Автор: admin
Халықаралық Алматы әуежайы қазақстандықтарға коронавирустың әлемде өршуіне байланысты және инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында 70 елге бармауға кеңес берді. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдер де бар. 1.Қытай; 2.Оңтүстік Корея; 3.Италия; 4.Иран; 5.Жапония; 6.Германия; 7.Франция; 8.Сингапур; 9.Гонконг; 10.Америка Құрама Штаттары; 11.Испания; 12.Кувейт; 13.Бахрейн; 14.Таиланд; 15.Тайвань; 16.Ұлыбритания; 17.Австралия; 18.Малайзия; 19.Канада; 20.Швейцария; 21.Ирак; 22.БАӘ; 23.Норвегия; 24.Вьетнам; 25.Австрия; 26.Швеция; 27.Израиль; 28. Ливан; 29.Макао; 30.Нидерланд; 31.Бельгия; 32.Хорватия; 33.Сан-Марино 34.Греция; 35.Эквадор; 36.Финляндия; 37.Оман; 38.Үндістан; 39.Мексика; 40.Дания; 41.Пәкістан; 42.Алжир; 43.Әзербайжан; 44.Чехия; 45.Грузия; 46.Исландия; 47.Филиппин; 48.Катар; 49.Румыния; 50.Ресей; 51.Бразилия; 52.Египет; 53.Индонезия; 54.Португалия; 55.Ауғанстан; 56.Андорра; 57.Армения; 58.Беларусь; 59.Камбоджа; 60.Доминикан Республикасы; 61.Эстония; 62.Ирландия; 63.Литва; 64.Люксембург; 65.Монако; 66.Непал; 67.Жаңа Зеландия;…
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ұйым басшыларына ұсыныс жасады, — деп хабарлайды «Хабар-24». «Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары 1-2 санаттағы елдерден келген қызметкерлерді жұмысқа жолатпауы керек. Неге десеңіз, ең біріншіден бүкіл ұжымды қорғау керек. Олар өз тарапынан өз жанұясын, достарын, туыстарының денсаулығын ойлауы керек», — деді Ж.Бекшин. 4 наурыздағы 12-қаулының 1 тармағына сәйкес, 1 Б және 2 санаттағы елдерден келетін адамдар заңнамаға сәйкес, тұратын жері бойынша өзін-өзі оқшаулап, үйдегі карантинде болуы тиіс. Айта кетсек, 1 А тобындағы елдерден келгендер міндетті түрде 14 күнге карантинге жатқызылады. Бүгіннен бастап Италия коронавирусқа байланысты 1-санаттың А тобына енгізілді.
Ғалымдар коронавирустың ауада қанша уақыт тіршілік ететінін анықтады. Вирус ауада кем дегенде 30 минут өмір сүреді және жұқтырған адамнан 4,5 метр қашықтықтағы аралықтағы сау адамға жұға алады. South China Morning Post басылымының хабарлауынша, Хуан провинциясының ғалымдары автобуста бір жолаушының тағы жеті адамға вирусты жұқтырған оқиғасын егжей-тегжейлі талдады. Бетперде кимеген ер адам өзінен 4,5 метр қашықтықта отырған ерлі-зайыптыларды және бірнеше адамға ауруын жұқтырған. Сонымен қатар, барлық адам түсіп қалғаннан кейін 30 минут өткен соң осы автобусқа келесі рейсте мінген тағы бір жолаушы инфекцияны жұқтырды. Ғалымдар науқастың түшкіруі немесе жөтелу кезінде шашыраған тамшылары барып қонған затында бірнеше күн бойына сақталатынын анықтады. Осы…
Димаштың Қытай серияларына арналған саунтрегі QQ MUSIC платформасында топ жарып, І-орынға шықты, — деп хабарлайды zakon.kz. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазды. «Менің жаңа қытай сериалына арнап орындаған саундтрегім Қытайдағы QQ MUSIC платформасында бірінші орынға шықты. Ал мынау, I am singer жобасынан бері үш жыл бойына бірге жұмыс істеген қытайлық командаммен (Black Golden company қарасты агенттер, продюсерлер, менеджерлер) сурет). Жақында жаңа жобалар дүниеге келеді, күтіңіздер», делінген жазбада.
Коронавирус Францияның мәдениет министрі Франк Ристерден табылды, деп хабарлайды Deutsche Welle. Риестер әзірге ауруханада емес, үйінде жатыр делінеді. Қазір министрмен қатынаста болған адамдар анықталуда. Соңғы екі аптадан бері Франция үкіметінің мүшелері жиналыстарда бір-бірімен қол беріп амандасуды қойған. COVID-19 деген атау берілген жаңа коронавирустың тарағаны 2019 жылдың желтоқсан айының соңында белгілі болды. Қытайдың Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) бұрын белгісіз болып келген ауру өршіп кетті. Қазіргі уақытта коронавирус 100 елге таралды. Джонс Хопкинс институтының мәліметі бойынша, коронавирусты 113,773 адам жұқтырды, 4 008 адам қайтыс болды, 63,663 адам жазылды. Ресми ақпарат Қазақстанға коронавирус келген жоқ деп отыр.
Жамбыл облысының есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шу ауданы, Төле би ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz. Себебі азаматтың автокөлігін тінту кезінде салмағы 4 келі 630 гр гашиш табылған. Есірткі заты целлофан пакетке оралыпты. Ал күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде 12 — калибрлі мылтық, 4 оқ-дәрі, ал қоймасынан тағы салмағы 30 келі 380 гр болатын марихуана тәркіленген. Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының тергеу изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қытайда коронавирус тарай бастаған кезде Ухан қаласында салынған уақытша ауруханалардың бәрінен емделушілер үйіне шығып кеткен. Осыған байланысты барлық 14 аурухана жабылды, — деп хабарлайды CCTV агенттігі Твиттер әлеуметтік парақшасында. Стадиондар мен көрме орталықтарына орналасқан медициналық мекемелер демалыс режиміне көшті. 10 наурыз күні Уханға ҚХР басшысы Си Цзиньпин арнайы келген. Ол COVID-19 вирусымен күрес бойынша жергілікті билік қабылдаған шаралармен танысып, дәрігерлермен, әлеуметтік жұмыскерлермен және әскери қызметкерлермен кездескен еді.
9 наурыз күні АҚШ доллары күрт қымбаттап, 398, кей жерлерде 400 теңгеге сатылды. Валюта бағамының құбылуына Brent маркалы мұнай бағасының 30% арзандап, $31 құрауы себеп болды. Осылайша, қара алтын шикізатын өндіретін Ресей мен Қазақстанның ұлттық валюталары төмен құлдилады. Azattyq Ryhy нарықтағы соңғы күндері болған жағдайға, сарапшылар пікірі мен Үкімет шешімдеріне сүйеніп, қазіргі ахуалдың картинасын жасап көрді. АРАБТАР АРЗАНДАТЫП ЖІБЕРДІ 2016 жылы мұнай экспорттаушы елдердің ОПЕК ұйымына кіретін 14 ел мен басқа да 11 мемлекет мұнай өндіру көлемін төмендету туралы келісімге келген. Осылайша, олар нарықтағы мұнай бағасын ұстап тұруға қадам жасады. Логикасы қарапайым: қара алтынды неғұрлым аз өндірсе, сұраныс артып, баға да…
Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин бүгін таңертең Ухан қаласына келді, — деп хабарлайды РИА Новости. Ол жергілікті билік өкілдерімен коронавирус бойынша күрестің қалай жүргізіліп жатқанын талқылауға келген. Президент Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 8.00-де ұшып келген. Сапар барысында Си Цзиньпиннің дәрігерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен, еріктілермен, қоғамдық қауіпсіздік органдары қызметкерлерімен, науқастармен және жергілікті тұрғындармен кездесетіні айтылады. Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған елдердің саны артуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ұйымның мәліметінше, бүгінде вирусты әлемнің 104 елінде 109 343 адам жұқтырған.
Чили әуежайында белгісіз біреулер 14 миллион доллар мен бір миллион еуро ұрлап кеткен, — деп хабарлайды Guardian басылымы. Басылымның мәліметінше, қаруланған топ әуежайда тұрған көлікке шабуылдаған. Шамамен 7-10 адам екі көліктегі терминалды ашқан. Чили полицейлерінің айтуынша, қаскөйлер ол көлікте ақша болатынын алдын ала білген. Төтенше жағдай салдарынан екі күзетші зардап шеккен.