Автор: admin

Таиландта Техникалық колледждің 17 студенті жол апаты салдарынан қаза тапты, — деп хабарлайды РИА Новости Thaiger жаңалықтар порталына сілтеме жасап. Оқиға жексенбіде Сисакет провинциясында Камбоджа шекарасына жақын маңда болған. Студенттер пикаппен үйіне қайтып келе жатқан. Портал мәліметінше, автокөлік қатты жылдамдықпен қозғалып, кенеттен жолдың шетіне шығып кетіп, бағанаға соқтығысып, аударылған. Оқиға салдарынан пикаптың артында отырған 12 адам сол жерде қаза тапқан. Тағы бесеуі ауруханада көз жұмды. Жүргізуші ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. https://twitter.com/bernamadotcom/status/1178241028358230017?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1178241028358230017&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fworld_news%2Ftailandta-videoga-tusrlgen-jol-apatyinan-17-student-kaza-301438%2F Полицейлер оқиға орнында түсірілген видеоларды тексеріп жатыр, сондай-ақ, жүргізуші есін жиған кезде апаттың себебін анықтау үшін одан сұрау алатын болады. https://twitter.com/INNNEWS/status/1178149703248072704?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1178149703248072704&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fworld_news%2Ftailandta-videoga-tusrlgen-jol-apatyinan-17-student-kaza-301438%2F

Read More

Полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуі бойынша кезекті қадам болып отырған фронт-кеңселер тұрғындар үшін өз есігін ашты. Бүгінде облысымыздың барлық он ауданында және Тараз қаласының аумақтық полиция бөлімдерінде төрт, жалпы саны 14 фронт-кеңсе халыққа қызмет көрсету мақсатында жұмыс істейді – деп мәлімдеді Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында. Сондай-ақ ол өз жазбасында ашылған барлық фронт-кеңселердің мекенжайларын көрсетті. https://youtu.be/KgYw7VoczcQ

Read More

Бүгін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғыз басты қарияларды қолдап, құрметтеуге бағытталған «Ұрпақтар сабақтастығы» әлеуметтік жобасының тұсаукесері өтті. Ашылу салтанатына 50-ге жуық жалғыз басты қарттар мен әлеуметтік орталық өкілдері шақырылды. Мектеп оқушылары мен педагогтары қарияларға арнап қолөнер бойынша түрлі шеберлік сыныптарын өткізді. Соңынан қонақтар концерттік бағдарламаны тамашалап, астан дәм татты. «Тараз қаласында 20 000 астам зейнеткер болса, солардың 350-і жалғыз басты. Бүгін сол қариялардың біршамасы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келді. Қариялар балалармен бірге шығармашылықпен айналысып, уақытты керемет өткізді. «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасының жас ұрпаққа берері көп. Елімізде осындай бастамалар көбейсе деген тілегіміз бар», – деді арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкілі Жұлдыз Далиева.…

Read More

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек аумақтық учаскелік комиссиясының шешімімен тағайындалып төленуде, — деп хабарлайды Tarazy.kz. 2019 жылдың маусым айына табыстары кедейшілік деңгейінен төмен 7438 отбасының (1779 отбасына шартсыз ақшалай көмек, 5659 отбасына шартты ақшалай көмек) 37 184 адамына 2 миллиард 333 миллион теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмегінің орташа мөлшері 4 есе өсіп, өтініш берушілердің саны 10,5 есеге көбейді. Табыстары кедейшілік шегінен асып кетуіне және толық мәлімет бермеулеріне байланысты 3554 өтініш берушілерге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмады. Ағымдағы жылы көпбалалы отбасыларына кемінде 3 бөлмелі пәтердің көлемі 60-90 шаршы метрден кем болмайтын,…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Арменияға келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісінде жазды. «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Армения Республикасының астанасы Ереванға келді», — деп жазды Берік Уәли. https://www.facebook.com/100003403233694/videos/2328004677322951/

Read More

Тараз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 48 миллиард 131,5 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 112,7 пайыз құрады (2018 жылы – 41 миллиард 59,1 миллион теңге), — деп хабарлайды Tarazy.kz. Халықтың жан басына шаққандағы (358,2 мың тұрғын) негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 134,5 мың теңге болып қалыптасты (2018 жылы – 115,2 мың теңге). Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдар – 22 миллиард 873,5 миллион теңгені құрап, 30,5 пайызға (2018 жыл – 17 523,7 миллион теңге), шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары 23 миллиард 568,3 миллион теңге немесе 2,7 пайызға (2018 жыл – 22 949,4 миллион теңге), банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған…

Read More

Республикалық бюджеттен инфрақұрылым тартуға (2,0 миллиард теңгеге дейін) қаражат қарастыру үшін 10,0 миллиард теңгеге жобалар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту басқармасының жанындағы Әлеуетті инвесторларға қызмет көрсету ораталығымен бірлесе «Қарапайым заттардың экономикасы» бағытын дамыту мақсатында, бизнес–жобаларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында отандық кәсіпорындарға 600 миллиард теңге көлеміндегі қолжетімді кредиттің айрықша шарттары мен тетіктері айқындалған. Оның 400 миллиард теңгесі өңдеу өнеркәсібіне, ал 200 миллиард теңгесі агро өнеркәсіп кешеніндегі өндіріс пен қайта өңдеуге бағытталмақ. Жеңілдетілген несие бойынша екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге 7 жылға 15 пайызбен несие береді. Қайта өңдеу жобалары бойынша оның…

Read More

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында қала кәсіпорындары 183 миллиард 998,4 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп (2018 жылы – 154 миллиард 68,5 миллион теңге), физикалық индекс көлемі 104,6 пайызды құрады, – деп хабарлайды Tarazy.kz. Өткен жылмен салыстырғанда 29 миллиард 929,9 миллион теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы (357,9 мың тұрғын) өнеркәсіп өндірісінің көлемі 514,1 мың теңге болып қалыптасты (2018 жылы – 432,4 мың теңге). Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей: өңдеу өнеркәсібінде 149 миллиард 830,8 миллион теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 107,9 пайыз құрады (2018 жылы – 117 547,1 миллион теңге); кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 422,8 миллион теңге немесе нақты…

Read More

Тараз қаласында «Қазақстан Республикасының 2015–2019 жылдарға арналған индустриялды–инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2019 жылы жалпы құны 4 миллиард 47,0 миллион теңгені құрайтын  2 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобаларда қосымша 447 жаңа жұмыс орны ашылуы көзделген, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Инвестициялық жобаларға нақты тоқталатын болсақ: «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны 1 миллиард 870 миллион теңге, қуаттылығы жылына 24 мың тонна, 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізуде. Жобаның құны 2 миллиард 177 миллион теңге, қуаттылығы жылына 200 мың тонна, 297…

Read More

2019 жылы әлеуметтік салаға 35 миллиард 775,7 миллион теңге немесе қала бюджетінің 49,9 пайыз бағытталды. Оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарына 4 миллиард 319,6 миллион теңге қарастырылған (2018 жылы – 2 миллиард 23,1 миллион теңге), — деп хабарлайды Tarazy.kz. 2019 жылдың қаңтар – тамыз айларында 2 миллиард 446,2 миллион теңгеге 10242 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 2804 отбасына 113,2 миллион теңгеге тұрғын үй көмегі, 7438 отбасының 37184 адамына 2 миллиард 333,0 миллион теңгеге атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып төленді. Жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 3875 азамат қамтылды, оның ішінде мемлекеттің қолдауынсыз бос орындарға 1727 адам, әлеуметтік жұмыс…

Read More