Автор: admin

Тараздық оқушының әжетханада зорлану дерегі бойынша қалалық білім бөлімі басшысы жұмысынан кетті, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. Білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева өз еркімен арыз жазып, қызметінен кетті. Ол денсаулығына байланысты осы айдың басынан бері емделіп жүрген. 12 жастағы қызға азғындық жасалған күні де ауруханада жатқан. Алайда оның сырқаты қызметте қалуына себеп бола алмады. Жинақбаева мекемені екі жарым жылдай басқарған. Айта кетейік, бұған дейін облыстық білім басқармасының басшысы да қызметінен кеткен еді.  Еске салайық, мұның алдында Таразда 7-сынып оқушысын 36 жастағы ер адам сабақ кезінде зорлағаны хабарланған болатын. Бұл жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де…

Read More

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі.  «Атом саласындағы ынтымақтастық біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда маңызды орын алады. Бүгінде бағыттардың кең спектрі бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Асқар Мамин. Қазақстанда 5 қазақстандық-ресейлік бірлескен уран өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді: «Заречное» БК АҚ, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ, «ОТХК» БК» ЖШС, «Хорасан-U» БК» ЖШС. 2018 жылы олар 8427 тонна уран (ҚР-да уран өндірудің барлық көлемінен 38,8 пайыз), осы жылдың 9 айында — 6645,8 тонна уран өндірді. Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысын,…

Read More

В Жамбылской области 30-летний мужчина пытался украсть девушку и заставить выйти за него замуж. Инцидент сняли на видео, сообщает КТК. Все произошло в городе Шу. Местный житель сделал предложение своей знакомой, но получил отказ. Однако сдаваться горе-жених был не намерен. И решил силой увести 20-летнюю избранницу. Он ворвался к ней на работу, пытался выбить дверь комнаты, где спряталась девушка. Когда за нее заступился коллега, мужчина ранил его ножом в грудь. Пострадавший был доставлен в больницу. Нападавшего удалось задержать. «Подозреваемый дал признательные показания. И в отношении него следственным судом избрана мера пресечения — содержание под стражей. Начато досудебное расследование», — сообщила руководитель пресс-службы департамента…

Read More

Грузияның арнайы жасақ қызметкерлері қала орталығындағы парламент ғимараты алдында сайлау жүйесін өзгертуді талап еткен оппозиционерлер мен олардың жақтаушыларын суатқышпен қуып, тыныштандырып жатыр, — деп хабарлайды РИА Новости. Жергілікті Бірінші арнаның мәліметінше, наразалық шарасына қатысушылар парламентке кірер жолдардың барлығын жауып тастаған. Басылымның мәліметінше, құқық қорғау органдарының өкілдері осыған дейін де оппозиционерлерді суатқышпен қуған. «Наразылық шарасы барысында полицейлер 28 адамды ұстады, олар 173 және 166-баптар бойынша ұсталды. Үш адам түрлі жарақат алды, оларға медициналық көмек көрсетілді», — делінген Грузияның ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Read More

Қоғам бір орында тұмайтыны белгілі. Саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, танымдық өзгерістермен қатар, ғылыми технологиялық жаңалықтар заңаманы заман талабына сай жетілдіріп отыруды талап етеді. Қазіргі кезеңде жоғарыда аталған үрдістерден бөлек, радикалдық идеалдарды тарата отырып діни ұстаныммен діни түсініктерде жасанды қайшылықтар туындату арқылы өз мақсаттарына жетуді көздейтін теріс пиғылдағы топтар пайда болуда. Бұдан да басқа қалыптасқан жаһандық жағдайларды күрделендіре түсетін факторларда аз емес. Олар қоғамның діни сауатының төмендігінен, толассыз ақпараттардың сараланып, ой елегінен өтіп үлгерместен ғалам тор арқылы жедел тарауынан, құқықтық базаның заман талабына сай келмеуінен туындайтын келеңсіздіктер. Мемлекетіміз Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 — 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткені…

Read More

Әлемдік қауымдастықтың белді мүшесіне айналған Қазақстан әлемдік қайшылықтарды қауіптерді планетарлық мәселелерді әлем халықтарымен бөліседі. Көптеген елдерге қауіп төндіріп отырған терроризм құбылысы да Қазақстанға қауіп әкеледі. Қазақстанда сектантизм құбылысының күшейе түсуінің түрлі себептері бар. Біріншіден, елдегі басым көпшілік ұстанатын мұсылман діні де, христиандық проваславие діні де өзіне халықты қарату мақсатында аса белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, елдің арасына шығып түрлі шаралар өткізбейді. Бұл жағынан дәстүрлі діндер белсенді емес. Осының себебі туралы Астана және Алматы епархиясының протоиерейі Александр Иевлев былай дейді: «Тоталитарлық секталар мен дәстүрлі діндер арасындағы айырмашылық осыған байланысты. Сектанттарға қарағанда біз жеке тұлғаны өзімізге алуға мүдделі емеспіз. Адамға сырттай әсер ету…

Read More

Мексикалық «Чивас Гвадалахар» клубының қақпашысы Хосе Родригес өз айып алаңынан қарсыластар қақпасына гол салды, — деп хабарлайды Eurosport. Мексиканың дәстүрлі чемпионатының соңғы айналымында «Чивас» «Веракрусқа» қарсы ойын кезінде қызықты жағдай болды. 94-минутта «Чивас» қақпашысы бұрыштама добын тосып алып, қатты соққымен қарсыластардың қақпасына қарай шірене тепкен. Осы кезде қақпа бос болған, алаңға жүгіріп кеткен «Веракрус» қақпашысы допқа үлгермеген. Осылайша ойын 3:1 есебімен «Чивас Гвадалахар» пайдасына шешілді.

Read More

Директорлар кеңесінің шешімімен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі.  Ержан Еркінбаев 1982 жылы 7 маусымда Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Түрлі жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген. 2009-2013 жылдар аралығында «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры болып қызмет атқарған. 2013-2016 жылдары — «Медеу» спорт кешенінің бас директоры. 2016-2019 жылдары Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры лауазымын атқарды. Биылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы»…

Read More

Осындан алты-жеті жыл бұрын Дін істері комитеті жанынан құрылған дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының өзектілігі діни фактордың қоғамдық өмірде басымдылық танытуымен тұспа-тұс келгенімен байланысты десек болады. Сол жылдары еліміздің діни ахуалында келеңсіз жағдайлардың орын алуы да баршамызға мәлім. Осы жайттар тұрғындар арасында мемлекеттің дін саласындағы саясатын жете түсіндіру қажеттілігін, дін атын жамылған жат ағымдардың теріс ықпалының алдын алуды күн тәртібіне қоюды талап етті. Еліміздің өңір-өңірлерінде аймақтық ақпараттық-түсіндіру топтарының құрылуымен қатар, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (ары қарай РАТТ) жүйеленіп, оның құрамына еліміздегі білікті мамандар тартыла бастады. Ел аймақтарындағы жүргізіліп отырған жұмыстардың жетілдірілуіне байланысты уақыт өте келе топ құрамы өзгеріп отырады. Кей…

Read More

Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктеген 1991 жылы ел дамуының жаңа кезеңі басталды. Тарихтың тың парағы ашылып, жаңа тарихты жаза бастасақ та, ол уақытты оңай болды деу жөн емес. Тәуелсіздігіне енді қол жеткізген мемлекеттің экономикалық реформалары өзгеше сипат алды. Жаңа Конституцияға сәйкес экономикадағы нарықтық қатынас алға шықты. Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін 1994 жылы қатаң қаржылық-несиелік бағам саясаты жарияланды. Бұл өз кезегінде макроэкономиканың қалыпқа келуіне ықпал етті. Ұлттық валютаның пайда болуы Қазақстан экономикасындағы айтулы тарихи қадам болды. Кезекті экономикалық реформалар кезеңі 1996-дан 1998 жылдар аралығын құрады. Бұл тұста макроэкономикалық тұрақтандыру үрдісі тәмамдалып, инвестициялық экономикалық өсім бағдарламасы тұжырымына өту кезеңіне аяқ басты. 1997…

Read More