Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

      21/10/2026

      39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

      21/10/2026

      45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

      21/10/2026

      Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

      21/10/2026

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Су тапшылығы: Қазақстан қауіпті аймаққа енді

    Су тапшылығы: Қазақстан қауіпті аймаққа енді

    Басты тақырып 08/04/2026
    el.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанда климаттың өзгеруі елдің су ресурстарына тікелей әсер етіп отыр. Бұл — экономикалық тұрақтылыққа ықпал ететін маңызды факторлардың бірі, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Qazaq Expert Club сарапшысы Қуаныш Өзбековтің айтуынша, кейінгі жылдары Жайық, Тобыл, Ертіс және Есіл өзендеріндегі су деңгейі төмендеп келеді. Сонымен қатар, Балқаш пен Каспийдің су айдындары да қысқарып жатыр. Климаттық цикл де өзгерген: қыс жылынып, қардың жиналу және еру тәртібі бұзылған. Соның салдарынан судың бір бөлігі уақытынан бұрын топыраққа сіңіп немесе буланып, су қоймаларына жетпей қалады.

    Сарапшы 2024 жылғы оқиғалар елдің осал тұстарын айқын көрсеткенін атап өтті. Су тасқыны кезінде 170 мыңнан аса адам үйін тастап шығуға мәжбүр болды, мыңдаған нысан су астында қалды. Бұл — құрғақшылыққа қарама-қайшы құбылыс емес, керісінше климаттың тұрақсыздығы мен инфрақұрылымның дайын емес екенінің көрінісі.

    Болжамға сәйкес 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы қажеттіліктің жартысына дейін жетуі мүмкін. Ал 2050 жылға қарай бұл мәселе елдің жалпы ішкі өнімін 6%-ға төмендетуі ықтимал. Демек, бұл тек экологиялық емес, экономикалық қауіпке айналып отыр.

    Қосымша қиындық — экономиканың суға тәуелділігі жоғары. Бір өнімге жұмсалатын су көлемі шамамен 109 текше метрге жетеді. Бұл АҚШ пен Ресеймен салыстырғанда 2,5 есе, ал Аустралиядан 5 есе көп. Мұндай көрсеткіш су ресурстарын тиімсіз пайдалану мен кей салалардағы технологиялық артта қалуды аңғартады.

    Жағдайды география да күрделендіреді. Өзен ағынының жартысына жуығы елден тыс жерде қалыптасады, ал Қазақстан трансшекаралық бассейндердің төменгі бөлігінде орналасқан. Бұл елді көрші мемлекеттердің су саясатына тәуелді етеді және өңірлік ынтымақтастықты күшейтуді талап етеді.

    Осы сын-қатерлерге жауап ретінде институционалдық шаралар қолға алынған. 2025 жылғы сәуірде жаңа Су кодексі қабылданып, онда алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Құжатта 20 жаңа су қоймасын салу, 15 нысанды жаңарту және 14 мың шақырым суару желілерін қалпына келтіру қамтылды. 2030 жылға қарай су шығынын 25%-ға азайту жоспарланған.

    Дегенмен, сарапшының пікірінше, басты мәселе — іске асыру. Тамшылатып және жаңбырлатып суару секілді заманауи технологиялар су шығынын екі есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, бірақ оларды кеңінен енгізу қажет.

    Қуаныш Өзбековтің айтуынша, Қазақстан қазір маңызды таңдаудың алдында тұр. Су үнемдейтін технологияларды енгізу қарқыны, цифрлық бақылау мен ресурстарды басқарудың жаңа тәсілдері елдің экономикалық тұрақтылығы мен әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Ал қабылданатын шешімдер алдағы ондаған жылдағы су қауіпсіздігін айқындайды.

    Қазақстан су Су тапшылығы тіршілік көзі

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026

    Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

    21/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026

    Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

    21/10/2026

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.