Автор: admin

Қазақ ұлттық дүниетанымының бастауы болған фольклордың қазіргі дүниетанымымызбен сабақтастығын шынайылықпен танытар кезеңі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен тығыз байланысты деп санаймыз. Елбасымыздың: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген…

Read More

2 мамыр, сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданына барған жұмыс сапары барысында кәсіпорындар мен өндірістік кооперативтерді аралады. Олар қызмет түрі бойынша ерекшеленгенімен, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ортақ мақсатта жұмыс істеуде, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан көкөніс пен жемістерді сақтаумен және сатумен айналысатын «Kaz Fruits Line» ЖШС-нің қызметіне тікелей қатысты. Жалпы серіктестіктің сыйымдылығы екі мың тонна болатын екі қоймасы бар. Ондағы заманауи неміс қондырғылары ауаны зиянды микробтар мен бактериялардан тазарту кезінде температура мен ылғалдылықты реттеуге мүмкіндік береді. Бүгінде сақтауға арналған қоймалар бос. Аймақта қарқынды бақтардың көптігіне қарамастан,…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Мойынқұм ауданына жұмыс сапары ұзақ жол, қолайсыз ауа-райына қарамастан мазмұнды өрбіді. Аймақ басшысы ондағы әлеуметтік және өндірістік нысандардың, су шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, ол ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқандығын барлады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мойынқұм ауданы бүкіл Жамбыл облысы жерінің жартысына жуық аумағын алып жатқандығымен ерекшеленеді. Мұнда бірнеше ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан. Сонымен қатар, ауданда мал шаруашылығын дамыту үшін жайылым қоры жеткілікті. Өңір басшысының аудандағы жұмыс сапар әлеуметтік мекеме – Айдарлы ауылындағы №2 орта мектептен басталды. Онда мектепке дейінгі балаларға…

Read More

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев 200 азаматқа ауызашар таратты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Қала әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен мұқтаж тұрғындардың тізімі алынып, оларға арнайы әзірленген ас таратылды. Сондай-ақ, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен бүгінде қаланың көптеген аумағында бірқатар құрылыс және тазалық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Қала әкімі сол жұмыстарға атсалысып жүрген азаматтарды ауқаттандыруды да назардан тыс қалдырмады.

Read More

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнінде Жаңталап аулының тұрғыны 88 жастағы еңбек ардагері, ардақты ана Молдабекова Сәдікен апаның отбасына барған аудан басшысы Қанатбек Мәдібек бірлік күні мен және Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап қайтты. 90 жасқа таяп қалған қария аудан басшысының арнайы уақыт бөліп келгені үшін аналық алғысын білдіріп, ақ батасын берді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Дариха Үмбетиярова. Жоғары да тоқтала өткеніміздей еңбек ардагері, ардақты ана Сәдікен Молдабекова 1932 жылы бұрынғы Сталин атындағы елді-мекенінде дүниеге келді. Басынан небір қиын-қыстау шақты өткізген, қарт ананың айтуынша сол кездегі Когонович орта мектебін бітіріп, жастық шағы Ұлы Отан соғысы…

Read More

Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі бесенеден белгілі, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Дариха Үмбетиярова. Тәуелсіздіктің орнығуының ең қиын жылдарында Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық сыйластық пен қоғамдық келісім тұрақты түрде сақталды. Соның нәтижесінде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн…

Read More

Қалада мереке күніне қарамастан жолдарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Абай даңғылынан Көшеней көшесіне дейінгі аралықты былтырғы жылы «Таразтрасэнерго» мекемесі жылу құбырын жүргізу жұмыстарын атқарған. Қыс бойы жүргізушілердің тоқылдақ жолмен жүріп, мезі болғаны бәрімізге мәлім. Бүгін осы даулы мәселенің түйіні шешілуде.Мердігер техникаларын қойып, жолдарға асфальт төсеу жұмыстарына кірісіп кетті. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілерінің шағымы көп айтылған Әйтиев көшесінің Қазыбек би көшесінен-Қонаев көшесіне дейінгі аралығындағы жолды асфальттау жұмыстарын «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-гі жүргізуде. Жалпы ені 11-12 метр болатын көшенің 570 метр жол бөлігі жөнделеді. Осындай жөндеу жұмыстарын «Ая-Сервис» ЖШС-гі Байзақ батыр көшесінде жүргізуде. Серіктестік Төле би көшесінен-Ташкент көшесіне…

Read More

Кешелі бері әлеуметтік желі бетіндегі ағаштарды кесіп жатқан бейнесюжет таралды. Әлеуметтік желі бетіндегі бейнесюжет жарияланған сәтте қала әкімі Айтқазы Қарабалаев Сейфуллин көшесіне жетті. Талдарды аяусыз отағандарға іс қозғауға тапсырма берді. Анықталғандай «Талас «мөлтекауданы №17 үйдің жанындағы қауіпті 27 ағашты жасарту мақсатында төбелерін қысқартуға әкімдіктің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан а.ж. 20 наурызда рұқсат берілген. Алайда,кәсіпкер өзім білемдікке салып ағаштарды түбінен отап тастаған. Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан кәсіпкердің ісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті полиция мен орман шаруашылығы мамандары келтірілген залал мөлшерін анықтауда. Кәсіпкерге келтірілген залал үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалды. Сондай ақ Абай даңғылы мен…

Read More

2019-2020 жылдарындағы күзгі-қысқы маусымын өту барысында Жамбыл облысы энергетикалық ұйымдарында технологиялық бұзушылықтардың төмендеуі бақылануда. 2018-2019 жылдарындағы күзгі-қысқы маусымын өтуімен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтың саны 40 данадан 35 данаға төмендеді. Қазақстан Республикасы біріккен электр энергетикалық жүйесінің жұмысында технологиялық бұзушылықтар ауыр салдар және өзгешелікке тәуелді, электр станциялары, аудандық қазандықтар, электорлық және жылу тораптары I дәрежелі істен шығу және II дәрежелі істен шығу, аварияларымен жүйеленеді. Алайда, 2018-2019 жылдардың және 2019-2020 жылдардың жылу беру маусымдарында энергомекемелерде I дәрежелі істен шығу, ауыр зардабымен авариялар тіркелмегендікті айта кету керек. «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС–де II дәрежелі істен шығу саны ең көп айқындалды, дегенмен, 2018-2019 жылдары жылыту маусымында олардың…

Read More

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі — барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал, бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы болып табылады. Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «өзге ұлт өкілдерінің» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде көпұлтты мемлекеттің бірі болып отыр. Бүгінгі күні ауданда отызға тарта ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Сондықтан бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен…

Read More