Автор: admin
Белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды. Қайғылы хабарды саясаттанушы Ерлан Саиров Tengrinews.kz порталына растаған. Серікболсын Әбділдин — қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған. 1982-1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986-1987 жылдары Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болып қызмет еткен. 1995 жылдан — Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі — Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарады. Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылым еңбек пен 6 монографияның авторы.
2020 жылы қазақстандықтар 119 күн демалады, — деп хабарлайды Uchet.kz. Биылғы демалыстар дәстүр бойынша Жаңа жылдан басталады. Жыл басында қазақстандықтар 4 күн — 1, 2, 3 және 4 қаңтарда демалады. 5, 6 қаңтар жұмыс күндері болып есептеледі. Ал 7 қаңтарда қазақстандықтар Рождество құрметіне демалады. 2020 жылы ең ұзақ демалыс наурыз, мамыр, желтоқсанда болады. Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтар 3 күн — 7, 8 және 9 наурызда демалады. Ал Наурыз мейрамында 5 күн — 21-25 наурыз аралығында демалады. Ал мамырда демалыс күндері Қазақстан халқының бірлігі мейрамында 1, 3 күндері және 7-9 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде демалады. Айта кетейік, 8 мамыр жұмыс күні болып есептеледі, алайда 9 мамыр сенбіге түскендіктен демалыс дүйсенбі 11 мамырдан 8 мамыр…
Жаңа жылда елордада 24 сәби дүниеге келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жедел-жәрдем қызметкерлері 1628 қоңырау қабылдады. 2020 жылдың 1 қаңтарында сағат 00:00-12:00 аралығында елордада барлығы 24 бала өмірге келді. Оның 14 — қыз, 10 — ұл», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz сауалына. 2020 жылы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров пен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова елордалық ауруханаларды аралап қайтты. Олар Жаңа жылды ауруханада қарсы алған тұрғындардың жағдайын біліп қайтты. Астаналық медициналық ұйымдар Жаңа жыл мерекесі күндері штаттық режимде жұмыс істейді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамай төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі өкілдерінің айтуынша, жәрдемақы отбасының бала санына қарай беріледі. Ведомство мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірлеген. Келер жылдан бастап күшіне енетін заң жобасына бірнеше шарттар қосылды. Солардың бірі — көпбалалы отбасындағы еңбекке қабілетті мүшелері мемлекет ұсынған жұмысқа орналасуы тиіс. Бұл шарт орындалмаған жағдайда барлық отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады. Қазір елімізде 340 мыңнан астам көп балалы отбасы бар. «Көп балалы отбасыларға олардың табысын ескермей, тек отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің үдемелі дамуына, сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстарға қанағаттанушылық білдірді, бұл Қазақстан мен Ресейдің одан әрі жақындасуының ортақ ісіне пайда болуда. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды. Мемлекет басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты, сондай-ақ жаңа жылдық құттықтаулармен алмасты.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап WhatsApp мессенджері iOS және Android операциялық жүйелерінің ескі нұсқаларында істен шығады. Бұл туралы бағдарламаның қолдау орталығының парақшасында жазылған, — деп хабарлайды РИА Новости. Қосымшаның жұмыс істеуі үшін Android-та 4.0.3 және одан жоғары, ал iOS-та 9, KaiOS-та 2.5.1 және одан жаңасы болуы тиіс. Девайстарда ескі нұсқалар болған жағдайда WhatsApp қолданушылары қосымшада тіркеле алмайды және өзінің қазіргі аккаунтында пайдалан алмайды. Компания ескі смартфондар үшін жаңа жүйе құрастырмайды, сол себепті кейбір қосымшалар кез келген уақытта істен шығуы мүмкін. Хабарламада 31 желтоқсаннан бастап Windows Phone қолданушылары мессенджерді пайдалану мүмкіндігінен айырылғаны айтылады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 2020 жылмен құттықтады. Қымбатты отандастар! Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттайды. Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт. Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек. Әрбір азамат, әрбір шаңырақ Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Бұл — табиғи дүние. Біздің бүгінгі басты бағытымыз — Жаңғыру жолы. Баршаға қуаныш сыйлайтын Жаңа жыл мейрамы осы мақсатпен үндеседі. Өтіп бара жатқан 2019 жыл еліміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Қазақстан тарихи дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Тұңғыш Президент, мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық жолы сақталды. Халқымыз Президент сайлауында маған зор сенім артты. Осы орайда, қолдау көрсеткен азаматтарға және бүкіл…
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бүгін Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесуге күні кеше аталып өткен облысымыздың сексен жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған маңызды оқиғаларды насихаттауға белсене атсалысқан 80 журналист пен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Өз кезегінде 14 журналист облыс әкімінің «Облысқа сіңірген үлесі үшін» белгісімен марапатталды. Басқосу барысында аймақ басшысы жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өңірдің айтулы мерейтойының өз деңгейінде өтуіне атсалысқаны үшін төртінші билік өкілдеріне деген алғысын білдірді. Өз кезегінде журналистер де облыс басшысына көкейдегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар ала білді. Өңірдегі оң өзгерістерді тілге тиек еткен БАҚ өкілдері жемісті жұмыстар алдағы уақытта да өз…
2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. Ағымдағы жылдың 11 айында Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасады. Ол үстіміздегі жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыс экономикасының барлық салаларында оң көрсеткіштер сақталып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс секілді…
Тараз қаласындағы балалар үйінің алты тәрбиеленушісі үшін биылғы жаңа жыл ерекше болды, себебі олар оны өз отбасында қарсы алады. Балалардың тағдыры аға сержант Бауыржан Исаев пен жұбайы Ботагөздің балалар үйінен бала асырап алу туралы шешімінен кейін өзгерді, — деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Төрт бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты нақты әрі айқын шешім қабылдады. Екеуі де «Жетімсіз Қазақстан» жобасының идеясы туралы теледидардан көрген болатын. Ерлі-зайыптылардың бұл ойын бір үйде тұратын Бауыржанның ата-аналары қолдады. Аға сержант Бауыржан Исаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде механик-жүргізуші болып қызмет атқарады. Әскери қызметші Қарулы күштерде осымен 15 жыл үлгілі қызмет етіп және еліміздің қауіпсіздігі…