Автор: admin

Профессия следователя сложная, неординарная, ответственная, и немногим она по плечу. И, конечно, особое уважение вызывает тот, кто не только в своем деле признан одним из лучших, но и у кого жена тоже следователь, — передает пресс-служба департамента полиции Жамбылской области. По словам заместителя начальника Департамента полиции Жамбылской области полковника полиции Темирбека Оразымбетова, к такой когорте относится 23-летний следователь следственного отдела Управления полиции города Тараз старший лейтенант полиции Диас Бектемиров, который пришел в органы внутренних дел в 2014 году. Его профессиональный выбор был не случайным — отец Бектемиров Баглан Рахимбекович работал оперуполномоченным, ныне ветеран ОВД области, а мама Усубалиева Айнура Курмановна…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік, қырғыз және армян көліктері туралы ойын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бүгінде Қазақстанда уақытында тіркеуден өтпеген, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен келген көліктер мәселесі бар. Мәселен, Ресей мен Қырғызстанда қазақстандықтар көлікті сенімхат бойынша алады, яғни, іс жүзінде олар көліктің иесі. Олар көлікті Қазақстанда тіркеусіз пайдаланып жүр. Ал Арменияда қазақстандықтар Қазақстан заңнамасын бұзып техникалық құжат рәсімдеп жатыр. Көбі елге келген көлікті тіркеуден өткізбейді. Бас прокуратураға осы мәселені шешуге тапсырма беремін. Мәселені шешу үшін Үкімет бір ай ішінде бір реттік тәртіппен 2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының ЕАЭО-дан жеке пайдалану үшін әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі керек», — деп мәлімдеді…

Read More

Жамбыл облысы өткен жылдың қорытындысына сәйкес экономикалық өсім бойынша алдыңғы қатарда тұр. Бұл туралы бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды. Мемлекет басшысына өңірлердің экономикалық көрсеткіштері туралы баяндаған ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Жамбыл облысының үздіктердің қатарында екенін тілге тиек етті. «Әрбір өңір ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. 2019 жылдың қорытындысына сәйкес 7 көрсеткіш бойынша 8 өңірде — Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша озық өсу қарқыны қамтамасыз етілді»,-деді өз сөзінде Үкімет басшысы. Сондай-ақ, Асқар Ұзақбайұлы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Еуропалық Қайта Құру…

Read More

Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі Жамбыл облыстық Әдеп жөніндегі Кеңес отырысында қаралды. Ол жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлесіп, аудан әкімі лауазымын сатып алмақ болған, — деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Мейіржан Сүлейменов болса, бұл жай ғана достар арасындағы әңгіме барысындағы әзіл екенін айтқан. «Енді телефонмен кім не айтпайды? Сондай әңгіме болған шығар. Иә, Алматыға ауысамын деген жоспар болған. Бірақ ол жерде жолдастармен салмақты әңгіме болған емес. «Сатып аламын, осыншама ақша беремін» деген. Ойнап, достармен бір жерде айтқан шығармын», — дейді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменов әдеп кеңесінде. Әдеп жөніндегі Кеңес шенеуніктің лауазымын төмендетуді ұсынды. Облыс әкімі Асқар…

Read More

Жамбыл облысында әкім лауазымын сатып алғысы келген шенеуніктің басы дауға қалды. Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменов өзінің басшысының жайлы орнын иеленуге 50 мың доллар бермек болған, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарна мәліметінше, басшы болудан дәмелі шенеуніктің телефон арқылы айтқан сөздері ұлттық бюроның қолына тиген. «Енді телефонмен кім не айтпайды? Сондай әңгіме болған шығар. Иә, Алматыға ауысамын деген жұмыстар болған. Бірақ ол жерде жолдастармен салмақты әңгіме болған емес. «Сатып аламын, осыншама ақша беремін» деген. Ойнап, достармен бір жерде айтқан шығармын», — дейді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменов. Шенеуніктің әкімнің орнын сұрағаны кездейсоқ анықталған. Яғни, басқа бір іс бойынша күдік туғызған Сүлейменовті ұлттық бюро…

Read More

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жыл бойы өткізілетін іс-шаралардың ашық есік күні өтті. Биыл Шыңғыстаудан шыққан қазақ әдебиетінің асқар биігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын атап өту үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Дана да, дара да, кемелді кемеңгер, ғұлама ойшылдың шығармашылығын насихаттауда қоғамның рухани жағынан дамуына, мәдениетін көтеруге ықпал ететін мәдени орта – кітапханалардың алатын орны ерекше. Осындай игі шаралар легі Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жалғасын тапты. Кітапханада «Абай мұрасы» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып,…

Read More

Бір ай көлемінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» және «Алматы-Нұрсұлтан» республикалық маңызы бар автожолдарының Жамбыл облысындағы аумағында жол-көлік апаттарын азайту, қылмыстарды ашу және әкімшілік айыппұлдар мен басқа да құқық бұзушылықтар бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында 10 заманауи «Арқан» мобильді кешені сынақ режимінде жұмыс істеген болатын, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жаңашылдық транзиттік және Қырғыз Республикасымен шекаралас облыс болғандықтан аса зор маңызға ие. Көлік қозғалысының көптігі және оны үнемі бақылауда ұстау – патрульдік полиция қызметкерлерінің ең басты міндеттерінің бірі. Осы ретте «Арқан» мобильді кешенінің полиция қызметкерінің қатысуынсыз жолдың бақыланатын аумағы арқылы өтетін көлік…

Read More

В рамках акции «Приемная на дороге» в доме культуры имени Ы. Дукенулы в городе Тараз состоялась встреча первого заместителя Департамента полиции Жамбылской области полковника полиции Бауыржана Удергенова с владельцами автомашин, состоящих на учете в других странах Евразийского экономического союза, передает пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. В мероприятии также приняли участие заместитель акима областного центра Кенжебек Олжабай и руководитель таможенного поста «Тараз ЦТО» Департамента государственных доходов Аблай Молдабеков. Применение действующего законодательства в части регистрации ТС с иностранными номерами вызвали немало интересов в республике, и Жамбылская область не исключение. Поэтому руководство Департамента полиции инициировала встречу с автовладельцами, чтобы разъяснить и обсудить сложившуюся…

Read More

Тараз қаласы Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде «Жолда қабылдау» акциясы аясында Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Үдергеновтің Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдерінде есепте тұрған автокөлік иелерімен кездесуі өтті. Сондай-ақ, іс-шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай және Мемлекеттік кірістер департаментінің «Тараз КРО» кеден бекетінің басшысы Абылай Молдабеков қатысты, — деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Шетелдік нөмірдегі автокөліктерді тіркеу бойынша заңнаманы қолдануға байланысты елімізде, оның ішінде Жамбыл облысының тұрғындары арасында да бірқатар сауалдар туындаған болатын. Сондықтан Полиция департаменті басшылығының бастамасымен жағдайды түсіндіру және талқылау үшін автокөлік иелерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 400-ге жуық автокөлік иелері…

Read More

Жамбыл облысында ашыққан жыртқыштар қорадағы төрт түлікке шабуыл жасай бастаған, — деп хабарлайды «Хабар 24». Телеарна мәліметінше, жергілікті шаруалар төрт түлікті қырған қасқырлармен күресуге дәрменсіз. Себебі қасқырды өз бетімен атуға рұқсат жоқ екен. Қорасын қорып, қорқынышта отырған малшылар енді жергілікті биліктен көмек сұраған. Қасқырдан қорлық көріп отырған шаруалардың бірі — Нұрбақыт Сейітқали. Қыс түскелі оның қорасына жыртқыш бірнеше рет шабуыл жасап, 15 шақты қойын жеп кеткен екен. Қазір кезекпен ұйықтап, түнімен қора күзетеді. «Енді амал жоқ, талап кетеді. Одан кейін сойып аламыз, басқа ештеңе істемейміз оған. Қоя бергеннің өзі болмайды. Сойып аламыз қазір. Шықпағанда бәрін қырып кету керек еді. Қора жабық…

Read More