Автор: admin
Тараз қаласында былтыр жылу құбырларын ауыстыру кезінде қазылған жолдар тұрғындардың наразылығын, автокөлік қозғалысының қолайсыздығын тудырған болатын. Бүгінде сол көшелерді асфальттау жұмыстары қолға алынды. Өткен жылдың еншісінен қалған Абай даңғылы, Қойгелді және Байзақ батыр көшелерімен алдағы аптада еркін жүйткуге жол ашылады. Күні бүгін қажет техникалар жеткізіліп, алғашқы жұмыстар басталып кетті. Облыс әкімі адам аяғы азайған карантин кезінде жол жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырған болатын. Жалпы 2020 жылы қала бойынша қаланың 90 км жолын жөндеу бойынша 100 жоба жүзеге асырылады. Бұл деген сөз — 96 көше (81 км), Б.Момышұлы, Абай даңғылы, Желтоқсан-Қазыбек би, Қойгелді-Қонаев көшелері бойында жаяу жүргіншілер жолағы салынады деген сөз. Астын…
В связи с продлением режима ЧП до 11 мая оставшиеся без дохода граждане еще раз получат по 42500 тенге. В связи с ситуацией по коронавирусу, в нашей стране граждане, оказавшиеся без средств к существованию, получили помощь от государства. Но режим чрезвычайного положения в республике продлен до 11 мая, и мы попросили руководителя отдела занятости и социальных программ акимата Тараза Гаухар Олжабаеву прокомментировать сложившуюся ситуацию. «На 24 апреля было подано 248815 заявлений. Назначено выплат 93213 горожанам, выплачено 89300 человекам. Также 155605 заявлений были отклонены. Отказ обоснован тем, что данные граждане не смогли пройти проверку на соответствие правилам касательно выплат — сообщила…
Қордай ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жалпы көлемі 606 мың гектарды құрайды. Биылғы жылы егістікке 123 мыңнан астам гектар алқап бөлінсе, бұл жерлерге дәнді және майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкөніс орналастыру жоспарланған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Егіншілер көктемгі дала жұмыстарына алдын ала қамданып, егу үшін сапалы тұқымдарын дайындаған. 560-тан астам трактор, 278 тұқым сепкіш, 1600-ден астам тырма және 150 қопсытқыш қондырғылары әзірленген. Олардың қатарында лизингке сатып алынған жаңа қондырғылар да бар. Ауыл шаруашылығы техникаларын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешімін тапқан десек, дала жұмыстарын жүргізуге 2405 тонна жеңілдетілген дизель отыны қарастырылған. Минералды тыңайтқыштарға келетін болсақ, ауданда бұл мәселе бойынша…
Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек аудан орталығынан шалғайда жатқан Төменгі Шуға іс сапармен барды, — деп хабарлайды Taraz.kz тілшісі. Аудан басшысы Жайлаукөл ауылының қарияларына жеке-жеке кіріп, округтегі маңызды мәселелер турасында сөйлесіп, сауалдарына жауап берді. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасымен бюджеттің көп қаражатын жұмсамай, оңтайлы, ықшамдалған шығынмен ауыл жолдарын жаңарту, елді мекендерге ауыз су тарту мәселесі Төменгі Шу бойында оңтайлы іске асып жатыр. Талай жылдар арман болған облыстық маңызы бар Жайлаукөл-Қамқалы арасындағы 31 шақырым автокөлік жолын орта жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарына жұмылған «Тараз-Көлік-Жолы»-ЖШС-нің жұмыс қарқын көрген Шу бойындағы ағайынның қуанышы зор. Бүгінде Шу бойындағы тұрғындар Президентіміздің соңғы мәлімдемесін жылы қабылдап,…
Әлемді әбігерге салған індетті ауыздықтау өз елімізге де оңай соққан жоқ. Бірінші кезекте елдің амандығы, аурудың таралмауы басты қаперге алынды. Осы ретте мемлекетімізде сақтық шаралары күшейтіліп, төтенше жағдай режимі енгізілді. Жұмбақ аурумен күресу мақсатында тиісті шаралар қолға алынып, елдегі ахуал бақылауға алынды. Соның арқасында халық қатты зардап шеге қойған жоқ. Жағдай әлі де бақылауда болмақ. Десе де күні кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған мәлімдемесі арқылы 11 мамырда Заңға сәйкес төтенше жағдай аяқталатынын айтып, жұртшылықтың көңілін орнына түсіргені анық. Мұны Жамбыл облысының зиялылы қауымым мен ақсақалдары, халық қалаулылары мен шаруалар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған мәлімдемесіне орй білдірген пікірінен…
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашевтің айтуынша, ұн, макарон, жұмыртқа және сары май өндірісін екі есеге ұлғайту үшін жергілікті ресурстар жеткілікті. Бір ай ішінде қайта өңдеу кәсіпорындарының әлеуетіне мониторинг жүргізіліп, азық-түлік тауарларын өндіру мен тұтыну арасындағы балансты сақтау жөнінде ұсыныстар әзірленбек , — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Өңір басшысы көкөніс сақтау қоймаларының жай-күйіне зерделеу жүргізудің маңыздылығына тоқталып, қажет болған жағдайда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жаңа құрылыс салу керектігіне көңіл бөлді. Бұл жұмыстарға тарту үшін бизнес өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Аудан әкімдері тиісті жер телімдерін барынша қысқа мерзімде бөлуді қарастырғаны абзал. Облыста өндірілмейтін немесе олардың тапшылығы байқалатын өнімдерді жеткізіп отыру бойынша басқа…
Сарысулық азаматтар туған жерлеріне жақсылық жасап жарысуда. «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Президент бастамасымен қолға алынған, Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент Қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін арнайы қор құрылған болатын. Белсенді нұротандықтар мен қатар Сарысу ауданынан шыққан жүрегі кең азаматтардан құрылған еріктілер де қайырымдылық шарасына үлес қосуда. Олар ауданымыздың барлық аумағында қауіпсіздік шараларын ұстана отырып, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қажетті азық-түлік салынған пакеттерді тегін таратып беруде. Демалыс күндеріне қарамастан сауапты іс жасаған еріктілердің қайырымдылық істері көпке үлгі. Бүгінгідей бүкіл әлемді жайлаған қауіпті індетке қарсы күресті баршамыз бірігіп қана жеңе аламыз. Сарысулықтардың …
Облыс әкімі Тараз қаласының өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысуды жалғастыруда. Дүйсенбі күні ол кардиохирургия және трансплантология ғылыми клиникалық орталығында болды. Материалдық-техникалық базасының жағдайы және мамандардың біліктілік деңгейі бойынша бұл медициналық мекеме республикадағы ең алдыңғы қатардағылардың бірі болып табылады. Күні бойы мұнда жүзге жуық науқас қабылданады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Медициналық орталықтың директоры Сейітхан Жошыбаев Бердібек Сапарбаевті нысанда аралатып, медициналық бөлмелерді, зертханаларды, операциялық бөлмелерді және палаталарды көрсетті. Емханада 7 бөлім, 65 стационарлық төсек бар. Медицина қызметкерлері — 74 адам, оның ішінде 20 дәрігер бар. Ғылыми орталық негізінен мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді, басқа медициналық қызметтерді…
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті сақтау, ветеринарлық қауіпсіздік және идеологиялық жұмыстар барысы қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Аппараттық кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов ағымдағы жылы атап өтілетін мерекелер мен мерейтойлар, «Бейбітшілік пен келісім», «Сөзден іске» және т.б. жобалар шеңберінде жоспарланған іс-шаралар және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, ол корановирустық инфекциямен күрес, карантин жағдайында облыс тіршілігін БАҚ-та жариялау, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша жан-жақты тоқталып өтті. Дауыл Бейсенқұлов тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, ерекше көзге түскендерді және азаматтардың өтініштеріне жауап…
Жамбыл облысы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, өткен жылы және ағымдағы жылдың алғашқы үш айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы сараланды. Ондағы көрсеткіштер сыбайлас жемқорлық қоғам мен мемлекет үшін әлі де елеулі мәселе болып отырғандығын айғақтай түскендей , — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — 2019 жылы Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 33 лауазымды тұлға сотталса, олардың басым бөлігі білім саласына қатысты. Басқа салалардан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылар бар. Ең көп қылмыс Тараз қаласында, Шу, Байзақ, Жуалы және Меркі аудандарында орын алған, — деп атап өтті облыс әкімі. Өзекті тақырып…