Автор: admin
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ақын, бірнеше мүшайралардың жеңімпазы Наурызбек Саршамен «Сары ақынның сағынышы» атты онлайн поэзия кеші өтті. Кеште жас ақын шығармашылығындағы өзгерістерді айтып, өлең өлкесінен жырақтап жүргенін, осы жылдарда журналистикаға ден қойып, «Аристократ» атты журнал шығарып жатқанына тоқталды.Өлеңнің құрылысы, ұйқасы туралы ойымен бөлісіп, жас ақындардың шығармашылығы туралы ой қозғап, аға буын өкілдерінен үлгі тұтатын азаматтары, олардың шығармашылығын айтып, ағаларының өлеңдерін оқыды. Кездесу барысында журналист ретінде қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға азаматтық позициясын танытып, ұлтының демі тартылғанда ұл болып өлең шығара алмағанын, бір туындының дүниеге келетініне айтып өтті. Жеке қызуғушылықтарын атап, бала жастан…
«Бала күлкісінен асқан қуаныш бар ма екен мына жалғанда?! Біріміз таңның атысы, күннің батысы күйбең тірліктің соңынан қуып келеміз. Енді біріміз бар дүниені кімнен екенін белгісіз қызғанып, орамалға түйіп, қымттап отырмыз. Таразыда салмағы ауыр амалдарға ден қойып жүргеніміз де шамалы. Әттең, ақтық мәренің марапатын алдын ала білсек, бәлкім жалтыраған дүниелерге алданбас па едік. Түнеугүні «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры Арман Қасеновпен ақылдасып, 57 көпбалалы және жалғыз басты аналардың балаларына, тұрмыстық табысы төмен отбасыларға көмек ретінде қаржылай және маңдай терін төске тамызып жүрген сала қызметкерлерінің адал еңбегіне – демалыс орталықтарына жолдама беруді жөн санап, бүгін сол аманатты үлестіру үшін аудандарды…
Ауыл – берекенің бастауыӨрелі істе өркендеу барАқбұлым ауылдық округіАқбұлым ауылдық округі – тарихи таңбаларға, ескерткіштерге бай елді мекен. Әсіресе, Қарасай шатқалындағы таңбалы тастар шоғыры ата-бабаларымыздың өмірінен сыр шертіп жатқандай. Қола дәуірінде адам баласы аң аулап, тіршілік жасаған әрі олар қолға ұстаған, көрген аңдарының бейнесін тасқа ойып салып отырған. Қарасай петроглифтері тау аңғарларында тұрған ежелгі адамдардың тұрмысын, салт-дәстүрі мен жосын-жоралғыларын айғақтайтын әмбебап үлкен тарихи кешен болып табылады. Онда тауешкі, ат, бұқа, ит, түйе және басқа хайуанаттардың суреттері кездеседі. Адамдардың аңшылық іс-әрекеттерімен қатар, тауешкілердің артқа қайырылған үлкен мүйіздері тасқа шеберлікпен бейнеленгенінен олардың киелі аңдар қатарына жатқызылғандығын көреміз. Кейбір тауешкілердің мүйізі қайқайып әрі…
Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен «Донор бол — өмір сыйла» атты акциясына аудан еріктілеріде өз үлестерін қосты. Облыстық қан тапсыру орталығына жиналған 30-ға жуық жамбылдық жастардың көкейінде сауапты іске атсалыссақ деген ой тұрса керек. Аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахимжановтың айтуынша, ерікті жастар акцияға үлес қосуға ынта білдіріп, қолқа салған. Қазіргі жастардың бойынан кез келген қасиетті байқауға болады. Олардың заман ағымына тез бейімделуі, заманауи технологияны тез игеруі жастардың ой-өрісінің дамығанын білдіреді. Әрине кез келген ілгерілеушілік адами құндылықтан ауытқымауы қажет. Бүгінде жастар аталмыш акцияға қатыссақ деп ұсыныс білдіргеннен кейін, біз бас тарта алмадық. Содан бәріміз бірге мұқтаж жандарға…
«Болар істің басына – жақсы келер қасына» дегендей-ақ Абай көшесі бойынан екі бірдей зәулім нысанның бой көтеруі болашақта аудан орталығының келбеті мен көркіні одан сайын ажарландыра түсетіні даусыз. Өткен-кеткендер бұл тұсқа көз тастамай өте алмайды. Жергілікті жастар болашаққа сеніммен қарап, көп үміт күтеді. Сол үміттің оты лаулайтын күнде алыс емес. Сондықтан да шығар, аудан жастары құрылыс жұмысы жоғарғы қарқынмен жүргізіліп жатқан спорттық-сауықтыру кешенін қазірден-ақ айналшықтап жүр.Нысан қазан айында пайдалануға берілмек. Келесі нысан көп пәтерлі бес қабаттан тұратын тұрғын үй құрлысы. Бұл нысанның құрылысы кеше ғана бастау алғандай еді, санаулы күндердің ішінде қабырғасы бой көтеріп қалған. Мердігер мекеме «биномдықтардың» сөзіне сенсек,…
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы облысымыздың барлық өңірінде жүзеге асырылуда десек, Жамбыл ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында жағдай мүлдем бөлек. Бөлек болғаны сол, ауыл тұрғындары мен қолы ашық азаматтары ауыл кәриелерінің тұрмыстық табысы төмен отбасыға ауыл болып баспана салуымыз керек деген насихатын санаға түйіп, білек сыбана кіріскен. Сөзімізге назардағы суреттер дәлел болады. Ауыл әкімі Самат Селеубаев жұртшылықтың кең пейілділігі мен адамгершілігінің арқасында құрылыс жұмыстары осындай деңгейге жеткендігін айтады. «Біз қиындықта қарайласқан халық екенімізді тағы мәрте дәлелдеп отырғандаймыз. Ләйім Алла тағала ауызбіршілігімізден айырмасын. Алдағы уақытта ішкі әрлеу жұмыстарын тәмамдап, жылу жүйесін жүргіземіз. Ең қызығы мұқтаж отбасыға баспана кілтін…
«Жастарыңды көрсет, еліңнін ертеңін айтайын» демекші, жастар ықылым заманнан бері – қоғамның қозғаушы әрі жетелеуші күші болып саналады. Ал олардың аяқтан тұрып, еңсе тіктеуіне мемлекетімізде қолға алынған түрлі бағдарламалар мен алуан акциялардың септігі орасан. Үстіміздегі тышқан жылы әлем халықтарына зілін артып, аты жаман індеттің дендеуі баршамызды сергелдеңге салды. Биылғы оқу жылы қашықтықтан оқыту форматына көшетінін ескерсек, көпшіліктің көкейін «Мектепке жол» акциясы ұмыт қалар ма екен?! деген ой мазалағаны белгілі. Бұл тұрғыда мемлекетіміздің басты мақсаты – жастарымыздың жарқын болашағына жағдай жасау екенін қаперге түйгеніміз абзал.Кеше аудан әкімі, Nut Оtan партиясы аудандық филиалының төрағасы Сәкен Арубаев партияның «Балаларды мектепке даярлайық» қайырымдылық акциясы…
Бірі білсе, бірі білмес Құмтиын ауылында «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының өкілі Марат аға Оспанов тұрады. Ағамыздың жан сүйсіндірер қарапайымдылығы өз алдына бөлек тақырып десек, қайырымды амалдары да бір төбе екен. Жолығып, тілдескен кейін Марат ағаны жақсылық арқалаушы, жомарт жанға балағанбыз. Бүгінде ауданның орталығынан аудан әкімдігі қажетті заттармен жабдықталған жұмыс бөлмесінде берген екен. Жұмысқа білек сыбана кіріскеніне көп уақытта болмаған. Дегенмен жұмысының алғашқы шымылдығын ізгі шарамен ашқанды жөн көріпті. Игі іске иілген азамат өз қаражатына 100 дана картоп сатып алып, аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға, тұрмыстық табысы төмен және бала асырап алған отбасыларға үлестірген. – Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген аты…
Қаракемерліктердің өнерге деген ықыласы мен ыждаһатының ерекше екенін тұрғындардың көп жылдан бері осы мәселені аудандық атқамінерлерге көтіріп, өнер ошағының қажет деп тап басып айтуынан аңғаруға болады. Дегенмен жағымды жаңалық төбе көрсетті! Өтініш-тілектер назарға алынып, мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауылдық клубтың құрылысына 81 млн 612 мың теңге бөлініп, «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіне кілт табыстауға дейінгі жұмыстар жүктелді.90 адамға арналған клубтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бір айта кететін жайт, тұрғындар құрылыстың сапасына ерекше назар аударуда. Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың құрылыс жұмыстарын зерделеу кезінде, қаракемерліктер құрылыстағы көңілі толмайтын тұстарды басып айтып, шара қабылдауын өтінуі ауылға деген жанашырлықтың айқын белгісі емес…
Бүгін, 16 тамыз күні Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Бұл туралы қазақстандық бірқатар БАҚ хабарлады. Олардың жазуынша, Айсұлтанның өліміне жүрек талмасы себеп болған. Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің (дипломатиялық қызметтерде істеген. 2007 жылы қуғанға ұшырап, 2015 жылы ақпанда Вена түрмесінде өлі күйінде табылды. Ресми тергеу ол суицид жасаған деген шешімге келген. Ал Әлиевтің екінші әйелі Эльнара Шоразованың адвокаттары германиялық эксперттерге сілтеп, Әлиевті өлтіріп кетті деген) екінші ұлы. Ол 1990 жылы туған.