Автор: admin
Тәртіп сақшылары Италияның Турин қаласында неонацистердің астыртын қоймасын тауып алды, — деп хабарлайды «Хабар 24». Жертөледе сақталған қару-жарақтың ішінде әскери зымыран да бар. Ол бұрын Катардың әскери күшіне тиесілі болған француздың Матра зымыраны болып шықты. Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша күдіктілер зымыранды WhatsApp арқылы сатпақ болған. Сондай-ақ арсенал арасынан 26 мылтық, 20 сүңгі-найза мен түрлі калибрдегі 800 оқдәрі шыққан. Жалпы қару толы қойма Донбасстағы сепаратистердің қатарына қосылған Италия азаматтарын тергеу кезінде анықталды. Нәтижесінде үш адам қамауға алынды. Олардың бірі оңшыл радикалдар атынан елдің Парламентіне өтпек болған кеден қызметкері.
Халықаралық дзюдо федерациясы Будапешттегі Гран-при кезеңі аяқталған соң әлемдік рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтингте Елдос Сметов алтыдан бесінші орынға көтеріліп, ТОП-5 қатарына енді, — деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметі. Дзюдодан Будапештте өткен Гран-при турнирінде 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды. Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездесті. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті. Алдымен «ваззари» ұпайын алған ол кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын «иппон» ұпайымен жеңді. https://youtu.be/NkHWPCMqMRE 66 келіде турнирдің күміс жүлдегері атанған Елдос Жұмаханов бір сатыға жоғарылап, 11-ші орынға табан тіреді. IJF ережесіне сәйкес, бірінші орын иеленген спортшылар 700, екінші орын иеленген спортшылар 490, үшінші орын алған спортшылар 350…
Қазақстандық Әділхан Макин Витебскіде өткен «Славян базары-2019» байқауында бас жүлде жеңіп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Сүйінші, қазақ елі!!! Қазақстан өнерінің абыройы тағы бір мәрте асқақтап, «Славян базары-2019» xалықаралық фестивалінде мемлекетіміздің намысын қорғаған Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Эстрада өнері» факультетінің 4 курс студент ӘДІЛХАН МАКИН — Гран-При-ге ие болды. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, мерейімізді тасытқан өнер жеңісі құтты болсын! Осыдан дәл төрт жыл бұрын «Славян базары-2015″ xалықаралық фестивалінде ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН тұңғыш рет Гран-Приді жеңіп алып, ал 2017 жылы Ернар Садырбай І-ші жүлдеге ие болған еді. Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биік биыл Әділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды», — деді Т. Жүргенов атындағы…
Nur Otan партиясының экс-хатшысы Тамара Дүйсенова жаңа лауазымға ие болды, — деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Тамара Дүйсенова «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» (ЕРДО) президенті болып тағайындалды. 15 шілдеде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Орталықтың бұрынғы басшысы Ербол Оспанов «ЕРДО» АҚ бірінші вице-президенті қызметіне ауысты. «Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға елеулі үлес қосты, бүгінде тиімді еңбек нарығын дамыту, еңбек ресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығы қойған басқа да тапсырмалар үшін қажетті тәжірибесі бар», — деп…
Нұр-Сұлтан қаласының 20 жастағы тұрғыны Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапты. Ресми нұсқа бойынша, ол өз-өзіне қол салған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сандира Серікханова Чанчжоу қаласындағы Jiangsu University of Technology үшінші курста оқыған. «Ол өз күшімен грантқа түсті, қытай тілін жарты жыл ішінде үйренді. Өте сабырлы қыз болды, ақша тауып та үлгеретін. Осы жылдың басында Қазақстаннан келген басқа қызбен танысты. Ол әлдеқайда үлкен және, біздің пайымдауымызша олардың мінезе екі басқа болған. Анам Сандирадан олардың ортақ немен айналысатынын, неге араласып жүргенін бірнеше рет сұрады», — дейді қыздың тәтесі Альнура Ағаева. 26 сәуірде күндізгі уақытта ол өзінің жаңа танысымен және оның Шымкент пен Алматыдан келген екі жолдасымен кафеге барған.…
Жамбыл облысы аумағында астық алқабы әлі жанып жатыр, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі. «14 шілдеде Рысқұлов ауданының Қарақыстақ ауылдық округіндегі «Мақсат» шаруа қожалығында (аудан орталығы құланнан 50 шақырым қашықтықта) жалпы аумағы 65 гектар (арпа – 40 га, құрғақ шөп – 25 га) болатын арпа алқабы мен құрғақ шөп жанып кеткен. Өрт сағат 16.30-да ауыздықталып, 17.17-де сөндірілді», — деді ведомствоның баспасөз қызметінен. Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру қызметі мен апаттық-құтқару жұмыстары» ММ күші (5 қызметкер мен бір техника) мен ерікті өрт сөндіру құрылымдары (45 адам мен 12 техника) жұмылдырылды. Бұдан бұрын, осы ауданда өрт…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке елдегі ауылшаруашылық жерлерге аудит жүргізуді тапсырды. «Ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген түгендеу кезінде 16,5 миллион гектар жердің игерілмегені анықтады. Бұл мәселенің бір бөлігі ғана. Үкіметке барлық ауылшаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді, жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрлауды тапсырамын. Жер — өндірістің басты факторы. Осы мәселеде тиімділік көрмей ауыл дамыта алмаймыз. Біз бұл күрделі жұмыс екенін түсінеміз, мұнда ауыл шаруашылығы министрлігі мен цифрлық даму министрлігінің үйлесімді өзара іс-қимылы қажет. Бұл жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау маңызды. Яғни, келесі жылдың соңына дейін тиісті жағдайға келтірілсін. Барлығын цифрлау. Кім жұмыс істесе жер соның иелігінде болуы керек, — деді Президент. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы…
Жеке кәсіпкер Анар Бексұлтанованың бүгінгі ісі көпке үлгі. Бұл дүниеге екі қолсыз келген ол қыз жасауын тігіп, көпке іскерлігімен, батылдығымен және өжеттілігімен танылып отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Осыдан 4 жыл бұрын Анар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге қайтарымсыз грант ұтып алып, тігін цехын ашқан болатын. Содан бері елден тапсырыс алып қыз жасауын тігуде. Оның айтуынша, қазіргі таңда тапсырыс берушілер өте көп екен. Өткен екі аптада 9-ыз қыз жасауын тігіп беріпті. Өңірімізге іс-сапармен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова келгенде Анар ол кісінің қабылдауында болып, тігін цехын үлкейткісі келетіндігін, мүгедектігіне байланысты екінші деңгейлі банктерден несие…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады. «Қазір біз әскери ведомствоның жүйелі кемшіліктері мен бақылауының әлсіреуі салдарымен күресіп жатырмыз. Сіз Қорғаныс министрлігі жүйесінде салыстырмалы түрде жаңа адамсыз, бірақ істің жағдайы үшін толық жауап бересіз. Мен Жоғарғы басқолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігіндегі істер жағдайына қанағаттанбаймын, сондықтан Сізге қатаң сөгіс жариялаймын», — деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Сондай-ақ, Мемлекет басшысыАрыстағы төтенше жағдайға байланысты кінәлі барлық шенеунікті жазалауды тапсырды. «Оқиғаның салдары өте ауыр. Бұл туралы айтып та керек емес. Қазір біз осы салдарды жоюға бар күш-жігерімізді жұмсадық. Әрине, қаланың басым бөлігі жарамсыз қалды. Қазір тергеу бойынша арнайы комиссия…
Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі ұшыраған жол апатына қатысты қосымша мәліметтер жарияланды, — деп хабарлайды РИА Новости. Жол-көлік оқиғасына жоғары лауазымды тұлғалар күзет қызметкерлерінің жеке құрамы отырған Volkswagen Transporter шағын автобусы және жолай бағытта жүріп келе жатқан екі автокөлік түскен. Бұл туралы Украина Мемлекеттік күзет басқармасының Facebook-тегі хабарламасында айтылады. https://www.facebook.com/udoukyiv/posts/1301487263341751 Олардың мәліметінше, қаза болғандар жоқ, ал оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, жарияланымда жүргізушілердің жетіспеуі және олардың демалыс және жұмыс кестесінің бұзылуы туралы хабарламалар шындыққа сәйкес келмейтіні айтылады. Бұрын Страна.ua басылымы Украина президентінің кортежі ұшыраған апат туралы хабарлаған еді, алайда онда Зеленскийдің өзі болған жоқ, өйткені мемлекет басшысы Киевке ұшақпен кеткен.