Автор: admin
Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы К. Абжановаға қатысты тергеуді аяқтады. К. Абжанова 21 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын өзінің карталық шотына заңсыз аударғаны үшін күдікке ілінген болатын. 12 қыркүйекте №2 қалалық сотының үкімімен Абжанова ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыпты деп танылды. Ол 7 жылға шартты түрде сотталды. Айыпталушы мемлекеттік қызметте және жергілікті басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.
13 қыркүйекте Арыс қаласының аумағында болған төтенше жағдай салдарынан төрт әскери адам жарақат алды, — деп хабарлайды Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. «Әскери қызметшілер қойманы оқ-дәрі бөлшектерінен тазарту бойынша жоспарлы жұмыстарды орындау кезінде жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарды орындаған келісімшарт қызметінің төрт әскери қызметшісі жарақат алды. Олардың барлығы әскери бортпен Алматы қаласындағы әскери клиникалық госпитальға жеткізілді. Осы дерек бойынша әскери полиция тексеріс жүргізеді. Бейбіт тұрғындарға қауіп болған жоқ, жағдай бақылауда», — делінген хабарламада. Ведомство өкілдері Арыс қаласында және оқ-дәрілерді сақтау объектілеріне іргелес жатқан аумақтар тазартылғаннан кейін оқ-дәрі бөлшектерінің негізгі бөлігі әскери бөлімнің аумағында орналасқанын және бейбіт тұрғындарға еш қауіп төндірмейтінін еске салады. «Сонымен…
Испанияда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға жетті, — деп хабарлайды La Vanguardia газеті Азаматтық гвардиядағы дереккөзге сілтеме жасап. Оның денесі Бенферри муниципалитетінде (Аликанте провинциясы, Валенсия автономды бірлестігі) табылды. Қаза тапқан — Редован муниципалитетінің тұрғыны 58 жастағы азамат. Болжаммен оны ағыс алып кеткен. Осыған дейін, су тасқыны салдарынан төрт адамның зардап шеккені туралы айтылған еді. Жұмада ер адамның денесі Гранада провинциясындағы жолдың жиегінен су басқан автокөліктен табылды. Тағы бір ер адам Альмериядағы су басқан тоннельде көліктің салонында қалып қойған. Екі адам бейсенбі күні муниципалитете Каудете (провинция Альбасете, автономды бірлестігі Кастилия-Ла-Манча) елдімекенінде қаза тапты. Эвакуацияланғандардың саны 3,5 мың адамға жеткен. Мектептерде сабақ тоқтатылды.…
Тараз қаласында 13-14 қыркүйек күндері «Трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Қазақстанның ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдарының басшылары және Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы тағы басқа елдердің трансфузиология саласындағы сарапшылары қатысты. Халықаралық конференцияның кең ауқымды ғылыми бағдарламасында 30-дан астам баяндама оқылып, қазақстандық мамандарға трансфузиялық медицина саласындағы көптеген қызықты хабарламаларды тыңдауға және түрлі жағдайларды талқылауға мүмкіндік туды. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды. Онда спикерлер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сания Абдрахманова, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Н. И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталықтың» Ресей Федерациясына еңбегі сіңген…
Қазақстан Қытайға экспортты 1,6 млрд долларға ұлғайтуды ұсынды, — деп хабарлайды LS қаржы агенттігі. Сауда және интеграция министрлігі тауар айналымы 60 тауар позициясы бойынша өсуі мүмкін деп түсіндірді. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары барысында, Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ҚХР Коммерция министрі Чжун Шань өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қазақстандық тарап отандық өнімнің Қытайға экспортын 1,6 млрд долларға ұлғайтып, өзара саудадағы оң трендті нығайтуды ұсынған», — деп түсіндірді Сауда министрлігі. Министрлікте атап өткендей, Қытаймен сауда айналымының үлесі 2018 жылы Қазақстанның жалпы саудасының 12,3% құрады. Өткен жылы өзара сауда көлемі 11,4 пайызға артып, 11,7 млрд долларды құраған. «Биыл біз…
Анастасия Заворотнюк ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті, — деп жазады Mash Telegram-арнасы. «Моя прекрасная няня» сериалымен танылған актриса екі апта бұрын аурухунаға түскен. Бүгін жағдайының нашарлағанына байланысты оны жан сақтау бөліміне ауыстырған. «Заворотнюк Еуропада ем алған, өкінішке қарай, ол оң нәтиже бермеді», — деп жазды арна. Бұған дейін Mash Анастасия Заворотнюктің ауыр сырқатына байланысты миы ісінгенін жазған болатын. Актриса күні бойы жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болған. Оған төрт жыл бұрын Жанна Фрискенің сырқатымен бірдей диагноз қойылған. Сыртқаттың өзі актрисада бір жыл бұрын анықталды, соңғы уақытта Еуропада емделген еді.
Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі. Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан) дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: экономика, мемлекеттік басқару. Әр жылдары мемлекеттік қызмет істері агенттігін, бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарды, премьер-министр кеңсесінің Басшысы, президент әкімшілігі басшысының орынбасары және «Нұр Отан»партиясының хатшысы болды.
В Таразе питбультерьер насмерть загрыз женщину, сообщает телеканал КТК. Трагедия произошла в одном из районов города. По словам очевидцев, днем они услышали крики пожилой женщины, на которую набросился огромный питбуль. «Вот здесь собака женщину кусать начала, потом стала тащить на улицу, сюда дотащила. Кусала, рвала ее. Я в этот момент на заборе сидел, ломом ее ударил», — рассказал очевидец. Усмирить безумную собаку соседям не удалось. Она снова и снова возвращалась к жертве. Скорая помощь около получаса ждала, чтобы помочь еще живой пострадавшей. Питбуля пристрелили полицейские. С множественными рваными ранами и в шоковом состоянии пострадавшую госпитализировали. Но спасти 54-летнюю женщину не…
«Жамбыл – адалдық алаңында» бұл жолы облыс аумағындағы жол жөндеу мәселелері қаралып, талқыланды. Осы салаға қатысы бар облыстық басқарма, қалалық бөлім және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» өкілдері қатысқан жиынды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев ашып, жүргізіп отырды. «Бұған дейін «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері облыстық маңызы бар жолдарға және Тараз қаласындағы жоласты жөндеуден кейінгі жол жабындыларын қалыпқа келтіру жұмыстарына мониторинг жасаған болатын. Бүгін осы мақсатта біраз мәселелер талқыланады», – деді Равиль Қуанышбайұлы. Бұдан кейін хабарлама жасаған «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қайрат Меклисов облыс орталығында жол жөндеу…
Жамбылдықтардың «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болуына мүмкіндік артады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Тың бастама қазан айынан бастап қолға алынады. Қазір көмектің қандай санаттағы азаматтарға берілетіндігі бекітіліп жатыр. Ол туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров айтып берді. Оның айтуынша тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз және әлеуметтік қолдау ретінде яғни қайтарымды бюджеттік кредит ретінде берілмек. Сертификат мөлшері бастапқы жарнаның бір бөлігі ретінде 1 миллион теңгеге дейінгі қаржыны құрамақ. Бұл бағытта ағымдағы жылы 3,2 миллиард теңге қарастырылмақ. «Сертификат тек жаңа үйге ғана беріледі. Егер әр адам басына табысы 42 мыңнан асып кететін болса, ол сертификат әлеуметтік…