Автор: admin
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! 2020 жылдың 14-31 мамыр аралағында Тараз қаласының логотипіне (бренд) ашық байқау жарияланады.Байқау материалдарын Тараз қаласы, Жүнісәлиев көшесі, №1 (4 кабинет) мекенжайы бойынша 2020 жылдың 31 мамыр күні сағат 18.00-ден кешіктірмей тапсыру қажет.Байқауға эскиздер jpeg, cdr, psd нұсқасында ұсынылуы қажет.Байланыс телефондары: 45-54-97, 8 776 622 97 97Е-mail: gor_arhitektura@list.ru Тараз қаласының әкімдігі. Тараз қаласының логотипіне (бренд) ашық байқау өткізу туралыЕРЕЖЕЖалпы ереже Ең жақсы логотипқа ашық байқау өткізу туралы осы Ереже байқаудың мақсаттары мен тапсырмаларын, қатысу шарттарын, көрсетілген жұмыс талаптарын, бағалау өлшемдерін, өткізу мен жеңімпаздарды марапаттау тәртібін анықтайды және байқау іс-шаралары аяқталғанша әрекет етеді.Қағиданың мақсаты – Тараз қаласының үздік…
Қордай ауданында жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден асатын 387 жоба іске асырылуда. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудандағы екі күнге жоспарланған жұмыс сапары барысында аталған жобалардың сапалы орындалуы, қордайлықтардың қоғамдық-саяси ахуалы және көңіл-күйлері басты назарға алынды. Аты аңызға айналған халық ақыны, әнші-композитор Кенен Әзірбаевтың туған жері Кенен ауылы табиғаты тамаша, мәуелі мекен десек артық айтпаймыз. Аудан басшылығы оны облыстың ең үздік ауылдық елді мекені байқауына қатыстыруды жоспарлауда. Дегенмен ауылдықтардың көтерер мәселесі де жоқ емес. Соның бірі – таза ауыз судың тапшылығы. Бұл түйткілді оңынан шешу үшін 132 миллион теңгеге 16 шақырымдық су құбыры тартылуда екен.…
Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығымен бекітілді. Қазақ жазуының латын графикасына негізделген әліпбиге көшуі – елімізді рухани жаңғыртудың басты өзегі болмақ. Ең алдымен, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен,…
Мерекеге қарамастан, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 9 мамыр күні Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барды. Ондағы мақсат – ауылдарды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы кездесіп отырған мәселелермен танысу, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Айта кету керек, биыл Байзақ ауданына 173 жобаны жүзеге асыруға 12,9 млрд. теңге бөлінген десек, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 6,3 млрд. теңге және өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 3,3 млрд. теңге қарастырылған. Бурыл ауылында ағымдағы жылдың наурыз айында 300 оқушыға арналған орта мектептің құрылысы басталған. Жобаның сметалық құны — 1,2 млрд. теңге. Мердігер ұйымның директоры Еркін Құлманбетовтың айтуынша, нысанда жұмыс кесте бойынша жүруде, ешқандай мәселелер…
«Жұмыс нашар жүргізілуде» — Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі цифрландыруды енгізуге бағытталған шаралар барысын осылай бағалады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бұл мәселе ағымдағы жылдың сәуір айында өткен кеңесте жан-жақты талқыланған. Бір айдан кейін бұл тақырып тағы да қаралмақ десек, ол бұл бағыттағы жұмыстардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Басқосуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеровтің баяндамасынан цифрландыруды енгізу бойынша бірқатар бастамалардың орындалмағанын байқауға болады. Айталық, білім беру саласында 7 бастаманың бесеуі, денсаулық сақтау саласында 12 бастаманың 10-ы ғана жүзеге асырылған. Әлеуметтік қызметтерді ұсынуда, қалалық басқарушылықта, көлік, жер қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да кемшіліктер бар. — Ел…
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! Мемлекеттік “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасы аясында іске асырылатын жобалардың сапасын бақылау және елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалығын қадағалау бойынша Тараз қаласының аумақтық округтері бойынша 11 жұмыс тобы құрылғаны сіздерге мәлім. Тараз қаласының №11 территориялық округіне қарасты-Құмшағал шағын ауданы және Қызылабад, Көлтоған, Жиделі, Казарма, Береке, Шөлдала алқаптарында үстіміздегі жылдың 8 мамырынан бастау алған жұмыстар №11 жұмыс тобының жетекшісі Серғали Өмірзақұлы Айдапкеловтың ұйымдастыруымен өз жалғасын табуда. Жұмысшы топтың мүшелері округ территориясын аралап, ондағы мәселелерді анықтап, жағдаймен танысу нәтижесінде, үстіміздегі жылдың 12 мамыр күні топтың бірінші отырысында атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Жұмысшы топқа округ бойынша 19 870 тұрғынды…
Биыл Жамбыл облысында мәдениет саласында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Атап айтар болсақ өңірде«Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында алты жаңа ауылдық мәдениет үйі мен клубтар ашылады. Сонымен қатар, екі ауылдық клуб пен кітапхана жөндеуден өтеді. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ағымдағыт жөндеуден, ал Байзақ аудандық мемлекеттік мұрағаты абаттандырылады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Сейсенбі, 12 мамыр күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы жұмыс сапары барысында «Қарахан» және «Тектұрмас» этно-тарихи кешендерін қалпына келтіруге бағытталған жоспарлы жұмыстар барысымен танысты.Қазіргі таңда бұл нысандар еліміздің түкпір-түкпірінен келетін туристер үшін де, тағзым етшілер үшін де тартымды орын саналады. Алдағы уақытта…
Қаһарына мінген қала әкімі Айтқазы Қарабалаев Таразды күл-қоқыстан аршып, бей-берекетсіздіктермен бел шешіп күресуді бастап кетті. Соңғы күндердегі қауырт жұмыстардың нәтижесінде 374 тонна күл-қоқыс шығарылып, 58 шақырым арық жүйесі тазартылған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекованың айтуынша, Тараз қаласында 1799 тал-дарақ бұталанып, 103 құрылыс нысанының қоршаулары қалыпқа келтірілген. Бей-берекет орналасқан 109 сауда орынын тып-типыл етіп, заңсыз тұрған 65 дүңгіршекті алып тастаған. «Қызыл сызық» нормаларын бұзған 13 құрылыс нысанын бұзуға пәрмен берілсе, 127 бизнес субъектілерінің ғимараттары эскиздік жобаға сәйкес жаңартылған. Ал жабайы жарнамалар ілінетін орынға айналған 221 аялдама сырланып, қалыпқа келтірілген. Бұл жұмыстар «Жұмыспен қамту…
Моңғолиядағы ең танымал спорт түрлерінің бірі Моңғолияның ұлттық күресі. Бұл елде ұлттық күрес балуаны олимпиада жүлдегеріненде артық сый құрметке ие болып жатады. Себебі бұл спортпен шұғылдану кез келген адамның қолынан келе бермейді. Тұла бойға біткен табиғи күш, жылдамдық, әдіс тәсіл, оған қоса дайындық барысындағы көп жылғы төккен тердің арқасында ғана жоғары жетістікке жетуге болады. Жәнеде бұл күресте салмақ айырмашылығы дейтін болмайды. Сондықтан да Моңғолдар бұл спортты тектілердің спорты деп атайды. Балуандар сұмындық, аймақтық, мемлекеттік дәрежелі деп бөлінеді. Сұмындық дәрежелі балуан 32 немесе 64 балуаннан ағалап сұмындық піл атағын алса, аймақтық дәрежелі балуан 128 немесе 256 балуаннан ағалап аймақтық арыстан атағына…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзінен кейін бірден облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өңірлік жедел штабтың кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Еліміздің алдында корановирустық инфекцияның қайта өршуіне жол бермей, экономиканы қалпына келтіруге қатысты үлкен міндет тұр. Бұл орайда көп нәрсе қазақстандықтардың өздеріне, олардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға деген жауапкершілктеріне байланысты болып отыр. Қазір төтенше жағдай режимі аяқталып, мемлекеттік комиссия өзінің басымдықтары мен атауын өзгертпек. Енді ол экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықты бұрынғы тіршілігіне тез оралту, тіпті одан да жақсарта түсу мәселелерімен айналысатын болады. Мемлекет басшысы жергілікті материалдарды барынша пайдалана отырып, экономиканың…