Автор: admin
Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған жағдайға байланысты бүгін Сортөбе ауылында брифинг өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Онда ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен облыс әкімі Асқар Мырзахметов БАҚ өкілдеріне қақтығыс зардаптарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды, бүгінгі күннің дәл осы сағаты бойынша түскен мәліметтерді баяндап, олардың жолдаған сауалдарына толыққанды жауаптар берді. Бердібек Сапарбаев қазіргі таңда Қаракемер, Масаншы, Сортөбе, Қарасу, Ауқатты ауылдарының барлық кіріс-шығыстарына блог-постар қойылып, көшелерде қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, соңғы тәулік ішінде Қордай, Қарасу, Ауқатты, Сортөбе шекара бақылап-өткізу бекеттерінен 4454 адам ҚР аумағына қайт оралғандығын айтты. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қақтығыс салдарынан 36 тұрғын үй…
С 20 января по 20 февраля 2020 года на территории Жамбылской области проводится республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Быт», в ходе которого уже выявлено 83 административных правонарушения в сфере семейно-бытовых отношений, передает Polisia.kz. В период ОПМ в группу по защите женщин от насилия УП города Тараз обратилась 30-летняя уроженка Жамбылской области. Мать с двумя малолетними детьми сбежала от мужа. Женщина получила приют и необходимую помощь в Кризисном центре, функционирующем с 2014 года в Таразе при управлении координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области. Отметим, что центр предназначен для женщин, потерпевших физическое, психологическое, экономическое и сексуальное насилие. В нем оказывают помощь юристы…
Қазақстанда Президент Әкімшілігі жанынан Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды Мемлекет басшысы мұндай институт құру туралы 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. «Орталыққа Президент Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді», — деп жазды Берік Уәли. Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді. Орталықтың негізгі міндеті — бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.
Ыстамбұлда апатқа ұшырау алдында қонған ұшақтың видеосы пайда болды, — деп хабарлайды РИА Новости. Видеоны түріктің DHA ақпарат агенттігі жариялады. Pegasus әуекомпаниясының ұшағы Сабихи Гекчен атындағы ыстамбұлдық әуежайға апат жағдайында қонған. Видебақылау камерасына түсірілген видеодан лайнердің ұшу-қону жолағымен асқан жылдамдықпен қозғалып келе жатқанын, кейін шетке шығып кетіп, жардан құлағанын көруге болады. Измир — Ыстамбұл рейсін орындаған ұшақ үшке бөлініп қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тауып, 179-ы жарақат алған. Ыстамбұл губернаторы Али Ерикайяның айтуынша, бортта 183 адам болған: 177 жолаушы, оның ішінде екі бала, экипаждың алты мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша, апат себебі қолайсыз ауа райы.
«Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, — деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры Б.Б.Пірәліге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын. Ол «Қазпошта» АҚ филиалына жұмысқа орналастырғаны үшін бір азаматтан қомақты мөлшерде пара алды деп айыпталған. «Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен Б.Б.Пірәлі қомақты мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», -…
Около 300 бизнесменов приняли участие в отчетной встрече Палаты предпринимателей Жамбылской области. Встреча проходила под председательством председателя Регионального Совета Мукаша Искандирова. Представители областного бизнес-актива смогли задать вопросы и озвучить свои предложения по улучшению предпринимательского климата в регионе, а также обсудить ряд проблемных тем. Кстати, сегодняшняя встреча собрала рекордное количество участников, около трех сот предпринимателей приняли участие в мероприятии. Директор Региональной Палаты Олжас Каржауов отказался от долгих докладов, полностью состоящих из цифр, а сосредоточился исключительно на обращениях бизнесменов. Предприниматели поднимали проблемы несовершенства действующего законодательства в сфере госзакупок, проблемы, субсидирование, возникающие при реализации государственных программ, вопросы по получению земельных участков, по налогообложению.…
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасының басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. «Ол көрсетілмеген қызмет үшін жеке кәсіпкерлік арқылы жүйелі түрде қаржыны аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға ауыстыру арқылы, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу және төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Биыл 1 ақпанда күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді»,…
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі А.Оразалиевтің атына Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұрланған жылқыларын табуда көрсеткен жедел әрі кәсіби әрекеттеріне ризалығын білдіргені туралы алғыс хатын жолдады, — деп хабарлайды Polisia.kz. Өткен жылдың соңында аталған ауданға қарасты Құлан аулының «Шөңгер» тау бөктерінің жайылымынан 58 жастағы тұрғынның жеке шаруақожалығына тиесілі 13 бас жылқы малы ұрланғаны туралы аудандық полиция бөліміне шағым түскен болатын. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылдың 21 қаңтарында қылмысқа қатысы бар Т.Рысқұлов ауданының 44 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ұрланған жылқылар иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта…
Профессия следователя сложная, неординарная, ответственная, и немногим она по плечу. И, конечно, особое уважение вызывает тот, кто не только в своем деле признан одним из лучших, но и у кого жена тоже следователь, — передает пресс-служба департамента полиции Жамбылской области. По словам заместителя начальника Департамента полиции Жамбылской области полковника полиции Темирбека Оразымбетова, к такой когорте относится 23-летний следователь следственного отдела Управления полиции города Тараз старший лейтенант полиции Диас Бектемиров, который пришел в органы внутренних дел в 2014 году. Его профессиональный выбор был не случайным — отец Бектемиров Баглан Рахимбекович работал оперуполномоченным, ныне ветеран ОВД области, а мама Усубалиева Айнура Курмановна…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік, қырғыз және армян көліктері туралы ойын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бүгінде Қазақстанда уақытында тіркеуден өтпеген, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен келген көліктер мәселесі бар. Мәселен, Ресей мен Қырғызстанда қазақстандықтар көлікті сенімхат бойынша алады, яғни, іс жүзінде олар көліктің иесі. Олар көлікті Қазақстанда тіркеусіз пайдаланып жүр. Ал Арменияда қазақстандықтар Қазақстан заңнамасын бұзып техникалық құжат рәсімдеп жатыр. Көбі елге келген көлікті тіркеуден өткізбейді. Бас прокуратураға осы мәселені шешуге тапсырма беремін. Мәселені шешу үшін Үкімет бір ай ішінде бір реттік тәртіппен 2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының ЕАЭО-дан жеке пайдалану үшін әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі керек», — деп мәлімдеді…