Автор: admin
2019 жылдың 9 желтоқсанында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен республикалық «Жемқорлыққа қарсы Бірінші медиа орталық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұловпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осыған орай, бүгін медиа орталық төрағасы меморандумның негізгі талаптары бойынша атқарылуы тиіс бірқатар жұмыстарды насихаттау мақсатында Тараз қаласына іссапармен келді, — деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жұмыс сапарын көші-қон қызметі орталығымен танысудан бастаған Төлеген Байғұлов мекемедегі қызметкерлердің қызмет көрсетудегі халықпен қарым-қатынасын бақылап, орталыққа келген азаматтармен сұхбаттасты. Жалпы, Көші-қон қызметі орталығы іске кіріскелі бері Қазақстан Республикасына келген шетелдіктерге мемлекеттік қызмет көрсету жақсартылып, оларға ыңғайлы жағдай жасау арқылы қызмет көрсету мерзімі…
Жамбыл облысында пойыз астына түскен екі адам қаза тапты. Тергеу шаралары басталды, — деп хабарлайды Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі. «Биыл 13 қаңтарда Жамбыл облысындағы Бел станциясына кіреберіс жерде Алматы — Ақтөбе бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының локомотиві екі адамды қағып кеткен. Олар алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. Оқиға орнына Шу станциясының тізбектегі полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы аттанған. Қаза тапқандардың кім екендері анықталды. Олар 33 жастағы және 44 жастағы теміржол ұйымының бірінде істейтін жұмысшылар екені анықталды», — делінген полиция хабарламасында. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі («Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын…
Жамбыл облысында жарықтың бағасы 3 теңге 91 тиынға өскен, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірақ тариф тек мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерге қатысты өзгеріп отыр. Мәселен, бұған дейін әрбір бюджеттік мекеме өнімнің киловатына 24 теңгеден төлеп келсе, енді 28 теңге көлемінде айналады. Ал мамандар жеке және заңды тұлғалараға қатысты тариф өзгермейді деген болжам айтып отыр. Табиғи монополияларды реттеу комитеті қызметкерлерінің айтуынша, бағаның өсуіне тасмалдау қызметі әсер еткен. «Электр қуаты нарығының бағасы 30%-ке қымбаттап отыр. Осының себебінен электр энергиясының бағасы 3%-ке көтеріліп отыр. Оның ішінде халыққа дейміз, тұтынушыларға баға өзгерген жоқ. Сол 2019 жылы төлеген ақшасымен төлеп отырады. Және өзге де заңды…
Жаңажылдық кеште жаға жыртысқан шенеуніктер жұмыстан босатылды. Алматы облысы Жамбыл ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы мен мәдениет үйінің қызметкері жылы орнынан айырылды. Ал аудан әкімінің орынбасары Алмас Әбдібаев қызметтік тексеріс аяқталғанша жұмысынан уақытша шеттетілген, — деп хабарлайды КТК арнасы. Олар 25 желтоқсанда Ұзынағаштағы мейрамханалардың бірінде болған банкетте жанжал шығарған. Әлеуметтік желіде таралған видеода әкімдік қызметкерлерінің бір-біріне үстел лақтырып, мейрамхананың ішін астаң-кестең қылғаны анық көрінеді. Бір жарым ай бұрын ғана жаңа лауазымға тағайындалған әкім орынбасары мен бөлім маманы Мәдениет үйінің қызметкеріне жабылып, сабаған. Десе де, қызуқанды шенеунік мейрамханаға келген шығынды өтеп беріпті. Соған қарамастан, шу шығарған әкімдік қызметкерлері сот алдында жауап…
Биыл 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Қазіргі жағдай бойынша елордалық 15 мыңнан аса отбасы аталмыш жәрдемақыға ие болып отыр, — деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін көмектің жаңа форматына сәйкес, жәрдемақы көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан отбасындағы балалар санына қарай сараланған мөлшерде төленеді. Атап айтқанда, 4 балаға — 42 496 теңге, 5 балаға — 53 127 теңге, 6 балаға — 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға — 74 388 теңге. Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыға өтініш беру үшін құжаттарды Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы аудандарының…
Поздравляю всех православных христиан области с праздником «Рождество Христово». Это один из значимых и радостных праздников в христианском календаре! Он озаряет жизнь миллионов людей светом надежды и любви, учит проявлять милосердие и заботу о ближних, помогает стать гуманнее и справедливее. Рождество вселяет в души христиан веру, радость и чистоту. В нашем общем доме, независимом Казахстане с давних времен бок о бок в мире и взаимной толерантности живут представители разных национальностей и вероисповеданий, Рождество олицетворяет собой гармонию и взаимопонимание. Празднование Рождества Христова наглядно подтверждает, что в стране успешно развивают свои традиции, культуру, обычаи люди самых разных вероисповеданий. И мы особо отмечаем…
Туриндік «Ювентус» футболдан Италия чемпионатының 18-кезеңінде өз алаңында «Кальяри» командасын талқандады, — деп хабарлайды Vesti.kz. Туринде өткен ойын 4:0 есебімен аяқталды. Криштиану Роналду хет-трик орындады (49-шы және 82-ші минуттарда қарсыластар қапасынан саңылау таба білді, ал 67-ші минутта пенальти орындау кезінде мүлт кеткен жоқ. Тағы бір голдың авторы (81-ші минутта) аргентиналық Гонсало Игуаин болды, ол кезде де португалиялық футболшы нәтижелі пас шығарған еді. 45 ұпай жинаған «Ювентус» бірінші орынға қайтып келді, ал 29 ұпайы бар «Кальяри» алтыншы орында. Туриндіктер «Интер» командасында қосымша көрсеткіштермен ғана озып тұр, алайда миландықтар 18-кезеңдегі ойынды «Наполиге» қарсы өткізеді.
SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран-тасығышы орбитаға 60 Starlink жерсерігін сәтті шығарды. Бұл туралы компанияның Twitter-аккаунтында жарияланды, — деп хабарлайды «Лента.ру». Орбитаға шығарылған жерсеріктер 290 шақырым биіктікте болады және жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етеді. Falcon 9 6 қаңтарда 21:19-да жергілікті уақыт бойынша ұшты. Оның бірінші сатысы (бұрындары үш рет қолданылған) Атлант мұхитындағы Of Course I Still Love You («Әрине, мен сені әлі де сүйемін») платформасына қонды. SpaceX жаһандық интернетпен қамтамасыз ету Starlink бағдарламасын 2015 жылы таныстырған еді. Ол 12 мыңға жуық жерсеріктерді іске қосуды жоспарлаған: 1,1-ден 1,3 мың шақырым аралығындағы биіктікте 4425 құрылғы және 335-тен 346 шақырымға дейінгі биіктікте 7518 аппарат. Жүйенің мәлімделген өткізу қабілеті бір пайдаланушыға секундына бір…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтіні Ақорда сайтында жарияланды. «Қымбатты қазақстандықтар! Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады. Конфессияаралық келісім — мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз», — делінген мәтінде. Тоқаев Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосып жатқанын айтты «Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз. Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!», -…
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) жарақатынан кейін рингке қашан оралатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Vesti.kz. Қазіргі таңда Жаңабаев Таразда, ол қайтадан жаттыға бастаған көрінеді. Боксшының командасына жақын мәлімет көзінің ақпаратынша, Нұрсұлтан келесі жекпе-жегін наурызға белгілеп отыр. Қазақстандық жартылай орта дивизионда WBA Inter-Continental және WBO Oriental белбеулеріне ие. Айта кетейік, Жаңабаев 21 желтоқсан Ресейде өткен бокс кешіне он күн қалғанда жарақаттанған болатын. Бұл жекпе-жекте оның қарсыласы 38 жастағы венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО) болу керек еді. Ал бұл шоудың басты кездесуінде ресейлік Денис Лебедев (32-2, 23 КО) африкалық Табисо Мчунуден (21-5, 13 КО) төрешілер…