Автор: admin
Экономиканың кез-келген саласында істің алға басуы елдегі ішкі-сыртқы ахуалға байланысты болатыны карантиндік шектеулер кезінде айқын сезілді. Ал тұрғындардың тұрмыс жағдайы ай сайынғы тұрақты табыстарына тәуелді екені, айтпаса да түсінікті. Ендеше елімізде жарияланған төтенше жағдайлар кезеңінде, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаулар әлі де жеңілдей қоймаған шақта өңірдегі еңбек қатынастары қалай қалыптасып отыр? Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында осы мәселелер қаралды. Облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаевтың айтуынша, осы кезеңде 3262 жұмыскер ақысыз, 10904-і ақылы еңбек демалысына жіберілген екен. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай әлі толық тұрақтанбай тұрғандықтан біз секілді 10904 адам қашықтықтан, 4109-ы толық емес жұмыс режімінде еңбек етуге мәжбүр болып отыр.…
Өңірде «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, облыстың БАҚ саласында біршама құрылымдық өзгерістер орын алғандығын бұрын хабарлаған болатынбыз. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев облыстық «Ақ жол» газетіне арнайы келіп, облыстық «Aq jol», «Знамя труда» және «Арай» жастар газетінің ұжымымен кездесіп, жаңа құрылымның мақсат-міндеттері қахында, қазіргі баспасөзге қойылатын талаптар жайлы кеңінен баяндады. -Басылымдарды бір медиа құрылымына топтастырудағы басты мақсатымыз орталық қаржыландыруға оңтайлы жағдай жасау. Сол арқылы журналистердің табысты жұмыс жүргізуіне мүмкіндік тумақ. Алдағы уақытта қаламақыны, үстемақыны көбейту жағдайын да қарастыратын боламыз. Бұл бір жағынан заманның талабы. Облыстағы үш газеттің де өзіндік тарихы бар. Журналистер қашанда халық пен биліктің арасындағы…
Бүгінде Жамбыл облысының елді мекендерінің 57,8 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. 2023 жылы облыс тұрғындарын толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров хабарлады. Ағымдағы жылы 17,4 миллиард теңгеге 50 сумен жабдықтау нысанының құрылысы жүргізілуде, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жыл соңына дейін 34 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тиісті қаржы «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында қарастырылған. Сумен жабдықтау нысандарының басым бөлігі Жуалы, Байзақ, Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарында салынатын болады. 2021-2023 жылдары 84 елді мекенге жүздеген шақырым су құбыры тартылады десек,…
Бүгінгі қала көлемінде өткізілген сенбілікте көше бойындағы 48 шақырым арық жүйелері тазалариылып, 81 техникамен 203 тонна күл-қоқыс шығарылды. Жалпы сенбілікке 5600 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, қаланың орталық және магистральді көшелеріндегі санитарлық тазалық жөніндегі сенбілікке «КазтТрансГаз Аймақ» кәсіпорны да белсенді атсалысуда. «КазТрансГаз Аймақ» қызметкерлері жаңа 15 мөлтекауданды абаттандыруға жұмылдырылған. Мөлтекаудандағы көшелерге фрезерленген асфальт бетон төселуде Сонымен қатар мөлтекауданның аумағы тазартылуда. Облыстық басқармалар мен қалалық мекемелер қаланың орталық және магистральді көшелерінде санитарлық тазалық жөніндегі сенбілікке белсенді атсалысуда. Сүлейменов, Балуан Шолақ, Пушкин көшелерінің бойында облыстық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджеттік бағдарламалр, ауылшаруашылық,қаржы, сәулет және құрылыс бөлімдері көше бойындағы…
Жамбыл облысы әкімдігінде өткен жиында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қызметінің бес стратегиялық бағытын іске асыру жайы талқыланды. «Тараз» ӘКК-нің жаңадан тағайындалған төрағасы Олжас Қаржауов өз баяндамасында ағымдағы мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті. Бірінші бағыт – лизинг және несие арқылы техника сатып алу үшін корпорация 107 кәсіпкермен жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге дейін олар жалпы құны 2,4 миллиард теңгеге арнайы техника сатып алған десек, мерзімі өткен берешектің мөлшері 182,8 миллион теңгені құрап отыр. Дегенмен, борыштарды өтеу жұмыстары қазірдің өзінде нәтижесін беруде. Атап айтсақ, алғашқы кезеңнің өзінде 15 миллион теңге төленген. Баяндамашы ауыл шаруашылығы басқармасы мен аудан әкімдеріне лизинг алушылардың мәселелерін бірлесіп…
Биыл Жамбыл облысы Талас ауданында 77 жобаны жүзеге асыруға 5,6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сәрсенбі, 3 маусым күні облыс басшысы Бердібек Сапарбаев аталған ауданға жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар жобалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығын тексерді. Аймақ басшысы алдымен орталықтандырылған су құбырының құрылысы аяқталуға таяу қалған Майтөбе ауылына барды. Мердігер ұйым «Пырақ-Құрылыс» ЖШС нысанды маусым айының соңында тапсырмақ. Нәтижесінде елді мекендегі барлық 328 аула таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Сондай-ақ, өңір басшысы ауылдық дәрігерлік амбулаторияны аралап көрді. Ол медициналық қызметкерлер мен күндізгі стационарда ем алып жатқан науқастарды әңгімеге тартты. Одан әрі облыс әкімі шалғай орналасқан Қараой ауылына…
Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында Мемлекеттік рәміздер күні аясында пәтер кезегінде ұзақ жылдар бойы тұрған 90 адамға «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған пәтер кілттері табысталды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Пәтерлер жетім балалар, мүгедектер, толық емес және аз қамтамасыз етілген отбасылар, сонымен қатар әлеуметтік жағынан халықтың осал тобындағы басқа да санаттарға жататын азаматтарға берілді. 5 қабатты екі тұрғын үй Арай-2 шағынауданында орналасқан. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады. — Біздің елде қолжетімді баспана мәселесін шешуге айрықша көңіл бөлінуде. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам тараздық жаңа қоныс тойын тойласа, биыл облыс орталығын…
Тарихы бай, ерекше мәдени-тарихи орындар мен табиғи ресурстарға ие бола тұра Жамбыл облысы әлі күнге дейін туризмді дамытуда бірқатар кедергілерді кешіруде. Өткен тарихы терең өңір алдында барша қазақстандықтар мен шетелдіктерді тартуға қабілетті қазіргі заманға лайық туризм индустриясын құру мәселесі тұр. Бұл туралы басқосу барысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев атап өтті. Туризм саласындағы кадрлар тапшылығы, автожолдар сапасының нашарлығы, жол бойындағы сервис деңгейінің төмендігі секілді туризмнің дамуына кедергі келтіретін көптеген мәселелер облыс әкімдігінде өткен жиында жан-жақты сараланды. Туризм басқармасы осы орайдағы мәселелерді шешу үшін туризм саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеуде. Басқарма басшысы Ғани Майлыбаевтың айтуынша, бұл бағытта бірнеше жобаны…
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері осыдан 28 жыл бұрын, 4 маусым күні бекітілген болатын. Содан бері аталмыш датаны барша қазақстандықтар айтулы мереке ретінде атап өтіп келеді. Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Тараз қаласында «Жастар» аллеясындағы «Сахна» алаңшасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін «Елтаңбам – елдігім, көк туым – теңдігім!» атты патриоттық акция аясында авто-мото-велошеру, ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Қасиетті көк байрағы елімнің!» атты акциясы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік Ту ілінді. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран. Мемлекеттік үш нышанды таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық…
Балық шаруашылығын дамыту мәселесі Жамбыл облысы үшін маңызды күйінде қалып отыр. Бүгінде балық өсірудегі аймақтың бұрынғы даңқын жаңғырту жолында бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Жамбыл ауданының «Сандель» шаруа қожалығының балық тәлімбағы аумағында өткен семинар-кеңес барысында саланың жағдайы туралы жан-жақты сараланды. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу орталықтары мен облыстың әр түкпірінен балық жемін өндіретін компания мамандары қатысты. «Сандель» шаруа қожалығы аквамәдениетпен 2005 жылдан бері айналысып келеді. Инкубациялық цехта кәсіпорын 100 миллион дана дернәсіл мен 10 миллион дана шабақ өндіреді. Шаруашылық басшысы Дилмурат Хусаин-Ахуновтың айтуынша, екі жыл ішінде дернәсіл өндірісін 150 миллион…