Автор: admin

Jas Otan сыбайлас жемқорлық бойынша көзге түскен жоғары оқу орындарының рейтингін жасады, — деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.  Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда «Таза сессия» жалпыхалықтық акциясының аралық нәтижелері талқыланды. Jas Otan жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек акцияның қорытындылары туралы хабарлады. Сонымен, Jas Otan белсенділері Қазақстанның барлық аймақтарындағы 15 мыңға жуық студент арасында анонимді сауалнама жүргізді. Студенттердің 12,8 пайызжоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар деп көрсеткен. Демек, сауалнамаға қатысқан әрбір 8 студент білім ордаларында сыбайлас жемқорлықтың бар екендігін растайды және әрбір 12 студенттің пара бергені айқындалды. Сондай-ақ, университеттерде емтихан тапсырып,…

Read More

«Слуга народа» партиясының депутаты Богдан Яременко Жоғарғы Рада жұмысы кезінде онлайн-желі арқылы ақыға кездесетін қыздармен келіссөз жүргізген. «Букв» сайтының журналисі оның хат алмасып жатқан жерінен суретке түсіріп алған. Парламентарий дауыс беру кезінде ол Алина есімді 32 жастағы әйелдің анкетасын оқып отырған, онда былай деп жазылған: секс, кездесу, романтикалық кездесу. Сондай-ақ, қыз бала қарым-қатынасқа қызықпайтынын жазған. Кейін Яременко осы қызбен жазыса бастайды, бәлкім басқасы болуы да мүмкін. Қыз кездесудің талабын қояды: «Сағаты — 100 доллар. Екі сағат — 150. Түнге қалмаймын. Қатты қаласаңыз, оны да ұйымдастыруға болады». Сосын басылым видео жариялады, онда ұлттық депутат Tinder танысу желісінің чатында жазысып жатқаны көрсетілген. Кейін депутаттың тағы…

Read More

Қазақстанның Қытайдағы елшісі ауысты, — деп хабарлайды Ақорда сайты. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», — делінген Жарлықта.

Read More

Жамбыл облысында 17 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті. Таяуда ол Тараз қаласындағы өз үйінен шығып, қайтар оралмаған, — деп хабарлайды облыстық полиция баспасөз қызметі. «Жамбыл облыстық полиция департаменті із-түссіз жоғалып кеткен 11-сынып оқушысы Асылжан Доқтырбайды (2002 жылы 29 қазанда дүниеге келген) іздестіріп жатыр. 31 қазанда 12:00-де қыз үйінен шығып, қазіргі уақытқа дейін қайтып оралмаған. Бойы 150-155 сантиметр, дене пішімі орта, шашы қоңыр түсті ұзын, қой көзді. Ерекше белгілері: төменгі ернінде қалы бар», — делінген таратылған бағыттамада. Қыз бала ақ жейде киген, ақ кроссовка, қара шалбар киген және қара сөмкесі болған. «Қыз туралы қандайда бір мәліметті білетін адамдардан мына телефон нөмірлеріне…

Read More

Биыл Тараз қаласы әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне ақша аямаймыз деп отыр. 2018 жылы әкімдік 5,2 миллион теңге жұмсап, оның 2,6 миллион теңгесіне көшелерді безендіру үшін гирляндалар, неон және дюралайт ілмелер сатып алған. Ал, орталық алаңға бас шыршаны орналастыру мен отшашу ұйымдастыру үшін 2 миллион 596 мың теңге жұмсаған , — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Тараз әкімдігі жаңажылдық шыршаға деп биыл бюджеттен 15 миллион теңге бөліп отыр. Қала әкімдігі «Конкурстың «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес жүргізіліп отырғанын айтты. Сондай-ақ жаңа жыл мерекесіне қарсы облыс орталығын безендіру мақсатында бюджеттен 15 миллион теңге бөлініп отырғанын растады. «ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына…

Read More

Пәкістанда пойыз өртену салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды, — деп хабарлайды Geo TV телеарнасы Pakistan Railways компаниясының ресми өкіліне сілтеме жасап. Компания өкілінің айтуынша, өрт — тамақ істеуге қолданылатын газ балоны жарылу салдарынан шыққан. Өрт үш вагонға жайылған. Пойыз Караши қаласынан шығып, Равалпиндиге бара жатқан.

Read More

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы «Жастар аллеясының» «Білім» алаңында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» атты фотопоэзия көрмесі өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Тараз қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шара Жамбыл облысының 80 жылдығына арналды. Әйгілі Фирдоуси ғазалымен аталған кешті жас ақын Нұржан Қадірәлі жүргізді. Көрме әуелі ашық аспан астындағы классикалық вальспен ашылды. Содан кейін жүргізуші ортаға шығып, картиналардың бетперделерін аша жүріп өлең оқыды. Осы сәтте өңірдегі «Ақкербез» бишілер тобының ұлттық нақышта киінген арулары да барлық картиналардың бетперделерін ашып, оларды көпшілік назарына ұсынды. Әулиеата өңірінен қазақ әдебиетінде есімі…

Read More

Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген — Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Нұртай Сабильянов депутат болғанына неше жыл, неше ай, неше күн болғанын шатаспай есептеп берді. Белгілі журналист Серік Абас-Шахтың әжуаларына еш ренжімейтінін де айтты. Өзі туралы неше кітап жарық көргенін, меншігінде не барын бүкпесіз түгендеп берді. Депутат туралы басқа да қызық мәліметтерді «Абайдың 45 сұрағы» жобасынан көріңіз. «Абайдың 45 сұрағы» — «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің YOUTUBE желісіндегі жаңа жобасы. Саясаткер, ғалым, депутат, қоғам қайраткері сияқты танымал тұлғалар бұдан былай журналист Абай Сейфулланың нақты сұрақтарына қысқа әрі нұсқа жауап береді. Кейбір сұрақтар спикер үшін қолайсыздық туғызуы мүмкін, бірақ жоба сонысымен де құнды…

Read More

Оппозиция өкілдері қазіргі премьер-министр Борис Джонсонның ұсынысын қабылдады  Британияда оппозициялық Лейбористер партиясы премьер-министр Борис Джонсонның мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді, — деп хабарлайды ВВС. Саясаткерлер желтоқсан айына жоспарланған сайлау Британияны Брексит кесірінен туындаған тығырықтан алып шығады деп үміттеніп отыр. Қауым палатасы сайлау туралы қаулыны енді жариялайды. «Егер Брекситті келісімсіз жүзеге асыру мәселесі қарастырылмаса, біз сайлауға дайын екенімізді айтқанбыз. Еуроодақтың Брекситті 31 қаңтарға дейін шегергенін естіп, алдағы үш айда да Ұлыбритания Еуроодақтан келісімсіз шықпайды деген үміттеміз», — деді оппозиция өкілдері. Қауым палатасының сайлауға қатысты отырысы тарысты болады деп күтілуде, себебі конституциялық құқық бойынша Парламент сайлау туралы қаулыны өзгерте алады.…

Read More

Очередная проба манипуляции общественным мнением от бывшего придворного журналиста Минсельхоза Валерия Сурганова и попытки дискредитировать мясную отрасль Казахстана, подтасовывая факты и перевирая цифры, очень напоминает неумелый информационный рэкет. В своей статье, осужденный еще в 2011 году за клевету корреспондент, не только искажает факты, но и играет подменой понятий, ставит под сомнение слова действующего руководства МСХ РК. Возможно, таким образом, автор пытается откреститься от всех старых материалов, написанных ранее в поддержку мясной отрасли Казахстана, а может и преследует какие-то другие, более скрытые цели. В любом случае – такой резкий разворот собственного мнения сам по себе не случается, тут либо полная беспринципность…

Read More