Автор: admin

Жамбыл облысында 12 қап есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің Instagram желісінде жарияланды. «Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен Бірлік-Мойынқұм — Ұланбел тас жолының 33-шақырымында Шу қаласының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Toyota Runner» маркалы автокөлігі ұсталды», — делінген хабарламада. Көліктен жалпы салмағы 287,5 келі болатын 12 қап кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Тараз қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. https://www.instagram.com/p/B2QdgWCgzMD/?utm_source=ig_embed

Read More

Формула-1 жарысының әйгілі шабандозы, әлемнің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер есін жиды. Бұл туралы аурухана өкілдері хабарлады. Айта кетейік, қазір әйгілі спортшы Париждегі Жордж Помпиду атындағы клиникада емделуде. Еске салсақ, Михаэль Шумахер 2013 жылдың 29 желтоқсанынан бастап төсекте жатыр. Ол Австрияның Альпі тауында шаңғы тебу кезінде бас жарақатын алып, артынан комаға түскен еді.

Read More

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, — деп хабарлайды Тұңғыш Президент сайты. Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, Елбасына Jas Otan жастар қанатының қызметін жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет ету және өңірлердегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстарын баяндады. Кездесу соңында партия Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Read More

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалар жайы қаралды. Онда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды, – деп хабарлайды Tarazy.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетсек, жыл басында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалардың бірыңғай базасын құру тапсырылған болатын. Осы орайда 238 жобаның тізілімі түзілген. Бүгінде оның 63 жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде десек, 42 жоба жыл соңына дейін толығымен аяқталады деп күтілуде. Бұлар – әлеуметтік саладағы нысандар. Осы жобалардың 39-ы білім саласына қатысты. Дәлірек айтқанда, мектептердегі асханалардағы қызмет көрсету барысын мемлекеттік-жекеменшік аясында…

Read More

Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. «Ол ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру және жалпы қамқорлық туралы мәселені оң шешкені үшін бес мың АҚШ доллары сомасында пара берді деген күдікке ілінді», — делінген хабарламада. Ведомство өкілдері сондай-ақ, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасының пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Read More

Қытайлық ең бай кәсіпкер Джек Ма отставкаға кетті, — деп хабарлайды Time. Қытайлық ең бай кәсіпкер, Alibaba компаниясының құрылтайшысы Джек Ма бір жыл бұрын басшылықтан алшақтайтынын айтқан еді. Енді міне ресми түрде директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Оның орнына компанияның бас директоры болып Дэниэл Чан тағайындалды.

Read More

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында бірнеше жеке істер қаралды. Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасында мәлім еткендей, әдеп жөніндегі кеңес ҚР Мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істерді қарады. Осылайша, Жамбыл облыстық Көліктегі тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Әлмир Исенгелдин орташа мас күйінде көлік айдағаны үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. «Ә.Исенгелдин жасаған заңсыздығын жасырмай, басшылыққа іс-әрекеті жөнінде уақытында хабар бергені үшін әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері оны ескерту түріндегі тәптіртік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс білдірді», -…

Read More

Ел тәуелсіздігі жарияланғалы бері Жамбыл облысы аумағында 146 елді мекеннің, 1924 көшенің, 172 нысаның атауы ауыстырылған. Елімізде 2013 жылы «Ономастика туралы» Заң қабылданып, онда топономикалық атауларды берудің барлық заңдылықтары анық жазылды. Сондай-ақ, елді мекендерді, көшелерді тарихи тұлғалардың атымен атау, тарихи атауын қайтарудың да талаптары көрсетілген болатын. Соған орай өткен жылдың өзінде Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясында елдімекендер мен олардың құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту туралы 291 ұсыныс қаралған екен. Оның ішінде 1 ұсыныс ауылдық округтің атауын қайта атауға қатысты болса 4 ұсыныста елді мекен атауын өзгерту жайы айтылған. Нәтижесінде облыс әкімдігінің қаулысы және облыстық мәслихат шешімімен 1шағын аудан, 25 көше…

Read More

Полицейские задержали золотодобытчиков в Жамбылской области, передает Tengrinews.kz со ссылкой на пресс-службу Департамента полиции региона. Как сообщается, в ночь с 7 на 8 сентября сотрудники Управления криминальной полиции задержали две группы мужчин, занимавшихся поиском и самовольным сбором рудных камней, содержащих золото. В одной из групп было трое человек, в другой — четверо. Искатели промышляли в горной местности Жамбылского района, вблизи села Акбулак. Золотодобытчики передвигались на трех автомашинах и имели при себе необходимые инструменты для своего промысла: перфораторы, отбойники и другое. Вместе с оборудованием сотрудники полиции изъяли четыре мешка золоторудных камней. По данному факту начато досудебное расследование по статье 334, части 1 УК…

Read More

В выставочном зале будет представлено 1118 сувениров 23 таразских мастеров. Они будут выставлены на продажу. Вчера под председательством акима области Аскара Мырзахметова состоялось заседание, на котором обсудили ход строительства этно-культурного центра «Шахристан» в областном центре. Несколько объектов, которые будут размещаться в центре, поделены между управлениями и городским акиматом. На сегодняшний день осуществляются строительные работы, сообщает Zakon.kz. Следующая цель заключается в оформлении объектов согласно их применению. Заместитель акима Еркебулан Дауылбаев рассказал о мероприятиях, осуществленных по сегодняшний день. Свои проекты представили директор областного музея Сейитжан Ильяс и руководитель областного управления туризма Карлагыш Аралбекова. Вместе с тем, какие сотрудники будут работать в центре?…

Read More