Автор: admin
Өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан халқына Үндеуінде айтылған міндеттерді жүзеге асыру туралы мәселе қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бүгінгі таңда облыста коронавирустың 106 жағдайы тіркелген, 43-і емделіп шықты. Негізгі міндет – науқастардың санын көбейтіп алмас үшін қатаң бақылауды босаңсытпау. Басқосуда облыстық жедел штабтың төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ең алдымен медицина және полиция қызметкерлері өтуі тиіс «COVID-19» бойынша тесттердің санын арттыруға назар аударды.261 мыңнан астам жамбылдықтар жалпы сомасы 11,5 млрд. болатын 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қол жеткізген. Ал, 77 мың адам 440 миллион теңгеге азық-түлік жиынтығын алды. «Біз біргеміз!» акциясы аясында…
2020 жылы 10 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында былай деген еді: «Тұрғындарға және бизнеске қолдау көрсету мақсатында дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылдадық. Азаматтарымызға көмектесу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде қыруар қаржы бөлінді. Көптеген мемлекеттер халқына осындай қолдау көрсете алған жоқ. Үкімет сол қаражаттың сапалы әрі мақсатқа сай жұмсалуын қадағалауы тиіс. Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді. Қазір көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан, Үкімет және әкімдіктер осы жұмысты ерекше назарда ұстауы қажет. Біз төтенше…
Медициналық мекеменің жалпы аумағы 7 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 5,5 миллиард теңге бөлінді. Аурухана ғимараты тез құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульдік блоктардан тұрғызылды. 200 орынға есептелген аурухана медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталған. ҚазАқпарат
Америкалық New York Post басылымы 25 сәуірде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы хабарлады. Басылым тілшілері гонконгтық БАҚ-қа сілтеме жасайды, ал олар өз кезегінде «сенімді дереккөздерге» сілтеме жасаған. Сонымен қатар, басылым аты аталмаған жапондық басылымға сілтеме жасайды, онда Ким Чен Ын айдың басында жүрегіне жасалған отадан кейін «вегативті жағдайда жатқаны» яғни психикалық ауруға шалдыққан және қозғалыссыз жатқаны туралы дегенді меңзейді. Мақалада «Бейжің жоғары шенді партиялық дереккөздердің» расталмаған хабарламалары да келтірілген, онда КХДР лидеріне жасалған ота сәтсіз болғанын, өйткені ота жасау кезінде хирургтың қолы қатты дірілдегені айтылған. Ким Чен Ынның жағдайы туралы ресми мәлімет жоқ. Соңғы екі апта бойы ол…
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Тараз қаласын дамыту бойынша қала активімен кездесуінде облыс орталығында 2 жаңа мектеп, 3 спорт кешені салынатыны айтылды. Кездесуге мәслихат депутаттары, ұлттық палата, қоғамдық бірлестіктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Корановирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл аясында қауіпсіздік шараларын сақталуына байланысты жиналысқа қатысушылар құрамы барынша сараланған. Дегенмен, облыс орталығының дамуына қатысты маңызды тұлғалар мүмкіндігінше қамтылды. Басқосуда Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев облыс орталығының тұрғындарының барлық қол жетімді байланыс арналары, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы түскен хабарламаларында ескертілген көптеген кемшіліктерге қатысты жауап беруге мәжбүр болды. Қала тұрғындары қалалық қызметтер мен тікелей Тараз әкімдігінің жұмысына байланысты 16 мыңнан астам…
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың Тараз қаласындағы кезекті жұмыс сапары бұған дейін облыс әкімдігінде өткен құрылыс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуге қатысты кеңестің қисынды жалғасы десек те болады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Аталған жиында аймақ басшысы асфальтбетон зауыттарын құруды, битумның қажетті мөлшерін жинап, радиаторлар өндірісін ұлғайтуды тапсырған еді. Нақты жағдайдан хабардар болу үшін Бердібек Сапарбаев барлық құрылыс түрлерімен айналысатын «АрайСтройМаркет-2030» ЖШС-не ат басын бұрды. Кәсіпорынның асфальтбетон зауыты үлкен және аз қуатты екі өндірістен тұрады. Бірінші жағдайда, сағатына 200 тонна, екіншісінде — 80 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Құрылыс материалдары өндірісі қызу жүруде. Кәсіпорын иесі Арман Еділбаев жуырда кірпіш зауытын салуға ниетті екендігін айтып,…
Ағымдағы жылы Қордай ауданындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарына 20,5 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 46 жоба бойынша мердігерлер анықталған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бүгінгі таңда үш мектептің, оның ішінде Қалғұты және Күнбатыс ауылдарында білім нысандарының құрылысы басталып үлгерді десек, бұл нысандар ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, аудан орталығындағы 50 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің, Сарыбұлақ ауылының Мәдениет үйіндегі қазандықтың құрылыстары бастау алды. Ол ғана емес, Қордай және Әлжан Ана ауылдарының жаңа тұрғын алқаптарына инженерлік инфрақұрылым жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 40 шақырым болатын төрт ауыл арасындағы жолдарды орташа жөндеу, Кенен ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту, бес оқу орнының қазандықтарын қатты отыннан табиғи…
Сонымен, сот үкімі шыққаннан кейін Қайрат Қырықбаев Тараз қаласы Жамбыл даңғылы №180 мекенжайда орналасқан ЖД-158/1 УКУИС облыстық түзеу мекемесінің 5-камерасына қамалды. Көршілес 6-камерада бауыры Ерғали отырды. Айта кетейік, осыған дейін «Ағайынды атышулы Қырықбаевтар» деген мақала жарияланған еді. Ағайындылар түрмеде «авторитет» болғандықтан, оның үстіне сотталғандар мен түрме әкімшілігіне сөздері өткендіктен, абақты ішінде еркін жүріп-тұрумен қатар, темір тордың арғы жағында да аяқты кеңінен салып өмір сүрді. Сырттан қалта телефонын, спиртті ішімдіктер, тағы басқа қалаған затын алдыртып, түрмеде емес, дәп бір атасының үйінде жүргендей, кез-келген камераға кіріп-шығып еркін қозғалушы еді. Сол кезде ағайындылармен қатар сол түрмеде Марат Әбдуәлі деген жігіт те қамауда болатын. Қылмыс әлемінде «Маратенок»…
Жамбыл облысы мен Тараз қаласын ағайынды Қырықбаевтарға бола «бандиттердің отаны» атаса керек, сірә. Шынымен де, егер облыстағы ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбірін жеке зерттер болсаңыз, бұл өңірдің бандиттері қанішерлігімен де, қаталдығымен де, ешкімге ұқсамайтынымен де ерекшеленіп тұрады. Олар үшін адам өлтіру түк емес. Бүгін мен Тараздың басқа бандиттерінен бөліп алып, ағайынды Қырықбаевтар туралы баяндамақпын. Олардың отбасында 10 ағайынды бар. Өксікбай мен Шамқыздың әулеті Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы Бесжылдық ауылында тұрды. Он ұлдың алтауы қылмыстық жолға түскен. Оған дәлел – үстілерінен «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ретінде қылмыстық іс қозғалған. Алайда қазір олардың үшеуі ешкімге соқтықпай, тыныш өмір сүріп жатқанға ұқсайды. Ең…
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Меркі ауданына жұмыс сапары барысында жергілікті азаматтардың Біріккен араб әмірліктеріне жуырда ғана 60 тонна қой етін экспорттағаны белгілі болды. Арабтар, тіпті, Меркіде өндірілген қой етіне қызығушылықтары соншалықты, жолаушыларсыз арнайы ұшақ жіберіп, барып-келу шығынын өздері көтеріп отыр екен, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бердібек Сапарбаев алдымен Ақтоған ауылындағы Тілеміс батыр атындағы №4 орта мектепке барды, онда Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбек білім беру саласының жай-күйі туралы баяндады. Ауданда 36 мектеп жұмыс істейді десек, оның 25-і жазда жылы дәретханалармен қамтылмақ, төртеуінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Гранитогорск ауылында жаңа оқу орны салынады. Ауданда жеке меншік балабақшалар ашу…