Автор: admin

Мерейтойлық форумның бірқатар негізгі спикерлерінің есімдері белгілі болды. 11-12 қараша күндері «Назарбаев Орталығында» аймақтағы геосаясат пен қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған үлкен алаң «Астана клубының» бесінші жыл сайынғы отырысы өтеді. Екі күндік шара аясында дүниежүзіндегі ауқымды құрлықты не күтіп тұр және жаһандық үдерістер қай бағытқа қарай қарқын алуда деген маңызы сауалдар талқыға түседі. Бесінші отырыстың тақырыбы: «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында». Клубтың сараптамалық талқылауына АҚШ, Қытай және Ресей арасындағы қырғи-қабақтың ушығуы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея төңірегінде жаңа шиеленістердің бой көрсетуі сынды мәселелер арқау болмақ. Әсіресе, Еуразияда ынтымақтастықтың болашақ құрылымын қалыптастыруға үлкен көңіл…

Read More

Жұлдызым Жібек жолы бойындағы (Күләш Ахметова) Тақ Тараз. Жалқы Тараз жаһандағы,Түп қазық, туған үйім Отандағы.Ықылым замандардың шаңы жұққанШаһарлы шежіремнің қаһарманы!Тегім — сен, кітабым сен — парағы алтын.Сен — дәлел, дамыса егер, дала халқы.Милед пе, миллениум бе, саған да тән —Дәуірге сәлем бердің дана қалпың.Маңдайы, мақтанышы түркілердің!Түлесін рухыңмен ұлтым енді!Жамбы атып, жарысса — озған, нұр тілеуліЕркесі ем еркіндікке ынтық елдің. Көшеңе жұлдыз аулы көшіп келіп,Жаңа үйлер жатыр екен қосып көрік.Баяғы төртқақпалы қамал емес,Бұ күнде қала — тыныш, есікте — кілт.Қағазға қауырсын боп қадалатынАқынға жақсы болар самала түн.Маңдайға біте бермес бірсыдырғыХалқына, қаласына адал әкім.Абсенттей жүйріктерің жүлдеңді ілген.Қашан да қасиетіңді білгенмін мен.Қалады ел…

Read More

Тағдыр талайымен алыстағы туған жерін тастап, 1960 жылдары Қазақстандағы тың игеру кезінде сонау Иванофранкиевскі облысы,Варона селосынан төрт украин отбасы келдік деп еске алады Анаркүл апа.Анасы — Олена,ағасы-Багдам және өзі.Қазақстанға келгенде Анаркүл апамыз қаршадай 15 жастағы қыз екен.15 –тегі ойын баласы келе,еңбекке араласып,қызылша алаңынан табылған. Сол кездегі қара жұмыс,қызылшаны баптап өсіру оңайға соқпады,бірақ қыз мойымады.Анасына ілесіп таңда кетіп,кеш қайтып жүрді.Сол кездегі тынымсыз еңбек,колхоз жұмысының қиындығына мойымаған күндер анамызды Еңбек ері дәрежесіне дейін көтеріп, «Еңбек ері» медальімен марапатталды.Еңбектің арқасында аудандық депутаттыққа сайланып,1968 жылы Алматы қаласындағы еңбек слетіне қатысып қайтты. 1962 жылы 17 жасында қазақ жігіті — Тоқтасын ағамыздың етегінен ұстап,үлкен Қоңырбай ұрпағының,…

Read More

30.10.2019 жылы сағат 15:00-де Жамбыл облысы прокуратурасының жанындағыҚұқық қорғау қызметтері орталығында (мекенжайы: Тараз қаласы, Қ.Қойгельді көшесі, №190) прокуратура, «Жилстройсбербанк Казахстана» АҚ-ның, әкімдіктің және басқа да уәкілетті органдардың жауапты қызметкерлерімен бірлесе тұрғын үй мәселесі бойынша қабылдау өткізіледі.

Read More

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы «Арай» алқабының барлық көшелері мен бұрылыстарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Жалпы ұзындығы 31,086 шақырым жолға асфальт жабындысы төселеді. Жобаның жалпы құны 584 миллион 522 мың 581 теңгені құрайды. Жалпы жоба 4 комплекске бөлінген.Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды («Айя-Сервис» ЖШС). Бүгінге күнде техникалық қадағалаушыны анықтау конкурсы Қаржы бақылау органында шағымдану сатысында тұр. Шағымдарды қарау мерзімі ағымдағы жылдың 24 тамызында аяқталады. Техникалық қадағалаушы анықталғаннан кейін құрылыс-монтаждық жұмыстар басталады. 2019 жылы қала бюджетінде жол құрылыстарына 2 160 миллион теңге қаралған. Бұл қаражаттарға «Бұрыл А,Б,В» тұрғын алқаптарының 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне қиыршық тас жолдарының…

Read More

Таразда қалалық бағыттар бойынша автобустарды жаңалау мәселесі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Өткен жылы қала автопарктері 71 бірлік немесе 15 пайызға жаңа автобустармен қамтылған болса, ағымдағы жылдың соңына дейін 100 автобуспен немесе 21 пайызға жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков айтып берді. Сондай-ақ ол қаладағы барлық 670 автобустың 213-інің тозығы жеткенін, пайдалану мерзімдері 7 жылдан асқандығын жеткізді. Басқарма басшысы қоғамдық көлікпен қамтылмаған елді мекендерге автобус қатынасы ұйымдастырылып жатқанын да тілге тиек етті. «Ауданаралық автобус маршруттарына оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, бірін-бірі қайталайтын бағыттар саны қысқартылып, оның орнына…

Read More

Асқар Мырзахметовтің тікелей бастамасымен «Жеңіс саябағы» ерекше күйге енді. Қысқа мерзім ішінде демалыс бағының көнерген келбеті, атына заты сай саябаққа айналды «Ерлік» мемориалдық кешенінің құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айынан басталған болатын. Жұмыскерлердің, жалпы осы құрылысқа қатысты адамдардың бәрінінің күндіз-түні еңбектенуінің нәтижесінде саябақтың келбеті бүгінде адам танымастай өзгерді. Айта кетерлігі, мемориалды кешеннің ортасына облыстық драма театрдың бір шетінде тұрған Бауыржан Момышұлының ескерткіші әкелініп, тас тұғырға орналастырылды. Ал ескерткіш алдынан «Мәңгілік алау» орын тапты. Сондай-ақ, Жамбыл облысынан шыққан 48 Кеңес Одағы Батырының есімдері жазылған арнайы тақтайшалар бой көтеріп, олар жеке-жеке тұғырға орнатылып, тұғырдың орта тұсына көзсіз ерлік көрсеткен жауынгерлердің кеудесіне тағылған «Алтын…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел халқына Жолдауында бірқатар тапсырмалар жүктелген болатын. Саяси құжатта елдің әлеуметтік, білім беру мен денсаулық сақтау және мәдениет саласына айрықша көңіл бөлініп отыр. Қазіргі уақытта Тараз қаласында Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру кезең-кезеңімен іске асырылуда. Мәселен, Президент Жолдаудың үшінші бағытында қарқынды дамыған және инклюзивті экономика құру қажеттігін алға тартқан болатын. Осы орайда, жыл басынан бері облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы ілгерілеп келеді. Экономиканың табысты саласы – өнеркәсіп саласы десек, 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында қала кәсіпорындары 183 миллиард 998,4 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп, физикалық индекс көлемі 104,6 пайызды…

Read More

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласындағы бағыттар бойынша Тараз қаласында қандай жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр, ондағы негізгі міндеттер халыққа толық жеткізілуде ме? Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай осы сұрақтардың жауабын берді. Кенжебек Мамашбайұлы ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған екі бірдей ауқымды бағдарламалық мақаладан туындаған міндеттер облыс орталығында қаншалықты жүзеге асып жатқаны туралы айтып берді «Бүгінде облыс орталығында ҚР Тұңғыш Президентінің бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру аясында қалалық жобалық офис пен қалалық әкімдік тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қос бағдарламаны шаһарда сапалы іске асыру бойынша 2019 жылға арналған жоспарлар әзірленген. Биылғы жоспарға енгізілген іс-шараларға сай…

Read More