тіпті, біздің қоғам күні кешеге дейін «Коронавирус бар ма, жоқ па?» деген мәселені талқылап, әлеуметтік желілер арқылы әртүрлі әңгімелердің өрбуіне себеп болғанын да жасыра алмаймыз. Яғни, халық осынау қауіпті инфекцияға сенімсіздікпен қарап, күнделікті тіршіліктің күйбеңімен тәртіп пен тазалықты ұмытып кетіп жатты.Енді қазіргі жағдай тіптен басқа. Қазір ел ішінде қорқыныш пен үрей басым. Халық өз өмірі мен жақындарының саулығы үшін алаңдайды.Дегенменде, сан қилы заманды бастан кешірген халқымыз қандай қиындық болса да өзінің елдігін…
Таразда карантиндік тыйым талаптарына қарамастан, түнгі уақытта сауда жасаған және санитарлық сақтық шараларын сақтамаған нысандар жазаланды. ⠀ Қалалық әкімдік, полиция және СЭС өкілдерінен құралған мониторингтік топ шаһардағы кезекті рейд жұмыстарын жүргізді. Өкінішке қарай, түн мезгіліне сауда-саттық жүргізіп жатқан азық-түлік дүкендері әлі баршылық. Олардың кейбіріне бірнеше рет ескерту жасалғаны тағы бар.⠀ Сонымен, мобильдік топ Тараздағы Әйтиев, Абай, Сүлейманов, Ниетқалиев көшелерінде жүргізген бақылау барысында аталған аумақта карантин талабын бұзған нысан анықталмаған. Алайда, Тәуке хан даңғылындағы бірнеше сауда нүктесі түн ауған шаққа дейін жұмыстарын жалғастыра берген. Мәселен, «Алатау» сауда-саттық кешені мен «Нұр» шағын маркеті карантин талаптарын сақтамаған. Тіпті, шағын маркет қызметкері тексеруші топты…
Жуалы ауданы әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтардың ескертуіне қарамастан кейбір кәсіпкерлік нысандар заң бұзушылыққа жол беруде. Мобильдік топтың зерделеуі нәтижесінде «Мирас»,» Керуен саз» дәмханалары мен «Кәусар»,» Алиева» сұлулық салондарының қызметкерлері карантиндік талаптарды өрескел бұзып, тұтынушыларға қызмет көрсеткен. Аталған заң бұзушылық бойынша аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462 бабына сәйкес хаттама толтырып, сотқа жолдады.
Осындай күрделі кезеңде адамдар бір-бірлеріне жан жылуына сыйлап, көмек қолын созуда. Қайырымдылық шаралары Жуалы ауданында да қарқынды жүргізілуде. Қайырымдылық шараларына жергілікті кәсіпкер азаматтар, ерікті жастар, басқа санаттағы адамдар белсене қатысып келе жатқанын баса айтуға тиіспіз. Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде емделіп жатқан науқастарға оттегі тасымалдайтын баллондар, тағы да басқа қажетті заттарды алуға ауданның бірқатар кәсіпкерлері көмектесіп отыр.Жақында аудандық ауруханаға қорғаныс құралдарының алғашқы легі жеткізілді. Оны Жуалы ауданында туып-өскен, қазіргі таңда басқа өңірлерде тұратын, сонда кәсіп ашып, жемісті жұмыс жасап жатқан жерлес кәсіпкерлер ұйымдастырып жеткізген. Бүгін 109,0 млн теңге көлеміндегі демеушіліктің алғашқы легі ауруханаға жетті. Ауруханадағы медициналық қызметкерлер жұмыс барысында күнделікті…
Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Қазақ халқы-Абайдың халқы» атты онлайн әдеби кеші өтті, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Кеш барысында мәдениет үйі қызметкерлерінің дайындауымен Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т.б лирикалық әндері орындалып, қара сөздерінен үзінділер оқылды. Кеш соңында «Абай жол» эпопеясынан көрініс қойылды. Абайдың 175 жылдығына орай ауданда жыл соңына дейін жоспарға сәйкес түрлі шаралар жалғаса бермек. Айта кетейік, 2019 жылы 30 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында…
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында мониторингтік топ Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде жаппай отбасылық салтанатты шараның өткізілуі туралы бейнежазбаны байқаған болатын. Шу ауданының әкімдігі полиция бөлімі және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті бірлесіп жүргізген тексеріс барысында бұл факті ағымдағы жылдың 26 маусым күні орын алғандығы расталды.Ол бойынша карантин режимін бұзып, іс-шара ұйымдастырғаны үшін ауданның 42 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынды. Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастырушы Шу ауданы Төле би ауылындағы оқу орындарының бірінде директор болып қызмет ететіні белгілі болды. Бүгін ол кезекті еңбек демалысында. Демалыс аяқталғаннан кейін тәртіптік…
Жас пен кәріге қарамай, жақындарымызды жалмап жатқан коронавирусқа қарсы төтеп беруде жұмыла жұдырық болып, істің берекесін арттырудың маңызы зор. Қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығы медициналық нысандардың жұмысына аяққа киілген кісендей кедергі тудырғаны рас. Сондықтан, халыққа күн-түн демей көмек көрсетіп жатқан медициналық мекемелерге дәрі жеткізу акциясы қолға алынды. Осылайша, қала әкімдігі мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қаржылық қолдауының нәтижесінде қаладағы 9 емханаға дәрі-дәрмек топтамасы табысталды. Айта кету керек, препараттармен қамтамасыз ету халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған қайырымдылық акциясы болып табылады. Кәсіпкерлердің демеушілігімен жалпы саны 560 азамат дәрі-дәрмек пакетімен қамтылатын болады. Пакеттегі дәрілер 7 күнге арналған және оның нарықтағы бағасын есепке…
Ағымдағы жылы Жамбыл облысында автожол бойынша 1145 жобаны жүзеге асыру жоспарланып, оған 30,2 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 8,3 млрд. теңгеге 23 жоба, «Ауыл — Ел бесігі» — бағдарламасы 2,4 млрд. теңгеге 84 жоба, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» — 15,2 млрд. теңгеге 843 жоба көзделген. Өңірде 1 346,2 км автомобиль жолдарын қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жоспарланған десек, оның 180,5 км — облыстық маңызы бар, 139,3 км — аудандық маңызы бар, 1026,3 км — елді мекен көшелері. Сондай-ақ, республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 ірі жоба іске асып жатқандығын айтып өту керек. Олар: «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ», «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» облыстық автомобиль…
2020 жылдың 1 тамызынан бастап Тараздағы автобустардың салондарына электрондық жол жүру картасы арқылы төлем жасауға арналған валидаторлар мен терминалдар кезең-кезеңімен орнатылатын болады.Осылайша, қала аумағындағы қоғамдық көліктерде жол жүру үшін электрондық карта арқылы төлеу кезінде жол ақысы барлық жолаушылар үшін – 65 теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) 30 теңгені құрайды. Ал, электрондық картасы жоқ азаматтар жол ақысын қолма-қол ақшамен төлейтін болса, жол жүру құны барлық жолаушылар үшін 130 (жүз отыз) теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) үшін 65 (алпыс бес) теңге мөлшерінде болады.«SAPARCARD» электрондық жол жүру төлем карталарын 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап қаладағы бірнеше нүктеден сатып алуға болады. Электрондық жол жүру…
2020 жылдың 17 шілдесі күні сағат 08:00-де мониторинг бойынша Жамбыл облысы аумағында COVID-19 ауруының 2522 жағдайы тіркелген, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші — 218,1 құрады. Тіркелген жағдайлардың ішінде симптомдары бар 1061 (42,1%), симптомдары жоқ 1461 (57,9%) науқас. 1461 адамның ішінде симптомсыз аурумен Тараз қаласында – 672, Байзақта – 102, Жамбылда – 86, Жуалыда – 46, Меркіде – 47, Қордайда – 140, Т.Рысқұловта – 38, Сарысуда – 105, Таласта – 45, Шуда – 47, Мойынқұмда – 12 оқиға тіркелді. Республиканың басқа өңірлерінен әскерге шақырылушылар арасында 117, басқа өңірлердің тұрғындарынан 4 оқиға орын алды. Симптомдық белгілері жоқ және COVID-19 ауру ағымының…