Автор: admin

Полиция қызметкерлері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының аумағын қоршап алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 қарашада сағат 09.42-де 101 пультіне «Хан Шатыр» СОО-ның астыңғы қабатында түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. «Техникалық бөлмеде электр кабельдері өртенді. Өрт 10.36-да 5 қума метр алаңда сөндірілді. Қызметкерлерді әкімшілік өртсөндірушілер келгенге дейін эвакуациялады», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті жоюға астаналық ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 техника жұмылды. Полиция қызметкерлері сауда ойын-сауық кешенінің аумағын қоршап алды.

Read More

Электр қуаты желтоқсаннан бастап 6 пайызға қымбаттайды. Ал оны жүгендеуге Табиғи монополияларды реттеу комитетінің шамасы жетпейді. Себебі, бағаның өсуіне газ, көмір, жанармай сияқты комитеттің құзырына кірмейтін отын түрлері әсер етіп отыр, — деп хабарлайды КТК арнасы. Монополияға қарсы қызмет «Электр энергиясының өзіндік құнын Энергетика министрлігі белгілейді» деп, мәселенің басын сол жаққа бұрады. Ал олар «Бағаны Комитет белгілейді» деп, басын даудан арашалағысы келеді. Екі жақ өзара түсінісе алмай жатқанда, қымбат тариф тұтынушының қалтасынан өтелмек. Тариф тақырыбын Елбасы бір жыл бұрын ғана Қауіпсіздік кеңесінде арнайы қарап, министрлерді сынға алған еді. Артынша монополистер негізсіз тариф арқылы халықтан алған артық миллиондарын кері қайтара бастаған. Енді…

Read More

Танганьика провинциясында жолаушылар мен қалайы рудасы тиелген жүк көлігі аударылып кеткен Конго Демократиялық Республикасындағы қайғылы жол апатынан 22 адам қаза тапты, деп жазады News.ru. Елдің оңтүстік-шығысындағы Танганьика провинциясының Манано аумағында қалайы рудасы тиелген жүк көлігі аударылып, соның салдарынан 22 адам қаза тапқан. Полицияның мәлімдеуінше, ауыр жарақат алған тағы онға жуық адам хал үстінде жатыр.

Read More

Егер қызметкер тексеру кезінде сыйлық немесе пара алуға келіскен жағдайда тәртіптік, оның ішінде, қызметінен босатылуға дейінгі жауапкершілік қарастырылған Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлық деңгейін түпкілікті азайтуға бағытталған реформалардың жаңа пакеттерін дайындау бойынша кешенді жұмыс жүріп жатыр, — деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев хабарлады. «Кешенді жұмыстардың бірі – «Integrity Check» енгізу. Бұл — құқық қорғау және бақылау органдарының қызметкерлеріне қатысты ерекше өндіріс аясында, яғни құпия әдістермен және соттың санкциясымен қатаң түрде жүргізілетін қызметтік тексерістің аналогы. Тексерілуші пара, өзге де пайда мен артықшылықтар алуға келісімін білдірген жағдайда жұмыстан босатылады.…

Read More

Американың Юта штатында Хеллоуин мерекесіне орай ұйымдастырылған кеште екі адамды өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Associated Press. Оқиға Рузвельт қаласында болған. Әзірге марқұмдардың жеке бас мәліметі мен қылмыстың себебі және оның қалай жүзеге асырылғаны туралы еш ақпарат жоқ.

Read More

Жамбыл облысының бірқатар лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. «Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық жасады деген күдік бойынша Ақмола облысының Экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі, 5-санатты біліктілік сыныбы (аға лейтенант) К.Е. Көбегеневке, 82796 ә/б 2-ші ауыр-гаубица артиллериясы дивизионының командирі майор Р.Х. Бастыбаевқа және азамат Б.К. Ағдавлетовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар осы әскери бөлімнің 8-ші ауыр-гаубица артиллериясы батареясының командирі капитан Б. Мұратұлынан бұрын келісілген 9 млн. 106 мың теңгенің 1 млн. 700 мың теңгесін алаяқтық жолмен, соңғысына қатысты тергелетін қылмыстық іс бойынша мәселені оң шешуге жәрдем көрсету желеуімен алған деген күдікке ілінген болатын»,…

Read More

Жамбыл облысында бүгінгі таңда 138 жедел жәрдем көлігі GPS–навигациясымен жабдықталған. Бұл, автокөліктерді бақылауға және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, бүгінде халықтан түсетін шақыртулар «Көмек» автоматтандырылған жүйесі арқылы қабылданады және тіркеледі. Бұл жүйені енгізу үшін жергілікті бюджеттен 122 миллион теңге бөлінген. «Жедел жәрдем қызметінің сапасын жақсарту мақсатында мониторингтік топ құрылып, бақылаулы шақыртулар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 4 кешігу фактісі айқындалып, жедел жәрдем стансасының қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, тиісті мемлекеттік органдарға кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады», — дейді М.Жұманқұлов. Сондай-ақ, басқарма басшысы медициналық ұйымдарға 100 пайыз медициналық…

Read More

Жамбылда жыл басынан бері тіркелген құқық бұзу фактілерінің саны 12 пайызға төмендеп, 7274-тен 6354-ке азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, өңірде пәтер ұрлығы — 37,4 пайызға, кісі өлтіру — 28,9 пайызға, қарақшылық — 27,8 пайызға, тонау — 24,7 пайызға кемісе, аса ауыр қылмыстарды ашу — 01,8 пайызға, ауыр қылмыстарды ашу — 85,3 пайызға артқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің есеп беру жиынында айтылды. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовке аталмыш полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев биылғы жылдың алғашқы үш тоқсанындағы жұмыс қорытындысы туралы баяндады. Ол қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстарды азайту үшін, атап айтқанда ұсақ бұзақылық, спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас…

Read More

Супер ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюри 2020 жылдың ақпанында WBC белбеуіне ие Деонтей Уайлдермен жекпе-жек өткізетінін растады, — деп хабарлайды «Чемпионат». Британиялық бұл туралы WWE реслинг промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегінен кейін мәлімдеді. «WWE-дегі жекпе-жек мен үшін ғажайып тәжірибе болды. Брон сөзсіз мықты. WWE-ге ораламын ба? Деонтей Уайлдермен жұдырықтасуды жоспарлап отырмын, 22 ақпанда өтеді. Содан кейін не боларын көреміз», — дейді Фьюри. Еске салайық, Фьюри мен Уайлдер арасындағы бірінші жекпе-жек 2018 жылдың 1 желтоқсанында өтіп, тең аяқталған еді. Осылайша, Уайлдер алғаш рет жеңіске жете алмады.

Read More

Jas Otan сыбайлас жемқорлық бойынша көзге түскен жоғары оқу орындарының рейтингін жасады, — деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.  Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда «Таза сессия» жалпыхалықтық акциясының аралық нәтижелері талқыланды. Jas Otan жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек акцияның қорытындылары туралы хабарлады. Сонымен, Jas Otan белсенділері Қазақстанның барлық аймақтарындағы 15 мыңға жуық студент арасында анонимді сауалнама жүргізді. Студенттердің 12,8 пайызжоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар деп көрсеткен. Демек, сауалнамаға қатысқан әрбір 8 студент білім ордаларында сыбайлас жемқорлықтың бар екендігін растайды және әрбір 12 студенттің пара бергені айқындалды. Сондай-ақ, университеттерде емтихан тапсырып,…

Read More