Автор: admin
Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Елдік елге байланысты» атты форум барысына бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер арқау болды,-деп хабарлайды tarazy.kz. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараға облыс бойынша ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, билер кеңесінің мүшелері, ұлттық мәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, оқытушылар мен жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік, бірлік пен ынтымақ, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатына негізделген форумда қоғамдағы кертартпалық пен ысырапшылықтар жайы сөз болды. Шараны облыстық мәслихат депутаты Масат Берік жүргізіп отырды. Кеш барысында алдын-ала жазылған спикерлер сөз сөйлеп, орамды ойларын ортаға салды. Облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің…
Тараз қаласында алдағы жылыту маусымы қарсаңында адамдардың өлімі мен жарақаттануын, сондай-ақ табиғи және ысты газдан улануын болдырмау мақсатында жер үйлерге датчиктер орнатылуда. Бүгінгі күнге дейін 1673 дана газ сараптауыш құралы орнатылды. Жұмыстарды Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының мекемесімен бірлесіп «Өрт қауіпсіздігі» айлығы аясында жүзеге асыруда. «Газ сараптауыш қондырғыларды тұрғын үй секторында орнату жалғасуда. Тұрғын үйде автономды сигнализатор немесе улы газды анықтайтын датчикті орнату арқылы уланудың алдын алуға болады», — Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Омар Такеев. Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан Тараз қаласы аумағында табиғи газбен…
Аптаның соңғы жұмыс күндері жамбылдық полицейлер үшін ерекше іс-шараларға толы болды. Атап айтқанда, 19 қыркүйекте бірден бес фронт-кеңсе ашылса, бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев биылдыққа екінші рет халыққа есеп беру кездесуін өткізді. Ал кешке қарай облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековпен бірге патрульдік полиция қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті. Облыс тұрғындарымен кездесу Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінің мәжіліс залында өтті, кездесуге келген халықтың көпшілігі залға сыймады. Өзінің кіріспе сөзінде Арман Оразалиев құқық қорғау органдары ашықтық пен жариялылық қағидаттарын енгізу, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою, халықпен тығыз байланыс орнату бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.…
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы монгиторинг жүргізіп бірқатар кемшіліктер анықтады. Кірістер департаментінің ұсынған ақпаратына сәйкес, Меркі және Қордай аудандарындағы өткізу пунктерінде жұмыс жасайтын экспорттық бақылау қызметкерлерінің басым бөлігі Тараз қаласында тұрып, өткізу пунктеріне қатынап жұмыс атқаратындығы белгілі болды. Бұған қоса, мониторингпен аталған қызметкерлерге бюджеттен іссапар шығындары, сондай-ақ қосымша ақылар төленбейтіндігі анықталды. Бұл өз кезегінде қызметкерлерге қолайсыздық туындатып, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің пайда болуына жол ашады. Мониторинг барсысында Кірістер департаментінің ұсынған ақпараты негізінде, «Қарасу» өткізу пункті арқылы 53 автокөлікті тіркемей…
Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Ұлы даланың жеті қыры» атты жобасын Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі белсенді іске асырып келеді. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берген. Бағдарламаның «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында ағымдағы жылы қала деңгейінде 245 іс-шара өткізіліп, оған 24327 адам қамтылды. Аталған іс-шаралардың барлығы дерлік мекемелердің ресми сайттарында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жарияланған. Сонымен қатар, жергілікті БАҚ-тың баспа беттерінде 72 мақала жарық көрді. Бөлімнің жоспарына сәйкес бүгінгі күні 25 іс-шара іске…
Таразда 2 қыркүйекте іске қосылған қосылған JÁRDEM-109 коммуналдық мекемесінің байланыс орталығына 276 өтініш түскен, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында 1000-нан аса қызмет түрлері біріктірілген жаңа орталық іске қосылды. Бұл тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз орын болып табылады. Тұрғындардың өтінімдері барлық байланыс арналары арқылы қабылданып, әрі қарай мемлекеттік органдарға немесе коммуналдық мекемелерге жіберіледі. «JÁRDEM-109» бірыңғай байланыс орталығының бағыты – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған жайттарды, апаттарды шешуде коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіру. Аталған әмбебап көмекші каталогында 1000-нан астам қызмет бар, оларға оператор бірінші қоңыраудан-ақ жауап бере алады. Барлық өтініштер өңделіп, оларға тіркеу нөмірі де беріледі. Қыркүйек айының екінші…
Ерлан Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда. «Ерлан Жақанұлы Қошанов Қарағанды облысы әкімі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын», — делінген хабарламада. Қырымбек Көшербаев Әкімшілік басшысы қызметінде 82 күн болды. Айта кетейік, Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы Ерлан Қошанов 57 жаста. Ол 1962 жылы 14 сәуірде Жезқазған облысы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 2007-2012 жылдар аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары — Мәжілістегі, Парламенттегі Үкіметтің өкіл қызметін атқарған. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы болған. 2017 жылдың 14 наурызынан бастап Қарағанды облысының әкімі болған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Еуропа елдерінде қызылша ауруының кең таралуы және өсуі екпенің дер кезінде салынбағандығынан деп танылған болатын. Жамбыл облысында қызылшаға қарсы екпе егу науқаны басталды. Екпе 20 мен 29 жас аралығындағы жастарға міндетті. Бұл туралы Жамбыл облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Надуев айтты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Еуропа елдерінде қызылша ауруының кең таралуы және өсуі екпенің дер кезінде салынбағандығынан деп танылған болатын. Мұндай қолайсыздық Қазақстанды да айналып өтпеді. Мамандардың айтуынша, 2018 жылдың қараша айынан бастап біздің елде де қызылша ауруына шалдығушылар саны артқан. — Қызылша аурушаңдығы…
Жамбылда «Мектепке жол» акциясы аясында бүгінге дейін 29 927 балаға 435 миллион 224 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Бұл ағымдағы жылғы 1 шілде мен 16 қыркүйек аралығындағы көрсеткіш. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөзге жауапты маманының берген мәліметіне сүйенсек, бұл басқарманың ұйымдастыруымен өтіп жатқан осынау дәстүрлі жалпы республикалық акциясы жыл бойы жалғасатын болады. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімдігі тарапынан бекітілді. Акция аясында өңірдегі түрлі себептермен оқумен қамтылмай отырмай отырған мектеп жасындағы балаларды анықтау мақсатында 1 шілде – 16 қыркүйек аралығында 1276 рейдтік іс-шара жүргізілді. Оған білім беру және балалардың құқығын қорғау…
Бүгінде Жамбыл облысы бойынша 911 азамат деструктивті діни ағымдардың ықпалында жүр. Жамбыл облыстық дін істері басқармасы ислам бағытындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің басшысы Еркебұлан Ақбайдың айтуынша, өңірде оңалту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. — 2015 жылдан бүгінге дейін жүргізілген оңалту жұмыстарының нәтижесінде, деструктивті діни бағыттағы 679 азамат қоғамға бейімделсе, оның 118-іне ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қол жеткізілді. Оның ішінде 11 азамат жастар санатына кіреді. Аталған жұмыстар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан ұсынылған оңалту критерийлеріне сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жыл ішінде теолог мамандар тарапынан түзеу мекемелеріндегі 172 адаммен жеке…