Автор: admin

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеулерге қатысты 6 сәуірден бастап еліміздегі оқушылары қашықтан оқыту режиміне көшеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа форматта оқыту түрі тек білім беру мекемелерін жоғары деңгейде компьютерлермен қамту ғана емес, сонымен қатар оқушылардың үй жағдайында да гаджеттерге қол жетімділігін талап етеді. Бүгінгі таңда аймақтағы 442 мектепте 230 мыңға жуық бала білім алуда. Оның ішінде 84 пайызы оқушылардың қашықтан оқыту түріне өтуге мүмкіндігі бар. Олардың қолда бар гаджеттерді үйде пайдалану жағдайы қарастырылған. Бұл орайда қалған 16 пайыз яғни 37,2 мың оқушы үшін қашықтықтан оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету жайы маңызды болып отыр. Олардың…

Read More

6 сәуірден бастап еліміздегі мектептер қашықтықтан білім беруге көшеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Жамбыл облысы оқу орындарының жаңа бұл бағыттағы дайындық барысы талқыланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жуырда Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі жергілікті мектептердің біріне бас сұғып, бірқатар жайтқа қанықты. Ондағы тозығы жеткен парталар мен тақталарда балалардың әлі күнге сабақ оқып жатқанын ескерсек, жоғары жылдамдықты интернет туралы айтудың өзі ұят. — Көзбояушылықпен айналысуды тоқтатыңыздар. Нақты ахуалды көрсетіңіздер. Әйтпесе, біз жағдайды жақсарта алмаймыз. Бұл тек білім беруде ғана емес, өңіордегі барлық салаға қатысты, — деді аймақ басшысы кеңес барысында…

Read More

Таразда көпбалалы отбасыларға бетперде таратылады. Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен коронавирустың алдын алу мақсатында 4000 мыңға жуық медициналық бетперделер дайындалып жатыр. Бұл маскаларды бірнеше рет қолдануға болады. «Бұл бетперделер көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға таратылатын болады. Бетперделерді қаладағы тігін шеберханалардың иелері мен тігінші қыз-келіншектер ақысыз түрде дайындап жатыр. Бұл бастаманы Жуалы ауданының қыз-келіншектері де қолдап, өздері де арнайы маска тігіп жатыр», — деп пікір білдірді Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова.

Read More

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары қызу жүргізілуде. Ағымдағы жылы өңіріміздегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының көлемін 687,1 мың гектардан 710,0 мың гектарға жеткізу көзделген, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінге  дейін жергілікті диқандар жерді жыртып, оның басым бөлігін өңдеп, дәнді дақылдарды себу шараларын белсенді атқаруда. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың наурыз айының соңындағы аудандардың мәліметі бойынша 93277 гектарда көктемгі жер жырту жұмыстары атқарылып,  99,2 пайызды,  292035 гектар жер өңделіп, 71,6 пайызды,  жаздық масақты дәнді дақылдар 168879 гектар алқапқа егіліп, 81,1 пайызды құрап отыр. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 365,3 мың гектар, майлы дақылдар…

Read More

2020 жылдың 31 наурызынан бастап Жамбыл облысы аумағында енгізілген шектеу шараларына қоғам, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ұсынысы бойынша енгізілген толықтырулар мен өзгертулер: 1) Облыс пен Тараз қаласының аумағына (аумағынан) төмендегі жағдайлардан бөлек көліктер мен жолаушылардың кіруіне және шығуына тыйым салынады: – транзиттік көлік құралдары; – емделуге жіберілген адамдар (қолында медицина ұйымдарының анықтамасы немесе жекеменшік емхананың шақыруы болған жағдайда); – облыс пен Тараз қаласында тұрақты жұмыс істейтін, қолында жеке куәлігі, жұмыс беруші немесе жергілікті атқарушы орган тарапынан берілген тиісті құжаттары (жұмыс орнынан 2020 жылдың 30 наурызынан кейін берілген анықтама) бар адамдар; – Жамбыл облысында уақытша немесе тұрақты тіркеуде тұрған,…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен, абаттандыру жұмыстары және жекелеген білім беру нысандарының жай-күйімен танысты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңестік кезеңде химия өнеркәсібімен қатар жеңіл өнеркәсіп те жергілікті экономиканың алдыңғы қатарлы салаларының бірі болатын. Таразда аяқ киім, резеңке бұйымдарын шығару, жүн өңдеу зауыттары жұмыс істеген. Бүгінде бұл сала Әлима Садықованың «Асыл-Ай» тігін шеберханасы секілді шағын кәсіпорындардың арқасында біртіндеп жанданып келеді. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев аталмыш шеберханада дайындалатын мектеп формасының сапасының жоғарылығы мен құнының тиімділігін оң бағалады. ШОБ-тің кез келген субъектісі сияқты кәсіпорын айналым қаражатын толықтыру және өндірістік ғимараттардың тапшылғын…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен облыстық жедел штабтың кезекті отырысында азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу және оның алдын алу шаралары сараланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, өңірде COVID-19 вирусымен ауырған адамдардың саны бұған дейін тіркелген 3 жағдаймен қалып отыр. Баяндамашы құқық қорғау органдарынан азаматтардың дәрігерлердің заңды талаптарына бағынбауына қатысты мәселелерді шешуге атсалысуын сұранды. Мұндай оқиға Қордай ауданында орын алған. Ондағы тұрғын тек ұзақ әңгімелесуден кейін ғана ауруханаға баруға көніп, қажетті талдауларды тапсырған. Талдау нәтижесі теріс болып шыққан, егер жағдай басқаша болғанда, онда мәселе тіпті күрделене түсуі…

Read More

Облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны үй жағдайында беташар рәсімін өткізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Ол бес тәулікке қамаққа алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.  Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы С.Мамытбековтың айтуынша, бет ашу рәсімін жасаған асабамен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай кезінде мұндай шараларға жол берілмеуі керектігі туралы ескертті. Жамбыл облысы Полиция департаменті төтенше жағдай кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері  төтенше жағдай кезінде жұмыс режимін бұзу деректерінің алдын алу мақсатында күн сайын ойын-сауық мекемелеріне рейдтік іс-шаралар өткізеді. Елімізде аталған режим енгізілгелі  бері облыс бойынша…

Read More

На 22:20 часов 26 марта 2020 года в Казахстане зарегистрированы еще 1 случай заражения коронавирусной инфекцией в Жамбылской области, передает Сoronavirus2020.kz. На сегодняшний день в стране подтверждены 112 случаев регистрации коронавирусной инфекции, из них: В городе Нур-Султан – 61 случай,В городе Алматы – 40 случаев, В городе Караганда — 4 случая, В Алматинской области — 1случай, В Актюбинской области — 1 случай, В городе Шымкент — 2 случая, В Жамбылской области — 2 случая, В Северо-Казахстанской области — 1 случай.

Read More

Өкінішке қарай, елде коронавирустан бірінші қазақстандық қайтыс болды. «Құрметті отандастар, бұл шұғыл брифинг. Өкінішке қарай, Қазақстан азаматы коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қаза, барлығымыз ауыр қайғыдамыз. Ертең Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасы медициналық мәліметтерді қосып, толық мәлімет береді. Бұл жағдай коронавирустың қаупін тағы да ескертіп отыр. Қазір болып жатқанның бәрі барлығымызға сын», — деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасының эфирінде. Бұл -Қазақстанда тіркелген алғашқы өлім.

Read More