Автор: admin
Жамбыл облысында бүгінгі таңда 138 жедел жәрдем көлігі GPS–навигациясымен жабдықталған. Бұл, автокөліктерді бақылауға және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, бүгінде халықтан түсетін шақыртулар «Көмек» автоматтандырылған жүйесі арқылы қабылданады және тіркеледі. Бұл жүйені енгізу үшін жергілікті бюджеттен 122 миллион теңге бөлінген. «Жедел жәрдем қызметінің сапасын жақсарту мақсатында мониторингтік топ құрылып, бақылаулы шақыртулар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 4 кешігу фактісі айқындалып, жедел жәрдем стансасының қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, тиісті мемлекеттік органдарға кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады», — дейді М.Жұманқұлов. Сондай-ақ, басқарма басшысы медициналық ұйымдарға 100 пайыз медициналық…
Жамбылда жыл басынан бері тіркелген құқық бұзу фактілерінің саны 12 пайызға төмендеп, 7274-тен 6354-ке азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, өңірде пәтер ұрлығы — 37,4 пайызға, кісі өлтіру — 28,9 пайызға, қарақшылық — 27,8 пайызға, тонау — 24,7 пайызға кемісе, аса ауыр қылмыстарды ашу — 01,8 пайызға, ауыр қылмыстарды ашу — 85,3 пайызға артқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің есеп беру жиынында айтылды. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовке аталмыш полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев биылғы жылдың алғашқы үш тоқсанындағы жұмыс қорытындысы туралы баяндады. Ол қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстарды азайту үшін, атап айтқанда ұсақ бұзақылық, спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас…
Супер ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюри 2020 жылдың ақпанында WBC белбеуіне ие Деонтей Уайлдермен жекпе-жек өткізетінін растады, — деп хабарлайды «Чемпионат». Британиялық бұл туралы WWE реслинг промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегінен кейін мәлімдеді. «WWE-дегі жекпе-жек мен үшін ғажайып тәжірибе болды. Брон сөзсіз мықты. WWE-ге ораламын ба? Деонтей Уайлдермен жұдырықтасуды жоспарлап отырмын, 22 ақпанда өтеді. Содан кейін не боларын көреміз», — дейді Фьюри. Еске салайық, Фьюри мен Уайлдер арасындағы бірінші жекпе-жек 2018 жылдың 1 желтоқсанында өтіп, тең аяқталған еді. Осылайша, Уайлдер алғаш рет жеңіске жете алмады.
Jas Otan сыбайлас жемқорлық бойынша көзге түскен жоғары оқу орындарының рейтингін жасады, — деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі. Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда «Таза сессия» жалпыхалықтық акциясының аралық нәтижелері талқыланды. Jas Otan жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек акцияның қорытындылары туралы хабарлады. Сонымен, Jas Otan белсенділері Қазақстанның барлық аймақтарындағы 15 мыңға жуық студент арасында анонимді сауалнама жүргізді. Студенттердің 12,8 пайызжоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар деп көрсеткен. Демек, сауалнамаға қатысқан әрбір 8 студент білім ордаларында сыбайлас жемқорлықтың бар екендігін растайды және әрбір 12 студенттің пара бергені айқындалды. Сондай-ақ, университеттерде емтихан тапсырып,…
«Слуга народа» партиясының депутаты Богдан Яременко Жоғарғы Рада жұмысы кезінде онлайн-желі арқылы ақыға кездесетін қыздармен келіссөз жүргізген. «Букв» сайтының журналисі оның хат алмасып жатқан жерінен суретке түсіріп алған. Парламентарий дауыс беру кезінде ол Алина есімді 32 жастағы әйелдің анкетасын оқып отырған, онда былай деп жазылған: секс, кездесу, романтикалық кездесу. Сондай-ақ, қыз бала қарым-қатынасқа қызықпайтынын жазған. Кейін Яременко осы қызбен жазыса бастайды, бәлкім басқасы болуы да мүмкін. Қыз кездесудің талабын қояды: «Сағаты — 100 доллар. Екі сағат — 150. Түнге қалмаймын. Қатты қаласаңыз, оны да ұйымдастыруға болады». Сосын басылым видео жариялады, онда ұлттық депутат Tinder танысу желісінің чатында жазысып жатқаны көрсетілген. Кейін депутаттың тағы…
Қазақстанның Қытайдағы елшісі ауысты, — деп хабарлайды Ақорда сайты. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», — делінген Жарлықта.
Жамбыл облысында 17 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті. Таяуда ол Тараз қаласындағы өз үйінен шығып, қайтар оралмаған, — деп хабарлайды облыстық полиция баспасөз қызметі. «Жамбыл облыстық полиция департаменті із-түссіз жоғалып кеткен 11-сынып оқушысы Асылжан Доқтырбайды (2002 жылы 29 қазанда дүниеге келген) іздестіріп жатыр. 31 қазанда 12:00-де қыз үйінен шығып, қазіргі уақытқа дейін қайтып оралмаған. Бойы 150-155 сантиметр, дене пішімі орта, шашы қоңыр түсті ұзын, қой көзді. Ерекше белгілері: төменгі ернінде қалы бар», — делінген таратылған бағыттамада. Қыз бала ақ жейде киген, ақ кроссовка, қара шалбар киген және қара сөмкесі болған. «Қыз туралы қандайда бір мәліметті білетін адамдардан мына телефон нөмірлеріне…
Биыл Тараз қаласы әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне ақша аямаймыз деп отыр. 2018 жылы әкімдік 5,2 миллион теңге жұмсап, оның 2,6 миллион теңгесіне көшелерді безендіру үшін гирляндалар, неон және дюралайт ілмелер сатып алған. Ал, орталық алаңға бас шыршаны орналастыру мен отшашу ұйымдастыру үшін 2 миллион 596 мың теңге жұмсаған , — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Тараз әкімдігі жаңажылдық шыршаға деп биыл бюджеттен 15 миллион теңге бөліп отыр. Қала әкімдігі «Конкурстың «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес жүргізіліп отырғанын айтты. Сондай-ақ жаңа жыл мерекесіне қарсы облыс орталығын безендіру мақсатында бюджеттен 15 миллион теңге бөлініп отырғанын растады. «ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына…
Пәкістанда пойыз өртену салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды, — деп хабарлайды Geo TV телеарнасы Pakistan Railways компаниясының ресми өкіліне сілтеме жасап. Компания өкілінің айтуынша, өрт — тамақ істеуге қолданылатын газ балоны жарылу салдарынан шыққан. Өрт үш вагонға жайылған. Пойыз Караши қаласынан шығып, Равалпиндиге бара жатқан.
Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы «Жастар аллеясының» «Білім» алаңында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» атты фотопоэзия көрмесі өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Тараз қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шара Жамбыл облысының 80 жылдығына арналды. Әйгілі Фирдоуси ғазалымен аталған кешті жас ақын Нұржан Қадірәлі жүргізді. Көрме әуелі ашық аспан астындағы классикалық вальспен ашылды. Содан кейін жүргізуші ортаға шығып, картиналардың бетперделерін аша жүріп өлең оқыды. Осы сәтте өңірдегі «Ақкербез» бишілер тобының ұлттық нақышта киінген арулары да барлық картиналардың бетперделерін ашып, оларды көпшілік назарына ұсынды. Әулиеата өңірінен қазақ әдебиетінде есімі…