Автор: admin

Кәсіпкерлер палатасының алаңында ісін жаңадан бастап келе жатқан және де өз ісін бастағысы келетін болашақ кәсіпкерлер бизнесті жүргізудегі жеткіліксіз білімдерін алып, кәсіпкерлік негіздерін меңгереді, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Өңірлік палатаның бизнес-жаттықтырушысы Гульмира Метерованың айтуынша, жыл сайын бизнесті жүргізу бойынша білім алуға үміткерлердің саны өсіп келеді. Мысалы, биыл «Бизнес-кеңесшіні» онлайн оқып, 943 адам аталған оқу бойынша сертификаттар алған. Бұлармен бірге Жамбыл облысына берілген жоспардағы 210 адам, сондай-ақ оффлайн түрде оқыған 620 адам оқыған. Мәселен, 19-20 қыркүйек күндері өткен оқыту семинарында 65 адам қамтылды. Егер де Сіз «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында грант алу үшін өтінім беруге ниет білдірсеңіз, «Бизнес-Кеңесші» жобасы…

Read More

Шоқан Уәлиханов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев бір топ жергілікті жас ақындармен кездесіп, әдебиет тақырыбында емен-жарқын әңгімелесті. Әкімнің өзі «галстуксыз жүздесу» деп атаған іс-шараны жас ақын Нұржан Қадірәлі жүргізіп отырды. Басқосуға жиырмаға жуық жас ақын қатысты. Бұл күні ақындар жыр оқыды, гитарамен ретроға айнала бастаған әндерді де шырқады. Еркін форматта ұйымдастырылған кездесуде алғаш сөз алған Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Хамит Есаман жастардың көкейінде жүрген бірқатар мәселені тарқатып айтты. «Тараз топырағында қала басшысының ақындармен кездесуі көптен бері болмаған еді. Бүгін сол олқылықтың орнын толтырып, жастардың жанынан табылып отырғаныңыз үшін алдымен зор алғысымды білдіремін. Тараз — шайырлардың…

Read More

2019 жылдың қаңтар – тамыз айларында инфляция деңгейі 3,0 пайызды құрады (оның ішінде: азық–түлік тауарлары – 6,0 пайызға, азық–түлік емес тауарлар – 2,7 пайызға өссе, ақылы қызметтер тарифі – 0,6 пайызға төмендеген), — деп хабарлайды Tarazy.kz. Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық–түлік тауарларының 33 көрсеткішіне сәйкес, қалада әлеуметтік маңызы бар азық–түлік тауарларының бағалары өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда орта есеппен 23 көрсеткіш бойынша 5,8 пайызға төмендеп, 4 көрсеткіш 11,2 пайызға өскен (ол: нан 1–ші сұрыпты, сиыр еті, қой еті, пияз және сәбіз). Ал қалған 6 көрсеткіш сол деңгейде қалып отыр. 2019 жылдың қаңтар – тамыз айларында мемлекеттік бюджетке 30 миллиард…

Read More

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласы бойынша ауылшаруашылық саласында 2 миллиард 913,1 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады (2018 жылы – 2 879,7 миллион теңге), — деп хабарлайды Tarazy.kz. Мал шаруашылығы бойынша 924,3 миллион теңгеге (2018 жылы – 827,5 миллион теңге), өсімдік шаруашылығы бойынша 1 миллиард 766,7 миллион теңгеге (2018 жылы – 1 801,9 миллион теңге) өнім өндірілген. Осы сала бойынша ірі қара мал – 263 басқа немесе 5,8 пайызға (2018 жылы – 4545 бас, 2019 жылы – 4808 бас), жылқы 2 басқа немесе 0,2 пайызға (2018 жылы – 1134 бас 2019 жылы – 1136 бас), ешкі – 47…

Read More

Қазақстанның индустриялды картасынан тыс, бір инвестициялық  жоба  іске асырылуда. «GOODLOOK» ЖШС–нің күнбағыс пістесінен май өндіру зауытының құрылысын жүргізу, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Жобаның құны – 1 миллиард 264 миллион теңге, қуаттылығы жылына 160,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 36 бірлік.  Қазіргі таңда қосымша инвестициялар тарту мақсатында, Тараз қаласындағы айналма тас жолының бойында («Тараз металлугиялық зауыты» ЖШС–і жанынан) орналасқан 94,2 гектар жер теліміне индустриалды аймақ құру жоспарланып отыр. Аталған аймаққа инженерлік инфрақұрылым тарту үшін жобалық–сметалық құжаттамаларды әзірлеу үшін Тараз қаласы әкімінің 2019 жылғы 29 тамызында №3034 Қаулысымен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай–коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөліміне тапсырма берілді. Бүгінгі…

Read More

«Тектұрмас» жобасы екі кезең бойынша жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде Әулиеата ескерткішін орнату жұмыстарын аяқтап, қала күніне орай ескерткіштің ашылуы жоспарлануда. Бүгінгі таңда ескерткіштің тұғыртасы қалануда. Тұғыртастың биіктігі 8 метр, ескерткіштің биіктігі 13 метр. Ескерткіш биік қырдың басында орналасқан. Қырдың етегінде кіре берісінде арка, арнайы көру алаңы, ескерткішке көтерілетін баспалдақтар орналасқан, жанында Талас өзені ағып жатыр. Өзеннің үстіндегі көпірдің екі жағында биіктігі 4 метр болатын екі арыстанның скульптурасы, баспалдақтар  бойымен қарлұқ қағанаты кезінен араб экспансиясы келгенге дейінгі қалаларды бейнеленетін инсталяциялар  орнатылады. Екінші кезеңде ескерткіштің сол жақ бөлігіндегі алаңда Атлах шайқасы мен Аңырақай шайқасын бейнелейтін қабырға орнатылады. Одан кейін «Шахристан» тарихи-мәдени кешенімен…

Read More

Тараз қаласында қазіргі таңда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 181,5 мың шаршы метрді немесе нақты көлем индексі 117,1 пайызды құрады (2018 жылы – 155,0 мың шаршы метр), — деп хабарлайды Tarazy.kz. Есепті кезеңде қала бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны – 17 643 адам болып отыр (оның ішінде: көпбалалы отбасылар – 1489, 29 жасқа толмаған жетім және ата–анасының қамқорынсыз қалған балалар – 1935; әлеуметтік жағынан қорғалатын топтар – 8513; мемлекеттік, бюджеттік және әскери қызметкерлер – 5706). Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта республикалық бюджет есебінен жартылай арендалық және жартылай аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 80 пәтерлі 4 тұрғын үйлердің…

Read More

Биыл Тараз қаласында №8, 12, 14, 39, 52, 50, 57, 15, 23 мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізуге 26,9 миллион теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Қазіргі таңда, кейбір мектептерде басқада күрделі мәселелері шешуді қажет етеді. Олар, №22 мектепке акт залы мен асханаға арналған және №7 мектепке акт залы мен 5 сынып бөлмелерге арналған жапсарлас ғимараттарының құрылыстары. Бұл мәселелер бойынша жобалық сметалық құжатамаларды әзірлеу жұмыстары осы жылы басталып, құрылыс 2021 жылы жүргізу көзделуде. Облыс деңгейінде бекітілген білім нысандары құрылысының Жол картасына сәйкес: «Шалғай–Қарасу» және «Барысхан» тұрғын алқаптарында әрқайсысы 600 орынды мектептердің және «Казарма» алқабында 180 орынды мектептің құрылыстары; 2021 жылы «Арай»…

Read More

Тараз қаласындағы жалпы білім беретін күндізгі 60 мектеппен 1 кешкі мектебінде жалпы 70 969 бала жаңа оқу жылын бастаса, оның ішінде күндізгі мектептерде 70 717 оқушы және кешкі мектепте 252 оқушы, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Оның ішінде арнайы сыныптарда түзете–дамыту оқыту бағдарламасымен – 265, инклюзивті біліммен –171, үй жағдайында 647 оқушы біліммен қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 3814 балаға өскен (2018 жылы – 67 155 бала). Мұғалімдер саны 5911 бірлікті құрайды. Сонымен қатар, 186 мектеп алды даярлау сыныптарында 3672 бала білім алуда (2018 – 2019 оқу жылында – 185 сынып, 3897 бала). 2019 жылы жалпы білім саласына 28 миллиард 308,0 миллион теңге бөлінді…

Read More

Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Тараз қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысында Тараз қаласындағы діни ахуал және Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы мәселе қаралды.

Read More