Автор: admin

Таяу күндері Таразда қоғамдық көліктің қызметін қайта жандандыру жоспарланып отыр. Тиісті шешімді облыстық жедел штаб қабылдады. Ол үшін тасымалдаушы компаниялар маршрут автобустары мен парктерді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіруі керек. Осыдан кейін ғана автопарктер қызметін қайта бастауға рұқсат ала алады. Атап айтқанда, автобус салонына медициналық бетперде киген жолаушылар ғана кіру тиіс. Жолаушылардың арақашықтығы кемінде 1 метр болуы керек. Салонның толтырылуы 50 пайыздан аспауы тиіс. Автопарктер әкімшілігі персоналға жеке қорғану құралдарын пайдалану бойынша нұсқау беруді, дене қызуын өлшеу бойынша күнделікті медициналық тексеруді ұйымдастыруы қажет. Жіті респираторлық инфекция белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Сондай-ақ, маршруттың аяқталуы…

Read More

Таразда ерекше форматта «Соңғы қоңырау — 2020» мерекелік іс-шарасы өтті. Облыс орталығындағы «Жастар аллеясында» өткен соңғы қоңырау барысында 6 автокөлік Ұлы ақын Абай Құнанбаев бейнеленген байрақты желбіретіп, 6 бағыт бойынша Тараз қаласын жүріп өтті. Көлікте пәндік олимпиадалар, түрлі шығармашылық халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, «Жас ұлан» ұйымының белсенді көшбасшылары, республикалық «Жас патриоттар» академиясының мүшелері отырды. Балалар ақынның поэзиясын, өлеңдерін, қара сөздерінен үзінділер оқып, әндерін орындады. Бұдан бөлек көліктерде дауыс күшейткіш арқылы «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған құттықтаулар, білім саласының жетістіктері айтылды. Сондай-ақ, бұл күні әр сыныпта барлық оқушының қатысуымен онлайн соңғы қоңырау және сынып сағаттары өткізілді. Облыс әкімі Б.Сапарбаев жергілікті телеарнадан оқушыларды…

Read More

2020 жылдың 24 мамыр күні Б.Момышұлы көшесінің бойында орналасқан «Мыңбұлақ», «Диана», «Айрылмас», «Гаухар», «Зарина» сауда орталықтарында рейд жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде карантин режимін сақтамаған азаматтарға хаттама толтырылып, заң аясында шара қолданылды. Карантин режимін тұрғындардың сақтамай, сауда орындарында, далада топтасып жүруі ауруды жұқтырудың бірден бір жолы. Тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстанып, үйде болуға, көшеге серуенге шыққанда бетперде, қолғап кию түсіндірілуде. Қалалық полиция қызметкерлері, мобильдік топ мүшелері Б.Момышұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің аулаларын, рұқсат берілген сауда орындарын аралап, сақтық шараларын берік ұстануды, келушілердің кіре берісте антисептикалық сұйықтықтармен залалсыздандырылуын, бетпердесіз дүкенге кіргізбеуін және бизнес нүктелерінің белгіленген уақытқа дейін барлық сақтық шараларын сақтай отырып жұмыс істеуіне…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудандарға жұмыс сапарын жалғастыруда. 22 мамыр, жұма күні аймақ басшысы Жуалы ауданына барып, онда ауызсу, көгілдір отынмен қамту, мектеп құрылыстары мен жөндеу жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Ауданда түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша 38 жобаны жүзеге асыруға 4,6 миллиард теңге бөлінген. Қарасаз ауылдық округінің Ақбастау ауылында 136 аулада 720 адам тұрады. Бердібек Сапарбаев 1993 жылы бой көтерген, бүгінде 187 бала біліп алып жатқан ауыл мектебіне ат басын бұрып, кабинеттер мен спорт және акт залдарын аралады. Ол мектеп басшылығының назарын оқу ордасының ішкі безендіру, балаларға қолайлы жағдай жасау қажеттілігіне аударды. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында…

Read More

«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің жұмысшылары тарихи кешен «Қарахан» кесенесі маңындағы сквер аумағына көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Кешен аумағы тазаланып, алуан түрлі гүлдер отырғызылуда. Кешеннің жан-жағындағы сынған кафельдер орнына жаңалары салынуда. Сонымен қатар Абай, Төле би даңғылдары мен қаланың шығыс және батыс қақпалары жағының көше бойындағы шөптері орылып, талдар әкпен балақталуда. Облыстық, қалалық мекеме, кәсіпорындарының қызметкерлері қала аумағында бекітілген көшеде тазалық жұмыстарын жүргізді. Алдын ала сенбілік туралы хабарлама таратылды. Жапы сенбілікке 2810 адам тартылып, 163 тонна күл-қоқыс шығарылды, ұзындығы 47,8 км арық жүйелері тазартылып, 72 дана техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары кезінде санитарлық талаптарды сақтауға баса назар аударылды. Жұмысқа жұмылдырылғандар арасында сақтық шараларына сәйкес…

Read More

Бүгін коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевтың тапсырмасымен «Темірқазық» волонтерлар қозғалысының еріктілері қала тұрғындарына 3000 бетперде таратты. Мамандар қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының күрт өсуіне байланысты, санитарлық нормаларды сақтау қажеттігі, атап айтқанда жеке қорғаныс құралдарын қолдану (қорғаныс бетперделерді кию, антисептиктерді қолдану) өз денсаулығыңыз үшін маңызды екенін ескертіп отыр.

Read More

Бүгінгі таңда Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, №3 үйдің 2-ші кіреберісі (15 пәтер), «Қаратау» мөлтекауданындағы №22 үйдің 2-ші кіреберісі (15 пәтер), Байзақ батыр көшесі, №242 үйдің 1-ші кіреберісі (15 пәтер), «Алатау» мөлтекаудындағы №43 үйдің 1-ші кіреберісі (8 пәтер), «Қарасу» мөлтекауданындағы №25 үйдің 1 блогы (8 пәтер) карантин режимінде. Аталған тұрғын үйлердің аумағында «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының мамандары күнделікті дезинфекция жұмыстарын жүргізуде. «Жасыл-Ел Тараз» ЖШС-ның қызметкерлері қаладағы «Құмшағал», «Қызыл абад», «Көлтоған», «Шөлдала», «Шалғай Қарасу», «Қант зауыты», «Ақбұлым» аумақтарының және ықшам аудандардың көшелірінде дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараға 6 қызметкер, 6 техника жұмылдырылып, 300 кг дезинфекциялық ерітінді жұмсалып,…

Read More

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ағымдағы жылдың маңызды даталары ретінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Бауыржан Момышұлының 110 жылдығын атап өтті. Облыс әкімдігінде өткен жиында аймақ басшысы белгілі мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін, сондай-ақ дипломдар мен Алғыс хаттар табыс етті. Бердібек Машбекұлы мәдениет қызметкерлерінің онлайн форматқа негізделген мерейтойлық іс-шаралар жоспарына ерекше көңіл бөліп, «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен «Мұражай түні» бағдарламасының ұнағанын жеткізді. Еркін форматта өткен кездесу жылы шырайлы әңгімеге ұласты. Шынында да, Бердібек Машбекұлының өнер адамдарына үлкен құрметпен қарайтынын көпке белгілі. «Біз бұл кездесуді үлкен форматта өткізуді ойлағанбыз, алайда пандемияға байланысты…

Read More

Жамбыл облысының əкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар білім нысандары мен «Даңқ» аллеясын аралап, ондағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы «Даңқ» аллеясын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Осыдан 50 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне салынған аллеяның талай жылдан бері күрделі жөндеу көрмегені көрініп тұр. Аллеяны уақыт талабына сай қайта жаңғырту үшін бюджеттен 34 миллион теңге бөлінген. Құрылысты «Самұрық 2020» ЖШС жүргізуде. Серіктестік директоры Нұрғиса Қуанышбаев аллеяны жаңғырту жұмыстары аясында жаңа су бұрқақ салынып, «Мəңгілік алау» стелласы және өзге де көрнекі белгілер пайда болатынын жеткізді. Алайда, бөлінген қаражаттың аллеяны толық жөндеуге жетпейтінін, оның жарты бөлігінің ғана…

Read More

Жамбыл облысы орталығында «Тараз – Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша «Taraz city» мобильді қосымшасы іске қосылады. Облыс әкімдігінде өткен басқосуда «Тараз – Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарының және облыс орталығындағы қылмыс деңгейін төмендету мақсатында облыс прокуратурасымен әзірлеген «Taraz city» мобильді қосымшасының жобасы талқыланды. Олар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде тұрғындардың өз шағымдары мен сұрақтарына дер кезінде жауап алуына, қала өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік бермек. «Тараз — қауіпсіз қала» жобасын әзірлеушілер оны іске асыру қаладағы моральдық-адамгершілік ахуалды жақсартып, қылмыстық көріністерді барынша азайтуға көмектеседі деп есептейді. Отырысқа қатысушылар ұсынылған жобаны құптады. Өз кезегінде облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров…

Read More