Автор: admin

Жамбыл облысы мен Тараз қаласын ағайынды Қырықбаевтарға бола «бандиттердің отаны» атаса керек, сірә. Шынымен де, егер облыстағы ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбірін жеке зерттер болсаңыз, бұл өңірдің бандиттері қанішерлігімен де, қаталдығымен де, ешкімге ұқсамайтынымен де ерекшеленіп тұрады. Олар үшін адам өлтіру түк емес. Бүгін мен Тараздың басқа бандиттерінен бөліп алып, ағайынды Қырықбаевтар туралы баяндамақпын. Олардың отбасында 10 ағайынды бар. Өксікбай мен Шамқыздың әулеті Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы Бесжылдық ауылында тұрды. Он ұлдың алтауы қылмыстық жолға түскен. Оған дәлел – үстілерінен «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ретінде қылмыстық іс қозғалған. Алайда қазір олардың үшеуі ешкімге соқтықпай, тыныш өмір сүріп жатқанға ұқсайды. Ең…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Меркі ауданына жұмыс сапары барысында жергілікті азаматтардың Біріккен араб әмірліктеріне жуырда ғана 60 тонна қой етін экспорттағаны белгілі болды. Арабтар, тіпті, Меркіде өндірілген қой етіне қызығушылықтары соншалықты, жолаушыларсыз арнайы ұшақ жіберіп, барып-келу шығынын өздері көтеріп отыр екен, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бердібек Сапарбаев алдымен Ақтоған ауылындағы Тілеміс батыр атындағы №4 орта мектепке барды, онда Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбек білім беру саласының жай-күйі туралы баяндады. Ауданда 36 мектеп жұмыс істейді десек, оның 25-і жазда жылы дәретханалармен қамтылмақ, төртеуінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Гранитогорск ауылында жаңа оқу орны салынады. Ауданда жеке меншік балабақшалар ашу…

Read More

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы оразада орындайтын он амалды оқырман назарына ұсынып отыр. №1. Құранмен дос болу Құран оқылған, оған амал етілген үйде Алланың берекеті орнайды. Ардақты Пайғамбарымыз: «Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар…» деп өсиет еткен. Өйткені, «Құран оқу – көңілдің шипасы» (хадис).Алла Елшісі Рамазан айында Құранды бірнеше рет хатым ететін. Қасиетті кітапты хатым етумен қатар, жаттауға, оған амал етуге тырыссақ – нұр үстіне нұр. Арапшадан оқи алмайтын адам аудармасын оқыса да сауап алады. Алланың мейірімі кең, Ол – кеңшілік Иесі. Ниетке сай сауабын береді №2. Түнді намазбен өткізу Түнгі намаз – жүректің тыныштығы, екіжүзділік дертіне шипа, Алламен берік…

Read More

Ушел гулять… на балконе. Лишившись возможности наслаждаться прогулками, казахстанцам пришлось штурмовать свои лоджии. Теперь многие коротают карантинные дни именно здесь. Проводят концерты, песни поют или просто ищут уединения. Фотограф Tengrinews.kz Турар Казангапов наблюдал за балконной жизнью в Нур-Султане. Из-за климата в Нур-Султане балконы редко используют как место для отдыха. Чаще как кладовку. Из-за небольшой квадратуры жилья люди хранят на балконах все что можно. Сезонная обувь, шины, столы. Ну а зимой балкон — идеальное место для хранения согыма. Из-за введенного режима ЧП жители вынуждены находиться целыми днями в стенах квартир. И балкон стал единственной возможностью подышать свежим воздухом. Мы заглянули в окна и…

Read More

Инклюзивті білім беру — жалпы білім берудің даму үдерісіндегі барлық адамдарды оқыту, сонымен қатар әр түрлі қажеттіліктерге ие балаларға қарай бейімдеу арқылы ерекше мұқтаждықтары бар балалардың білім алуына қол жеткізу. Инклюзивті білім беру ортасы – дамуында ерекшелігі бар балалардың әлеуметтенуге және білім, біліктер мен дағдыларды игеруге деген дербес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылатын құндылықты-бағдарланған орта. Қазақ ұлттық фольклоры — қазақ ұлттық педагогикасының тарих түбінен келе жатқан тұмасы болса, оның сабақтастығы, дәстүрлілігі, толығып тұруға бейімділігі, көркемдік жетілгендігі қазіргі қазақстандық қоғамда бүр жарып келе жатқан инклюзивті білім беру жүйесінің де өркендеуіне берер қуаты мол болатынына дау болмасы анық. Қазақ ұлттық дүниетанымының бастауы болған…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Жамбыл облысының және Тараз қаласының Құрметті азаматы Тілеуқабыл Төребековті 95 жылдығымен құттықтады, сондай-ақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құттықтау хатын тапсырды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жамбыл облысында Тілеуқабыл Төребекұлы Төребеков туралы білмейтін адам кемде-кем. Кеңес Әскерінің қатарында милитаристік Жапониямен соғысқан ержүрек майдангер Т. Төребеков соғыс аяқталған соң барлық күш-жігерін Жамбыл облысының дамуына арнады. 1950-1966 жылдар аралығында ол облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Жамбыл қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, 1970 жылдан 1983 жылға дейін Жамбыл қалалық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ірі құрылыс ұйымдарының басшыларымен жиналыс өткізді. Онда жергілікті материалдарды кеңінен пайдаланып, аймаққа бөлінген қыруар қаржыны тез әрі сапалы игеру туралы әңгіме қозғалды. Биыл облысымыз алып құрылыс алаңына айналғалы отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Әңгіме 1 237 жоба туралы болды. Бүгінде 135 нысанда жұмыс басталды. Облыс әкімі соның нәтижесінде 25 мың жұмыс орны құрылатынын ерекше атап өтті. Бұл — қазіргідей шектеу шаралары енгізілген кезде уақытты ұтымды пайдалану маңызды болып табылады. Әзірге күн жылы болып тұр, уақыт аз қалды – ары кетсе 5-6 ай. Негізгі 24 құрылыс материалының он үші жамбылдық 153 кәсіпорында өндіріледі. Ал, жергілікті материалдардың үлесі 60…

Read More

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев облыста карантиндік режим енгізілуіне байланысты қиындықтарға  тап болған  өндіріс орындарының тынысымен танысуды жалғастыруда. Осы аптада аймақ басшысы «Энерджи Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы ат басын бұрды. Аталған серіктестік Тараз қаласындағы заманауи қондырғылармен жабдықталған мекеме болып табылады. Кәсіпорын шығарып отырған жарықдиодты шамдарының қуатты күші 10 пайызды көрсеткенімен, сапасы жағынан әлемдік нарықтағы шамдардан кем емес. Ал бағасы үш есе арзан. Алайда жиынтық трансформаторлық қосалқы станцияларды өндіру желісі 30 пайыздық қуаттылықты көрсетсе, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі мүлде көрінбейді. Осының салдарынан алдыңғы қатарлы қондырғылары бола тұра кәсіпорын толық қуатты күшіне шыға алмауда. Нәтижесінде 150 жұмысшы 36 адамға дейін қысқартылған. Сондай-ақ 12…

Read More

Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айрылған 235 мыңнан астам облыс тұрғыны әлеуметтік төлемге қол жеткізді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сүйенсек, 23 сәуірге дейін тұрғындардан 270 мыңнан аса өтініш түсіп, олардың 246 мыңға жуығы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы арқылы мақұлданды. Бүгінгі күнге аталған төлем 235 320 өтініш иесінің қолына тиіп отыр. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 79 767. Аудандар бойынша цифрлар төмендегідей: Байзақ ауданы – 21 497, Жамбыл ауданы – 18 119, Жуалы ауданы – 11 613, Қордай ауданы – 26 928, Меркі ауданы…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жолдарды жөндеу және жылыту маусымының қорытындысына қатысты жайттар сараланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақ басшысы экономиканы дамыту үшін жол желісінің маңыздылығын айрықша атап өтіп, ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге 30 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол облыс орталығындағы және Алматыға баратын республикалық жолының нашар жағдайына назар аударды. — Жолдардың нашарлығымеғн қатар айналасы қоқысқа толы, — деп атап өтті облыс әкімі. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтің айтуынша, 122 жоба жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылуда. Сондай-ақ,…

Read More